«ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дайындық тест тапсырмалары



бет1/2
Дата31.03.2023
өлшемі40,46 Kb.
#77956
  1   2

«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ


1. 39 жастағы ер адам қатты әлсіздікке, бас айналуға, тершеңдікке,
жүрек айнуына шағым айтады. 30 минут бұрын көлемі 200 мл-ге дейін қою, қара түсті құсуды байқады. Қарап тексергенде терісі бозғылт, ылғалды. Жүрек соғу жиілігі минутына 110 соққы, АҚ 90/60 мм.сын.бағ . Тілі құрғақ, сұр жабынмен жабылған. Іші ісінбеген, перистальтика естіледі, пальпацияда эпигастрий аймағында аздап ауырсыну.
Аталған патологиялық жағдайлардың қайсысы осы жағдайда ЕҢ ықтимал?
1) Өңештен қан кету
2) Асқазаннан қан кету+
3) Мальабсорбция синдромы
4) Ішектен қан кету
5) Диспепсия синдромы
4. 56 жастағы ер адам мұрыннан қан кетуге, дене салмағының төмендеуіне, шаршағыштыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. 20 жыл бұрын – ұлтабар ойық жарасының перфорациясына операциядан кейін қан құйылған. Қарап тексергенде – жүдеп арықтаған., бұлшықет атрофиясы, гинекомастия, склераның сарғаюы, телеангиэктазия, тері астына қан құйылулар. Бауыры қатайып тығыздалған, Курлов бойынша 16-13-9 см.
Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы осы науқаста ЕҢ ықтимал?

  1. Бауырдың қабынуы

  2. Гепатоспленомегалия

  3. Бауыр асты сарғаюы

  4. порталдық гипертензия

  5. бауыр жеткіліксіздігі+

5. БЕЛОК-СИНТЕЗДІК қызметтердің бұзылу синдромына жатады


1) гипоальбуминемия+
2) гиперальбуминемия +
3) гипохолестеринемия
4) гипопротромбинемия +
5) амилаза мөлшерінің жоғарылауы
6) трансаминазалардың белсенділігінің жоғарылауы
7) қышқыл фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
8) сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

6. АСҚАЗАННАН ҚАН КЕТУ СИНДРОМЫ БЕЛГІЛЕРІ



  1. мелена (қара нәжіа)+

  2. қой құмалағы тәрізді нәжіс

  3. нәжісте алқызыл қан болуы (геморрой)

  4. алқызыл қанмен құсу

  5. қорытылмаған тағаммен құсу

  6. кофе қойыртпағы түрінде құсу+

7. Бауыр жеткіліксіздігі синдромы белгілері



  1. акроцианоз

  2. ауыр ентігу, ортопноэ

  3. көңіл-күйдің тұрақсыздығы, галлюцинация

  4. оң жақ қабырғаасты аймағындағы пароксизмальды ауырсыну

  5. терідегі қан кетулер, мұрыннан қан кетулер+

  6. себепсіз әлсіздік, шаршау+

8. Төмендегілердің қайсысы жағымсыз иісті кекірудің пайда болуының ЕҢ ықтимал себебі?



  1. Гастроэзофагеальды рефлюкс

  2. Асқазан сөлінің гиперсекрециясы

  3. Асқазанның гипертониясы және гиперкинезиясы

  4. Асқазанның секреторлық жеткіліксіздігі +

  5. Он екі елі ішектен асқазанға өттің шығуы

9. Латын тілінде құсудың ЕҢ дұрыс атауы қандай?


1) Eructatio
2) Nausea
3) Pyrosis
4) Dysphagia
5) Vomitus +

12. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы асқазанның ойық жара синдромына ЕҢ тән?



  1. ерте басталатын ауырсыну

  2. Іштің кебуі

  3. толассыз құсу

  4. Түнгі уақыттағы, «ашқарынға» пайда болатын ауырсыну+

  5. Ішектен жел шыққан соң ауырсынудың азаюы

13. Кер симптомы дегеніміз?

  1. Өт қабын пальпациялағанда дем алғандағы ауырсынудың күшеюі+

  2. Эпигастрий аймағын басқанда ауырсыну

  3. Дем алу биіктігінде қабырға доғасының бойымен қағу кезінде ауырсыну

  4. Ішті пальпациялағанда сол жақта және кіндік үстінде жергілікті ауырсыну

  5. Оң жақтағы m. sternoclaidomastoideus аяқшалары арасын басқандағы ауырсыну

14. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы ішек патологиясына ЕҢ тән?



