Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәннің атауы: Бухгалтерлік есеп негіздері
Тақырыбы: Негізгі құралдар есебі
Орындаған: ИС-21 тобының студенті
Бексұлтан Тайыр.Ж.
Тексерген: Искакова А.А.
Көкшетау, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................... 3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖІКТЕУ................................................... 4
1.1. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық
есебін ұйымдастыру................................................................................7
. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің
ерекшеліктері.........................................................................................10
. Негізгі құралдаржың тозуы және амортизаиясын есептеу.......12
. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі...........................................19
1.5. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.....................................22
1.6. Негізгі құралдарды есептен шығару,жиынтық есеп..................26
1.7. Негізгі құралдарды түгендеу,қайта бағалау және есеп берудің
мәнін ашу...............................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................31
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................32
КІРІСПЕ
Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған щығындар құрамына өзінің бастапқы құнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын активтерді – негізгі құралдар деп атаймыз. Бұларға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жер учаскелері жатады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал- жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субькт үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖІКТЕУ
Достарыңызбен бөлісу: |