Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті: Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету
Негізгі құралдардың дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру
Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру
Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау
Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.