  1. Түнгі «аштық» ауырсынулар, тамақтану арқылы тоқтайды

  2. Эпигастрий аймағындағы ерте ауырсыну

  3. Оң жақ гипохондриядағы пароксизмальды ауырсыну

  4. Тамақтанумен байланысты «кеш» ауырсыну +

  5. Дефекациядан кейін ауырсыну басылды

15. Төмендегі белгілердің қайсысы асқазан диспепсиясына ЕҢ тән?



  1. Метеоризм

  2. Дисфагия

  3. Іштің гүрілдеуі

  4. диарея

  5. Құсу+

16. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы ішек диспепсиясына ЕҢ тән?

  1. Мелена, қатты әлсіздік

  2. Жүрек айну, кейде құсу

  3. Белдеудегі ауырсыну, цитофобия

  4. Іштің гүрілдеуі, метеоризм, үлкен дәрет бұзылуы+

  5. Оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауырлық, шаршағыштық

17. Ұйқы безін зерттеуде қандай зерттеу әдістері ЕҢ ақпаратты болып табылады?



  1. Толық қан анализі, амилаза, қандағы глюкоза

  2. Ұйқы безінің КТ сканері+

  3. Ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі

  4. Копрологиялық эластаза

  5. Копрограмма

18. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігі синдромына ЕҢ тән?



  1. Іштің ұлғаюы, медуза басы симптомы

  2. Полифекалия, стеаторея+

  3. «Ашқарынға» түнгі іштің ауырсынуы, мелена

  4. Оң жақ қабырғаасты аймағындағы пароксизмальды ауырсыну

  5. Кекіру, эпигастрийдегі ауырсыну

19. 45 жастағы әйел майлы тамақты жегеннен кейін оң жақ қабырға астындағы сыздап ауру сезіміне, жүрек айну, аузындағы ащы сезімге шағымданады. 5 жыл ауырады. Объективті: дене салмағы жоғарылаған, терісі және шырышты қабаттары қалыпты түсті, тілі қалың жабынмен жабылған, пальпация кезінде қабырға доғасы мен оң жақ тік бұлшықеттің сыртқы жиегі қиылысқан жерде ауырсыну. Курлов бойынша бауыр өлшемі 10х9х8 см.


Аталған патологиялық жағдайлардың қайсысы осы жағдайда ЕҢ ықтимал?

  1. Бауырдың қабынуы

  2. асқазан диспепсиясы

  3. Бауыр асты сарғаюы

  4. бауыр жеткіліксіздігі

  5. Өт қабының қабынуы+

20. 59 жастағы әйелде диспепсиялық симптомдармен және оң жақ қабырға астындағы периодты пароксизмальды ауырсынумен қышыну пайда болды. Анамнезінде өт тас ауруы 8-9 жыл. Қарап тексергенде тері жамылғылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тілі қапталған, іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағында аздаған ауыру сезімі, Курлов бойынша бауыр өлшемі 11-10-8 см.


Төменде көрсетілген патологиялық жағдайлардың қайсысы осы әйелде ЕҢ ықтимал?

  1. Бауыр жеткіліксіздігі

  2. Бауыр асты сарғаюы +(өтке байл)

  3. Бауыр үсті сарғаюы

  4. Бауырлық сарғаю

  5. Жалған сарғаю

21. 59 жастағы әйелде диспепсиялық симптомдармен және оң жақ қабырға астындағы периодты пароксизмальды ауырсынумен қышыну пайда болды. Анамнезінде өт тас ауруы 8-9 жыл. Қарап тексергенде тері жамылғылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тілі қапталған, іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағында аздаған ауыру сезімі, Курлов бойынша бауыр өлшемі 11-10-8 см. Зертханалық зерттеулерде бұл науқаста қандай синдромның белгілері ЕҢ ықтимал?


1) Ақуыз-синтездік жеткіліксіздік
2) Мезенхиманың қабынуы
3) коагулопатия
4) Холестаз +
5) Цитолиз

22. Төмендегілердің қайсысы нәжісте алқызыл қанның пайда болуының ЕҢ ықтимал себебі болып табылады?


1) асқазан жарасы
2) Сыртқы геморрой+
3) Асқазанның ойық жаралы полипі
4) Өңештің варикозды кеңеюі
5) Он екі елі ішектің ойық жарасы

23. Бауыр асты сарғаюы қандай жағдайларға байланысты дамиды


1) жалпы өт жолының таспен бітелуі+
2) ұйқы безінің бас бөлігі қатерлі ісігі+
3) өт қабының қабынуы Yeah
4) өт қабының дискинезия
5) бауырдың қабынуы
6) бауыр циррозы

24. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы цитолиз синдромын ЕҢ ықтимал сипаттайды?


