1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Ақпаратты тораптық қорғау программалық құралдары



бет37/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

3. Ақпаратты тораптық қорғау программалық құралдары.
Әлемде 70 мыңнан астам жаңалықтар тобы бар. Әрбір топтың өз аты бар. Жаңалықтар серверіне тіркеу жазбасын құрған соң, жазылғың келетін жаңалықтар тобын таңдау керек. Ол үшін: Интернетке қосылып, OutlookExprees-ті жүктеңіз. Бумалар менюінің ең соңғы қатарын тышқанмен шертіңіз. ОЕ сізден жаңалық тобының тізімін алуға рұқсат сұрайды. Бұл амал 10-15 минут уақыт алады. Әрі қалай бұл тізімге ОЕ пернесін панеліндегі “Жаңалықтар тобы” пернесі арқылы шыға аласыз. Енді тізімен өзімізді қызықтыратын топтарды таңдаймыз, одан соң оларға жазылу қажет. Ол үшін тышқанның сол жақ кнопкасын таңдаған топтың әр бірінің атында екі рет шертіңіз. Оның жанында жазылғандығыныз туралы белгі пайда болады. Енді көшірме қосымша бетіне келеміз. Онда таңдаған топтардың толық тізімін табамыз.
Таңдаған жаңалық тобының кез-келгенінің тақырыбын шертсек, ОЕ осы топтағы хаттар тақырыбының тізімін жүктейді. Хаттардың бірін оқығыныз келсе, оның тақырыбын шертсек, ОЕ серверден хабардың текстін жүктейді. Оқыған хабарлардың жойылуын болдырмас үшін Сервис/Параметры/Қосымша мәзірінің көмегімен “Не сохранять прочитанные сообщения” пунктінен белгіні алып тастаймыз.
Мысалы, Talk.ru (http:\\www.talk.ru), NewsGat (http:\\www.NewsGat.ru), конференциялар сервері.
15. Қорытынды. Ақпаратты-есептеу жабдықтарын басқару жүйелердің даму болашағы.
1 Ақпаратты-есептеу жабдықтарын басқару жүйелердің даму болашағы.
Ақпаратты-есептеу жабдықтарын басқару жүйелердің даму болашағы ең алдымен қолданушы интерфейсін ұйымдастыруға, оның принциптерін ұйымдастыруға байланысты.
Бәрімізге белгілі, қолданушы интерфейстің негізгі көрсеткіштерінің бірі оның қолданудағы ыңғайлылығы болып табылады. Шыныменде ыңғайлы БҚ – ны тұрғызу үшін қоолданушылардың психологияларын тіркеу қажет. Қолданудың ыңғайлылығы түсінігіне қолданушы интерфейсінің түсініктілігі, БҚ – мен жұмыс істеуді үйренудің ыңғайлылығы. Оның көмегімен анықталатын есепті шешудің күрделілігі. БҚ мен қолданушы жұмысының өнімділігі, ыңғайсыздықтардың пайда болуы туралы шағымдардың жиілілігі сияқты БҚ – ның сипаттамалары кіреді.
Соңғы уақыттарда қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыздандыру жобасында қолданушы интерфейстің сыртқы түрін және негізгі элементтерін стандартизациялауға үлкен мән беріледі. Мұндай стандартизациялау жұмыс ыңғайлылығын айтарлықтай жоғарлатады, қолданушыларға таныс емес бағдарламаға үйрену оңай болады. Бірақ, тек интерфейстің элементтерін стандарттауды қолдану көмегімен, қолдану ыңғайлылығын жоғарлату көбінесе мүмкін емес болады.
Ыңғайлы БҚ – ны тұрғызудың негізгі ережелері келесідей: 

  • Қол жеткізу ережесі. Жүйе бұрын бағдарламаны көрмеген бірақ, пәндік облыста жақсы жұмыс істей алатын қолданушыға инструкторлардың көмегінсіз оны қолдануды бастауға болатындай түсінікті болу қажет.

  • Эффективтілік ережесі. Жүйе онымен ұзақ жұмыс жасайтын тәжірибиелі қолданушылардың эффективті жұмысына кедергі келтірмеуі керек. Бұл ережені бұзудың қарапайым мысалына жүйенің тек жаңа қолданушыларға арналғандығы болып табылады. 

