2. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын, белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-əрекеттерін нығайтады (Пажарес, 1992). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары мыналардан тұруға тиіс: a) Білім, білік жəне дағдылар жиынтығынан
b) Сенім, білім жəне болжамдар жиынтығынан
c) Мұғалімнің жаңа идеяларды қабылдауынан
d) Өз оқытуын түсінуінен
e) Өмірдегі өз орнын түсінуінен
3. Қай білім беру теориясы «оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан жəне достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады» деген тұжырымға негізделеді? a) Құзыреттілікке бағдарланған оқыту
b) Тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы
c) Сындарлы оқыту теориясы
d) Гуманистік оқыту теориясы
e) Дамыта оқыту теориясы
4. Сындарлы оқытуда мұғалімдер оқушылардың қандай мүмкіндіктерін жүзеге асырмайды? a) Оқытылатын тақырып бойынша білімдерін көрсету
b) Белгілі бір ережелерге күмəн келдіру
c) Көзқарастарын түзету
d) Жаңа түсінік қалыптастыру
e) Дұрыс жауабы жоқ
5. Мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларының» қайсысы оқыту стилін таңдауға көбірек ықпал етеді? a) Білімдер
b) Болжамдар
c) Сенімдер
d) Əкімшіліктің ықпалы
e) Барлығы бірдей
6. «Мұғалімнің жұмысының тиімділігін» қандай фактор анықтайды? a) Мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.)
b) Оқыту үдерісі (оқыту əдістері т.б.)
c) Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
d) Оқыту нəтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.)
e) Аталған барлық факторлардың жиынтығы
7. Төмендегі стратегиялардың сыныптағы тиімді оқыту мен оқуға ықпал ететінін көрсетіңіз: a) Мұғалімдер тəжірибелі əріптестерінің сабағына енеді
b) Мұғалімдер үнемі курстарда оқып-үйренеді
c) Мұғалімдер оқытудың түрлі əдістерін пайдалана отырып, эксперимент
жасайды
d) Оқытудың жаңа əдістерін ендіруге əкімшілік қызығушылық танытады
e) Мұғалімдер басқа мектептердің тəжірибелерін пайдаланады