1) диспротеинемия
2) Гипербилирубинемия
3) Амилаза мөлшерінің жоғарылауы
4) АСТ, АЛТ, ЛДГ белсенділігінің жоғарылауы +
5) Сілтілік фосфатазаның белсенділігін артуы
27. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы асқазанда қышқыл түзілуін зерттеу үшін ЕҢ ақпаратты болып табылады?

  1. Тәуліктік асқазанішілік рН – метрия +

  2. Копрологиялық зерттеу

  3. Асқазанның шырышты қабатының биопсиясы

  4. Уреаза сынағы

  5. ФГДС

28. Жас жігіт, 24 жаста, студент, аш қарынға және түнгі уақыттағы эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне (тамақтанғаннан кейін ауыру сезімі азаяды), қыжылдау сезіміне шағым айтады. Ауруы 2 жыл бойы көктемде және күзде жиі мазалайды. Соңғы уақытта ауырсыну күшейді, тамақ ішсе де тоқтамайды. Қарап тексергенде – жүдеп арықтаған, тілі ылғалды, таза, іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауру сезімді, Курлов бойынша бауыр мөлшері 9-8-7 см.


Төменде көрсетілген патологиялық жағдайлардың қайсысы осы науқаста ЕҢ ықтимал?

  1. Асқазанның шырышты қабығының қабыну зақымдану синдромы

  2. Асқазан шырышты қабығының ойық жаралы зақымдану синдромы / 12 елі ішектің ойық жарасы+

  3. асқазаннан қан кету синдромы

  4. Ұйқы безінің қабыну зақымдану синдромы

  5. Экзокринді ұйқы безінің жеткіліксіздігі синдромы

29. Төмендегі атаулардың қайсысы асқазан ауруының симптомына сәйкес келеді?


1) Одинофагия
2) дисфагия
3) Глоссалгия
4) Гастралгия+
5) анорексия

30. Төмендегілердің қайсысы шірік иісті кекірудің ЕҢ ықтимал себебі болып табылады?


1) Асқазан бұлшықеттерінің гипотониясы
2) Асқазан сөлінің гиперсекрециясы
3) Асқазанның гипертониясы және гиперкинезиясы
4) Асқазанның секреторлық жеткіліксіздігі+
5) Он екі елі ішектің рефлюксі

31. ӨҢЕШТІК ҚҰСУ СИПАТТАЛДЫ



  1. таңертең аш қарынға шырыштың көп бөлінуімен пайда болады

  2. төс артында тағам тұрып қалу сезімінен кейін пайда болады+

  3. құсық қорытылмаған тағамнан тұрады+

  4. алдын ала жүрек айнусыз пайда болады

  5. құсық құрамында тұз қышқылы бар

  6. кофе ұнтағын құсу

33. Асқазанның ауырсынуы НЕҒҰРЛЫМ іштің қай аймағында локализацияланған болуы мүмкін?


1) Кіндік айналасында
2) Сол жақ қабырғаасты аймағында
3) Оң жақ қабырғаасты аймағында
4) Эпигастрий аймағында+
5) Сол жақ мықын аймағында

34. Асқазаннан қан кету синдромының белгілері болуы мүмкін



  1. Мелена+

  2. Креаторея

  3. Тенезма

  4. Оң Грегерсен реакциясы

  5. Мендельдің оң белгісі

35. Қандай белгілер асқазанның секреторлық қызметінің жоғарылауын көрсетеді?


1) жүрек айнуы
2) ауалы кекіру
3) асқазан денесіндегі рН 0,9 +
4) асқазан сөлінде сүт қышқылының болуы
5) одинофагия

37. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы он екі елі ішектің ойық жарасына ЕҢ тән?


1) ситофобия
2) Ерте басталатын ауырсыну
3) Жұтыну кезінде ауырсыну
4) Түнгі «аштық» ауырсынулар +
5) Дефекациядан кейінгі ауырсынудың азаюы

38. ІШТІ ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕТКЕЙ ПАЛПАЦИЯ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАДЫ.


1) іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің жиырылып қатаю дәрежесі +
2) грыжа шығыңқылары мен бұлшықеттердің дивергенциясы +
3) жоғары көтерілетін тоқ ішек
4) операциядан кейінгі тыртықтар
5) асқазанның үлкен иілімі
6) сигма тәрізді ішек
7) ауыру сезімі бар-жоғы +
8) соқыр ішек

40. Ішек диспепсиялық синдромының ЕҢ тән белгілері қандай?