  • Үзіліссіз алға жылжу ережесі. Жүйе қолданушы білімінің, тәжірибесінің және әдеттерінің үздіксіз өсуіне және өзгеруіне бейімделуі қажет. Нашар нәтижелер тек базалық мүмкіндіктерді алып келеді немесе жаңа қолданушыны эксперттер сенімді қолданатын күрделі мүмкіндіктермен оңаша қалдырады. Мүмкіндіктер тобының бірінен келесісіне өту кезіндегі үздіксіздікті бұзу ыңғайсыздықтарды тудырады, өйткені қолданушы қосылған мүмкіндіктерді жаңа контекстте талқылайды.

  • Сүйемелдеу ережесі. Жүйе қолданушының есепті қарапайым және жылдам шешуіне бейілделуі қажет. Бұл бәрінен бұрын жүйенің қолданушы есептерін шынымен шешу керек екендігін білдіреді. Екіншіден, ол бұрын пайда болған әдістерге қарағанда есепті жақсырақ, қарапайым және жылдам шешу керек.

  • Контексттерді бақылау ережесі. Жүйе онымен жұмыс істеуге тура келетін ортамен сәйкес келуі керек. Бұл ереже жүйеден «жалпы» жұмысқа қабілетті болуды емес, тек қолданылатын ортада жұмысқа қабілетті болуды талап етеді. Контекстке кіріс және шығыс мәліметтердің көлемі мен спецификациясы, типі мен ұйымдастыру мақсаты кіреді.

Келтірілген ережелер жасалынатын интерфейске жалпы талаптарды анықтайды. Бұл талаптарды қалай орындау керектігін жалпы жағдайда келесі принциптерде орындауға болады:

  • Құрылымдау принципі. Қолданушы интерфейсі мақсатқа орай структуралануы қажет. Оның туысқандық бөліктері байланысты болу қажет ал, тәуелсіз бөліктері бөлек болуы қажет, ұқсас элементтері ұқсас болып көрінуі қажет, ал ұқсас еместері ерекшеленуі қажет.

  • Қарапайымдылық принципі. Кеңірек таралған операциялар максимальді қарапайым орындалуы қажет. Сонымен қатар күрделі процедураларға анық сілтемелер болуы қажет.

  • Көріну принципі. Белгілі бір есепті орындау үшін қажетті барлық функциялар мен мәліметтер, қолданушы оларды орындағысы келген кезде көрініп тұру қажет.

  • Кері байланыс принципі. Қолданушы жүйенің әректтері туралы және оның ішіндегі маңызды оқиғалар туралы хабарламалар алып отыруы қажет. Хабарламалар қысқа әрі нұсқа және қолданушыға түсінікті тілде жазылуы қажет.

  • Толеранттылық принципі. Интерфейс иілгіш және қолданушы қателеріне төзімді болуы қажет. Қате шығындары болдырмау мүмкіндігі есебінен төмендетілуі қажет және ойлы интерпретация кез – келген ойлы әрекеттер мен мәліметтерді қайталай алуы қажет. Мүмкіндігінше модальдық әрекеттесулер қашық болу қажет.

  • Қайта қолдану принципі. Интерфейс қасиеттеріне сейкес сыртқы және ішкі компонеттерді көп қолдануға тырысу керек.

БҚ – ға ыңғайлы қолданушы интерфейс құрастыру үшін ең көп қолданылатын технологиялық әдіс, (L.Constantine, L. Lockwood) Л. Константайн және Л.Локвуд (usage-centered design) қолдануға сүйене отырып ұйымдастырған.
Бұл әдістің ең маңызды мәселесі БҚ –ны қолдануды анализдеу және сипаттауға арналған арнайы модельдерді қолдану болып табылады. Мұндай модельдердің басты мақсаты – берілген БҚ көмегімен қолданушы қандай есептерді шеше алатынын түсіндіру және осы есептерді шешуге арналған мәліметтер қалай ұйымдастырылғандығын түсіндіру болып табылады.
Қолданушы интерфейсін жобалауға арналған модельдер тізімі төмендегідей:

