Байланысты: 1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келт-emirsaba.org
К витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, витамерлер, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
К витамин3, нафтохинондар, антигеморрагиялық витаминҚұрылысы/хим.табиғаты: К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты бойынша олар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсмдіктерде филлохинон (K1), ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К2).
Биологиялық әсері: К витамині қан ұю үрдісне қатысады. Ол қан ұю факторларының: протромбиннің (II фактор), проконвертиннің (VII фактор), Кристмас факторының (IX фактор) және Стюарт факторының (X фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын гаммакарбоксиглутамин қышқылын түзеді.
Авитаминозы: К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі - қан кету, бұл организмнің өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның жетіспеушілігі остеопороздың дамуына әкеледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1-2 мг
Тағам көздері: К витмаинінің көзі өсімдіктер (орамжапырақ, көктоматтар, шпинат,тамыржемістер, рябина жидектері, жемістер).
http://emirsaba.org