  1. Диарея+

  2. Эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

  3. Жүрек айнуы, ауызда қышқыл дәм сезілу

  4. Іштің желденуі, гүрілдеуі

  5. Тәбеттің бұзылуы

41. Асқазанның кардиальды бөлігіндегі ойық жараның локализациясына НЕҒҰРЛЫМ қандай белгілер тән?


1) «Ерте» басталатын ауырсынулар +
2) дисфагия
3) Цитофобия
4) Одинофагия
5) анорексия

45. 47 жастағы ер адам, заңгер, шағымдары: оң жақ қабырға астындағы ауырлық, әлсіздік, шаршағыштық. Анамнезінде – операциялар, жиі тіс емдеу. Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары қалыпты, тілі ылғалды, іші оң жақ қабырға асты аймағында ауру сезімді, Курлов бойынша бауыр 12х11х9 см, көкбауыр 7х4 см. Қан анализінде: АЛТ, АСТ белсенділігінің жоғарылауы, тимол сынамасы, гиперглобулинемия, қан сарысуында HBsAg болуы.


Осы науқаста қандай синдром ЕҢ ықтимал?
1) Бауырдың қабынуы +
2) гепатоспленомегалия
3) Портальды гипертензия
4) Бауыр жеткіліксіздігі
5) Өт қабының қабынуы

46. ​​59 жастағы ер адам, іштің кебуіне, ұлғаюына, іштегі жайсыздыққа және зәр шығарудың азаюына, әлсіздікке, салмақ жоғалтуға, үлкен дәреттің тұрақсыздығына шағымданады. Азып, жүдеген, бұлшықет атрофиясы, терінің сарғаюы, петехиальды бөртпе және көгеру, мойын мен иық аймағында – телеангиэктазия, пальмарлы эритема. Іші көлемі ұлғайған, кіндік шығыңқы, құрсақ қуысының алдыңғы және бүйір қабырғаларында кеңейген көктамырлар торы орналасқан. Бауыр шеті тығыз, үшкір, өлшемдері Курлов бойынша 15-11-9 см, көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады.


Төменде аталғандардың қайсысы осы науқас үшін ЕҢ ықтимал синдром?

  1. Бауырдың қабынуы

  2. Портальды гипертензия, асцит+

  3. бауыр жеткіліксіздігі

  4. Экзокринді ұйқы безінің жеткіліксіздігі

  5. Өт қабының қабынуы, өтте тастардың болуы

47. ХОЛЕСТАЗ СИНДРОМЫНА ТӘН БЕЛГІЛЕР



    1. гипотромбинемия

    2. гипоальбуминемия

    3. гипохолестеринемия

    4. гипербилирубинемия +

    5. гиперхолестеринемия

    6. ALT, AST белсенділігінің жоғарылауы+

    7. тікелей емес фракцияға байланысты гипербилирубинемия

    8. сілтілі фосфатаза, өт қышқылдары деңгейінің жоғарылауы+

48. Төмендегі заттардың қайсысының қорытылуының бұзылуы «стеаторея» түсінігіне сәйкес келеді?



  1. амин қышқылдары

  2. крахмал

  3. көмірсулар

  4. Май+

  5. Нәруыз

49. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы бауыр патологиясында мезенхималық қабыну синдромына НЕҒҰРЛЫМ тән?



  1. Сілтілік фосфатазаның, өт қышқылдарының, билирубиннің жоғарылауы

  2. Гамма-глобулиндер деңгейінің жоғарылауы, тимол сынамасы, ЭТЖ

  3. Ақуыз, альбумин, фибриноген деңгейінің төмендеуі

  4. Тура емес фракцияға байланысты гипербилирубинемия+

  5. ALT, AST белсенділігінің жоғарылауы



50. ӨҢЕШ АУРУЛАРЫНДАҒЫ АУЫРУ СЕЗІМІ ТАРАЙТЫН АЙМАҚТАР

  1. иық +

  2. мойын+

  3. кеуденің сол және оң жақтары

  4. сол қол, қол басы

  5. жауырынаралық кеңістік+

  6. іш

  7. бел аймағы

  8. бастың желке аймағы

52. ӨҢІШТЕН ҚАН КЕТУ СЕБЕПТЕРІ



  1. өңештің жарасы+

  2. асқазан кардиясының ойық жарасы

  3. өңештің қатерлі ісігі

  4. өңештің варикозды веналары жарылған+

  5. эзофагит

  6. өңештің тарылуы

  7. өңеш шырышты қабатының сызықты жыртылуы (Мэлори-Вейс синдромы)+

54. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқаста жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы, мелена, бозару, жіп тәрізді пульс – 55 минутына, АҚ 70/50. Бұл белгілер асқазан жарасының келесі асқынуына байланысты

  1. пенетрация

  2. перфорация

  3. қан кету+

  4. пилорикалық стеноз

  5. қатерлі ісік

55. ӨТ ҚАБЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖАТАДЫ

  1. Кер симптомы+

  2. Мендель

  3. шоффар аймағындағы ауырсыну+

  4. Мюсси (оң жақты френикус симптомы)+

  5. Щеткин-Блюмберг

  6. Ортнер

56. ФУНКЦИЯЛЫҚ ІШ ҚАТУ СЕБЕПТЕРІ

  1. алиментарлы

  2. нейрогендік+

  3. уытты

  4. вирустық

  5. жұқпалы

  6. гиподинамикалық+

  7. спастикалық+

  8. аутоиммунды

57. ДИАРЕЯНЫҢ ДАМУ МЕХАНИЗМІ:



  1. ішекте ас қорыту және сіңіру процестерінің бұзылуы (малабсорбция синдромы)+

  2. ішек ішінде қорытылған тағамдар жылжуы баяулап кету

  3. ұйқы безінің экзокринді функциясының төмендеуі +

  4. нәжістің өтуіне механикалық кедергі

  5. ішек ішінде қорытылған тағамдар жылжуы жылдамдап кету +

  6. ішектің шырышты қабығының қабынуы (энтерит)

  7. ішек қабырғасының бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі

58. ІШЕКТІҢ ЖОҒАРҒЫ БӨЛІКТЕРІНЕН ҚАН КЕТУ БЕЛГІЛЕРІ



  1. мелена +

  2. қалыпты түсті және консистенциялы нәжіс

  3. майлы жылтырлығы бар, жақпа тәрізді нәжіс

  4. әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы+

  5. қыжылдаумен бірге жүретін эпигастрийдегі ауырсыну

  6. қан қысымының төмендеуі, тахикардия, жіп тәрізді пульс, бозару +

  7. оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну ұстамасы

  8. нәжістің «қой құмалағы» тәрізді болуы

59. МАЛАБСОРБЦИЯ СИНДРОМЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ



  1. диарея, полифекалия*

  2. оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну

  3. кахексияға дейін салмақ жоғалту*

  4. артық салмақ

  5. гипопротеинемиялық ісіну *

  6. ағзадағы витаминдердің, микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері *

  7. іш қату және іштің ауыруы

  8. нәжістің «қой құмалағы» тәрізді болуы

60. МАЛАБСОРБЦИЯ СИНДРОМЫНЫҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:



  1. гиперпротеинемия

  2. анемия +

  3. қандағы холестерин, кальций, магний, темір деңгейінің төмендеуі+

  4. гипопротеинемия+

копрограммада – стеаторея, креаторея+

  1. копрограммада – амилорея

  2. гипергликемия

  3. гиперхолестеринемия

61. Өт тас ауруының ҚАУІП-ФАКТОРЛАРЫ

  1. 40 жастан асқан әйелдер+

  2. жасы 15 және одан жоғары

  3. тұқым қуалаушылық

  4. жиі жүктілік+

  5. салмақ жоғалту

  6. дене салмағының индексі 25 кг/ш.м жоғары+

  7. гипертриглицеридемия

62. ПОРТАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ СИНДРОМЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПРОГРЕССИЯСЫ



  1. Асцит +

  2. беттің, қабақтың ісінуі

  3. өңеш пен асқазанның, тік ішектің варикозды веналарынан қан кету+

  4. диурездің төмендеуі

  5. аяқтың ісінуі

  6. диурез қалыпты

63. ПОРТАЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ СИНДРОМЫ бар науқастарды жалпы қарап тексергенде және ішін қарап тексергенде анықталады.