  • Ролдер моделі. Бұл модель жүйенің қолданушылар рольдерінің тізімдерін береді, олардың әрқайсысы абстрактіліг есептер топтарын және қолданушылар тобының кейбір мұқтаждықтарын береді. Рольдік модель олардың арасындағы байланысты анықтау бойынша, қосу бойынша, ұқсастығы бойынша анықтайды және жобалауды мақсат қылған бір – екі үш орталық рольдер жиынын анықтайды. Бұдан басқа әр роль оның жүйені қолдану контекстіні қатысты әр түрлі сипаттамаларын көрсететін профильдермен қамтамасыздандырылады. Профильдер келесідей болады:

    • Міндеттемелер – берілген рольде қолданушы қанағаттандыратын білімді (пәндік облыс туралы, жүйенің өзі туралы және т.б) талап ету.

    • Игеру алу – жүйемен жұмыстары шеберлік дәрежесі.

    • Өзара әрекеттесу – жүйемен әрекеттесудің типтік нұсқаулары, соның ішінде олардың жиілігі, регулярлығы, үзіліссіздігі, концентрациясы, күрделігігі, алдын ала болжау, әректтесуді басқару.

    • Ақпарат – ақпарат көздері, көлемі, тасымалдау бағаты және жүйемен әрекеттесу кезіндегі ақпарттың күрделілігі.

    • Ыңғайлылық критерилері – берілген роль үшін жұмыс ыңғайлылығының спецификалық критерилері (реакция жылдамдығы, көрсету дәлдігі, навигация ыңғайлылығы және басқалар)

    • Функциялар – спецификалық функциялар мүмкіндіктері және жүйе қасиеттері, берілген рол үшін қажеттіліктер немесе пайдалылар.

    • Басқалар – қателіктерден болатын мүмкін шығындар және басқалар.

      • Есептер моделі. Қолданушы интерфейсін жобалау үшін қолдануға болатын есептер моделі қолдану сценарийлері немесе нұсқалар негізінде тұрғызылады. Мұндай сценарийлерді екі жиын түрінде сипатталу ыңғайлы – қолданушы талпынысы және осы талпынысқа жауап ретінде жүйенің міндеттемелері. Мысалы, қолданушының банкоматпен жұмысының сценариі кәдімгі жазба түрінде және тапсырмаларды ерекшелеуге бағытталған түрде көрінеді.

Кесте 15.1

Әрекет

Реакция

Тапсырмалар

Міндеттемелер

Картаны орналастыру


Жүйеде тіркелу



Берілгендерді санау




PIN сұрау



PIN енгізу





PIN тексеру


Жеке – тұлғалықты тексеру


Мәзірді енгізу


Таңдау қосымшасы

Ақшаны алу операциясының пернесін басу


Операцияны таңдау



Соммасын сұрау



Соммасын енгізу





Соммасын енгізу




Мақұлдауға сұраныс жасау



Мақұлдау пернесін басу





Картаны қайтару




Ақшаны тапсыру


Ақша тапсырылуда


Чек басып шығару




Чек беру


Чек тапсырылуда


  •  Мазмұн моделі. Қолданушы интерфейстің моделі өзара байланысқан әрекеттесу контексттері немесе жұмыс кеңістігі жиындарын сипаттайды. Олардың құрамында мәліметтер мен олардың әрекет ету мүмкіндіктері бар. Бұл модельді тұрғызу кезінде интерфейс құрамына не кіретінін анықтап алу және оның қалай бейнелетіні маңызды. Басқапты этапта әрекеттесудің бір контексті сәйкес бір қолдану нұсқасына немесе өте ұқсас нұсқалар тобына қойылады.

Контексттер жиынын және олардың ақпараттық және функцияналдық мазмұнын анықтап алған соң контексттер арасындағы навигация картасы салынады. Мазмұн моделін өңдеп болған соң қолданудың кез – келген нұсқасы бір немесе бірнеше контексттер көмегімен іске асуы керек.
Аталған үш модельдер – рольдер моделі, есептер моделі және мазмұн моделі негізгі болып табылады. Қалған екі модель барлық кезде қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет