Тақырыбы: Электр энергетикадағы өтпелі процесстер ЭЭЖ кафедрасының аға оқытушысы: Кубегенов Мадияр Ералиевич Электрондық адрес: m.kubegenov@aues.kz 1. Негізгі түсініктер және анықтамалар 2. Қысқа тұйықталудың пайда болу себептері 3. Қысқа тұйықталудың салдары 4 . Қысқа тұйықталуды есептеудің қажеттілігі Дәріс жоспары:
Электр энергетикадағы өтпелі процесстер
1. 1.Негізгі түсініктер және анықтамалар
Электрлік жүйе дегеніміз – шартты түрде бөлініп алынған электрэнергетикалық жүйенің бір бөлігі. Бұл бөлікте электр энергиясы өндіріледі, түрлендіріледі, тасымалданады және тұтынушыларға таратылады.
Апатты жағдайлардың әсерінен электрлік жүйеде өтпелі процесстер туындайды және осы кезде жүйе бір режімнен екінші режімге ауысады.
Жүйенің жұмыс істеу режімі – электрлік жүйенің жұмысын және кез келген уақыттағы жағдайын сипаттайтын процесстер жиынтығы.
Режімнің параметрлері: кернеу, қуат, ток.
Жүйенің параметрлері: кедергі, өткізгіштік, трансформациялау коэффициенті, уақыт тұрақтылары және элементтердің физикалық сипатымен анықталады.
Электрлік жүйенің жұмыс режімі бірнеше түрге бөлінеді:
Тұрақталған қалыпты режім – режім параметрлері аз ғана шамада өзгеріп, және оларды өзгеріссіз қалды деп есептеуге болатын жүйенің жағдайы.
Қалыпты өтпелі режім – жүйені қалыпты эксплуатация жасау кезінде пайда болады (жүйенің элементтерін қосу, ажырату, жүктеменің өзгеруі, синхронды машиналардың асинхронды қосылуы).
Апаттық өтпелі режім – электрлік жүйеде келесі жағдайларда туындайды: қысқа тұйықталу (ҚТ), кенеттен жүйенің элементтерінің ажырауы, олардың қайталап қосылуы, синхронды машиналардың асинхронды қосылуы.
Апаттан кейінгі тұрақталған режім – электрлік жүйенің зақымданған элементтері ажыратылғаннан кейін пайда болатын режім. Бұл режімнің параметрлері бастапқы режім параметрлеріне жақын да, немесе алыс та болып келуі мүмкін.