  1. Жүдеп арықтаған

  2. қалыпты тамақтану

  3. атрофиялық бұлшықеттер +

  4. іш пен жамбас аймағындағы стриялар

  5. іштің кіндік және бүйір бөліктерінде құрсақ қабырғасының веналарының кеңеюі +

  6. асцит +

  7. гинекомастия

  8. іші ұлғаймаған

64. ПЕРКУСИЯ ӘДІСІ БОЙЫНША АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ



  1. бауыр шекаралары +

  2. асциттердің болуы

  3. плевриттің болуы

  4. перистальтикалық шулар

  5. көкбауырдың ұзындығы мен диаметрі+

  6. өт қабында тастардың болуы



65. 32 жастағы ер адам, тері жамылғысының кенет сарғаюына, нәжістің түссіз болуына шағымдарымен жанұялық дәрігерге қаралды. Қан анализін зерттеу кезінде тура фракцияға байланысты жалпы билирубиннің жоғары деңгейі анықталды. Осы науқаста сарғаюдың қай түрі дамыған?
1) гемолитикалық
2) механикалық+
3) паренхималық
4) уытты
5) трансфузиядан кейінгі


66. 56 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, 5-6 ай бойы мазалайтын ұйқының бұзылуына шағымдарымен тексергенде портальдық гипертензияның барлық белгілері анықталды.
Науқаста дамыған ЕҢ ықтимал ауру қандай?
1) асқазан жарасы
2) холецистит
3) панкреатит
4) бауыр циррозы+
5) гепатит


67. 32 жастағы әйел, майлы тамақты жегеннен кейін жүрегі айнып, оң жақ қабырға асты ауыратынына шағымданып учаскелік дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде холедохо-ұйқы безі аймағында ауырсыну, сонымен қатар Ортнер және френикустың оң белгілері бар.
Осы белгілермен көрсетілген ЕҢ ықтимал ауру қандай?
1) холецистит+
2) бауыр циррозы
3) асқазанның ойық жарасы
4) панкреатит
5) гастрит.


68. Өңештің веналары варикозды кеңеюінен және геморроидальды веналардан қан кету сияқты симптомдар болуы мүмкін.
1) бауыр циррозы+
2) гепатит
3) холецистит
4) асқазанның ойық жарасы
5) гастрит.


69. Қалалық клиникалық стационардың қабылдау бөліміне 48 жастағы әйел, эпигастрий аймағындағы өте қатты ауыру сезіміне шағым айтып түсті. Ауыру сезімі қабырға асты аймағымен айналдыра ауыртады, қайталаа құса береді. Анамнезінен 3 күннен бері өзін ауыру деп есептейді, майлы торт қабылдаумен байланыстырады. Бұл жағдайда ең ықтимал ауру қандай?


1) холецистит
2) асқазан жарасы
3) гастрит
4) панкреатит +
5) гепатит.


70. Органикалық дисфагияға келесі симптом ең тән
1) қатты тағамды өткізудің қиындауы+
2) сұйық тағамның өтуі кейде қиындайды
3) кенеттен дамиды
4) кенеттен аяқталады
5) эмоциялық жағдайға байланысты.


71. Порталды гипертензия синдромының асқынуларының бірі болып табылады
1) бауыр коликасы
2) өт жолдарының дискинезиясы
3) тамыр жұлдызшалары
4) иық белдеуінің бұлшықеттерінің атрофиясы
5) өңештен қан кету+


73. Пальпация кезінде бауырдың төменгі шеті қай кезде ауырады?
1) холецистит
2) бауыр ісігі
3) гепатит+
4) өт жолдарының дискинезиясы
5) бауыр циррозы


74. 42 жастағы әйел отбасылық дәрігерге тамақ ішкеннен кейін бірден асқазанның тез толу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен бұл шағымдар 5-6 айдан бері мазалайды, соңғы кезде жүрек айну, іштің кебуі қосылды. Қарап тексергенде салмағы біршама төмендеген, терісі қалыпты түсті. Эпигастрий аймағын пальпациялағанда орташа ауырсынады. Науқаста қандай патологиялық өзгеріс болуы мүмкін?
1) он екі елі ішектің ойық жарасы
2) өт қабының гипокинезиясы
3) өт қабының гиперкинезиясы
4) асқазанның секреторлық белсенділігінің төмендеуі+
5) асқазанның секреторлық белсенділігінің жоғарылауы.


75. 33 жастағы ер адамда перфорациямен асқынған ойық жара бар.
Бұл патологиялық жағдайға қандай ауырсынулар ең тән?
1) белдеудегі ауырсыну
2) «қанжар» соққысындай ауыру+
3) батып ауырту
4) сыздар ауырту
5) тұрақты ауырсыну.


76. Ұзақ уақыт бойы асқазанның ойық жарасымен ауыратын 57 жастағы ер адамда дәрігер оның қатерлі ісігіне күдіктенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет