1. Хирургия бөліміне ауыр асқазан-ішек қанауымен науқас келіп түсті. Ол бірнеше жылдар бұрын он екі елі ішектің жарасымен, үшінші дәрежелі гипертоникалық қысым аурумен ауырады. Қан қысымы 190/100 мм.с.б. Түскен уақытта айналымдағы қан көлемнің дефициті 30% құрайды.
1. Науқасқа қан құю керек пе?
Жауабы: Қарсы көрсеткішке қарамай өмірлік қажеттілігіне байланысты қан құю қажет.
2. Жеті жыл бұрын асқазан жарасымен ауырған 30 жасар науқастың бас айналып, әлсіздік артқанын байқайды. Таңертең төсектен тұрысымен бірнеше секундта есінен танған. Бір рет кофе тәрізді құсық болып, іші өтіп, дәретінің түсі қара болды. Тері түсі ақшыл, бозарған. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Жедел қосымша тексерістер жүргізесіз бе? 3. Науқасты қайда, қалай жібересіз?
Жауабы: Науқаста асқазан қанауы болуы мүмкін. Дереу жедел жәрдем көмегімен хирургия бөліміне жіберу керек. Қан қысымын өлшеп, қанын алып, эритроцит, гемоглобин, гематокрит мөлшерін анықтап, стационарға телефон арқылы қан анализінің қорытындысын айту жөн.
3. 70 жастағы екі аяғының да тері асты веналарының варикозымен ауыратын науқас әйелдің оң аяғының ішкі жағындағы сирақтың төменгі үштігіндегі, шодырайған көк тамыры кенеттен қанап қоя берді. Жарадан аққан қара-қошқыл қан тез аға бастады.
1. Алғашқы көмек көлемін анықтаңыз?
Жауабы: Оң балтыр тұсындағы қанды тоқтату үшін аяғын жоғары көтеріп, циркулярлық таңу әдісімен бинт салынады. Науқасты хирургия бөліміне жеткізу ұйымдастырылады.
4. Науқас 48., жаста үшінші күні ауруханаға келіп түскен. Шағымы: оң жақ қабырға астында ауру сезімі, құсу, лоқсу, дене қызуы 38°С. Науқас бронх астмасымен ауырады. Науқастың жағдайы орташа, тыныс алуы минутына 30 рет, тілі құрғақ, пульс 110 минутына. Іші қатайған, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, өт қалтасының түбі анықталуда. Сол аймақта Щеткин Бюмберг симптомы және Ортнер, Мэрфи, Мюсси симптомдары байқалуда. Лейкоцитоз—18Х10^/л. 12 сағат жасалған консерватитік ем нәтижесі болмады, науқас жағдайы жақсармады, дене қызуы басылмаған.
Болжамды диагноз қойыңыз?
Науқасқа қандай ауруға байланысты және қандай операция жасалуы керек?
Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Операция – холецистэктомия.
5. Орта оқу орнының медициналық пунктіне оқушы қаралды, ол ішінің оң жақ бөлігінің ауыруына және жүрегінің айнуына шағымданды. Мейірбике сұраған кезде ауырсыну сезімінің 12 сағат бұрын эпигастральді аймақ жақтан басталғанын анықтады, бір рет құсу болған. Қараған кезде: жағдайы орта дәрежелі ауырлықта, тері жабындысы қалыпты түсте, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Пульсі 104 рет мин., АҚҚ 120/80 мм.сп.бб., температурасы 37,8ºC . Іштің оң жақ бөлігі кернеулі және тыныс алу кезінде қалып қоятындығы анықталды. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болып шықты
Болжамды диагноз қойыңыз?
Жауабы: жедел аппендицит
6. 50 жастағы науқас дисфагиямен түсті,рентгенологиялық зерртеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес , тістелген тәрізді ,өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті , перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген.Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды.Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған , асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған .Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс.
Болжама диагноз?
Диагнозды негіздеу мақсатында(жүргізу) қажетті зерттеу әдістері.
Жауабы:Өңеш рагы. Эзофагоскопия биопсиямен.
7. Науқас 70 жаста,20 жылдан бері асқазанның ойық жара ауыруымен зардап шегеді. Бірнеше рет амбулаторлы және стационарда емделіп шыққан. Бір жыл бұрын асқазан-ішектен қан кетудің жеңіл дәрежесіне консевативті ем қабылдаған. Ауруханаға түскен кезде 5 сағ бұрын қою кофе түсті құсық, мелена және қысқа уақытқа есінен айырылу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. АҚ70/40 мм.с.б.б . Пульсі 100 рет мин. Эритроциттері -2,4 мин.Hb-64г/л. ФГДС те асқазанның кіші иінінде каллезді жара қызыл тромбпен, астынан қан ағады. Қосымша аурулары: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.
Диагноз. Емдеу тактикасы.
Жауабы;Қан кетумен асқынған, асқазанның ойық жара ауруы. Жедел операция.
8. Науқас В. 55 жаста. Анамнез: кешкі асты ішкеннен кейін 3-4сағат өткенде сау отырып кенеттен оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, оң жақ жауырынға берілген. Екі рет өт аралас құсық болған.
Қабылдау бөлімінің хирургі науқастың бетінен қиналғандығын және дене қызуының 38, 5°С болғандығын, тахикардия, тіліндегі ақ жабындысын анықтаған. Ішін тексеру барысында оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімін, бұлшық етінің қатайғандығын және Ортнер симптомы мен френикус-симптомы оң болғандығын анықтаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, басқа аймақта ауру сезімі жоқ.
Алдын ала диагноз қойыңыз.
Жауабы: Жедел холецистит.
9. Стационарға 35 жастағы науқас жатқызылды, шағымдары іштің жоғарғы бөлігінде жедел белдемелі ауыру сезімі, көп ретті тоқтаусыз өтпен құсу. Ауру сезімі 6 сағат алдын қабылдаған көп мөлшердегі алкоголь мен майлы тамақтан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі қалыпты,ылғалды. ЖСЖ -94 рет минутына.АҚ-110/80 мм.сын.б.б. Іші ісінбеген, эпигастрий аймағы және сол жақ қабырға астында жедел ауыру сезімі,алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Іштің төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталмайды. Перистальтика әлсіз. Стул болмады, газдары кетпеген. Несеп шығару бұзылмаған. Сіздің диагнозьщыз?
Жауабы: Жедел панкреатит.
10. 65 жастағы науқас тамақтану кезінде балық қылтанағын жұтып қойған, төс артындағы ауыру сезімі, бөгде зат тұрғандай сезім мен гиперсаливация байқалған.2 сағаттан кейін хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген.
Диагнозы? Емдеу тактикасы?
Жауабы:өңештегі бөгде зат. ЭФГДС, балық қылтанағын алу.
11. 5 жасар баланың жол-көлік апатынан соң, бас терісінің жыртылуына, бас айналуға,
лоқсуға, суық тер басуға, тыныс алудың нашарлауына, әлсіздікке шағымданып қабылдау
бөліміне келіп түсті.
Алғашқы көмек?
Сіздің диагнозыңыз?
Іс-әрекетіңіз?
Жауабы: Жол көлік апатынан кейінгі бассүйек-ми жарақаты. Алғашқы медициналық көмек
Егер зардап шегушіні өз күшіңізбен жеткізсеңіз, науқасты шалқасынан, қатты төсенішке жатқызу, мойын омыртқасы мен иығын бекіту керек. Науқасты қолда н/е зембілмен тасымалдау - ең қолайлы әдіс
Достарыңызбен бөлісу: |