Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу
Мерзімі
|
Бастапқы құны
|
Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы
|
Жинақталан жылдық амортизация
ланған сомасы
|
Айға есептелгнн амортизацияның сомасы (теңге)
|
Сатып алынған мерзімі
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында
|
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000
|
40%*100000=40000
40%*60 000=24000
40%*36 000=14400
40%*21 600=8640
2960
|
40 000
64000
78400
87040
90000
|
3333
5333
6533
7253
7500
|
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен. Орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесе бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде обьектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |