1-Нұсқа 1."Химиопрофилактика" ұғымын түсіндіріңіз. Химиялық профилактика – адамға, жануарға инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу үшін химиялық препараттарды тағайындау. Бұл әдіс аурудың пайда болу қаупін азайту үшін қолданылады, әсіресе белгілі бір патогеннің немесе аурудың әсер ету ықтималдығы жоғары болған жағдайларда.
Химиопрофилактика мысалдарына мыналар жатады:
Безгектің алдын алу: ауруды жұқтырудың алдын алу үшін безгек жиі кездесетін аймақтарда тұратын адамдарда безгекке қарсы препараттарды қолдану.
Кене шаққаннан кейінгі химиопрофилактика: Боррелиоз (Лайма ауруы) сияқты инфекциялардың дамуын болдырмау үшін кене шаққаннан кейін антибиотиктерді қолдану.
Химиопрофилактика инфекция немесе ауру қаупі жоғары және алдын алудың басқа әдістері жеткілікті тиімді болмаған жағдайларда денсаулықты қорғаудың тиімді стратегиясы болуы мүмкін. Дегенмен, оны қолдану дәрігердің қадағалауымен жүзеге асырылуы керек, өйткені дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау жанама әсерлерді тудыруы және микроорганизмдердің дәрілік төзімділігін дамытуға ықпал етуі мүмкін.
2.«Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман» ұғымын түсіндіріңіз. Патогендік биологиялық агентермен жұмыс істеу әрекетін сипаттаңыз. 1.патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
2. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге ,жасауға, өндіруге ,олардың айналымына, сақтауға, тасымалдауға тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері .
3.патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман– техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі ,ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға
4. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект – осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
3.Биологиялық қауіпсіздік саласындағы критерийлер мен жіктеулерді атаңыз. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы критерийлер мен классификациялар:
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасына негізделеді:
1) патогендігі I топ – адамдардың және жануарлардың өлім-жітім деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, әдетте, оларға қатысты вакциналар және тиімді терапия құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
2) патогендігі II топ – адамдардың немесе жануарлардың инфекциялық және паразиттік ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ:
• аса қауіпті инфекциялық ауруларды;
• инфекциялық немесе паразиттік ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттер болып бӛлінеді;
3) патогендігі III топ – адамдардың немесе жануарлардың инфекциялық және паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралуы ең аз деп сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер;
4) патогендігі IV топ – адамдардың немесе жануарлардың инфекциялық және паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, әдетте, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.
2.Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің әлсіреген штаммдары патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады.
Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің әлсіреген штаммдары патогендігі IV топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады.
3. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары және патогенді биологиялық агенттердің тізбесі олардың осы бапта кӛрсетілген патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсынымдары, биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері ескеріле отырып қалыптастырылады.