1 нұсқа Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата13.05.2023
өлшемі245,96 Kb.
#92841
  1   2   3
Байланысты:
1-нұсқа тапсырма ЖББМ



 
Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша 
тапсырмалар 
(жалпы білім беретін мектептерге арналған) 
1 нұсқа 
 
 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз.
 

Күн-баламалы энергия көзі 
Адамзат энергиясыз өмір сүре алмайды. Біз күн сайын көмір, газ, бензин 
сияқты органикалық отындарды пайдаланамыз. Бірақ пайдалы қазбалардың қоры 
шектеулі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан әлемде баламалы энергия 
көздерін тұтынуды жолға қоя бастады. Баламалы энергияның түрлері көп. Алайда 
адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық таза көздерді игеру 
әлдеқайда дұрыс. Осындай энергия көздерінің бірі-күн. Оны таусылмайтын қуат 
көзі 
деп 
айтуға 
болады.
Күн – энергияның аса қуатты көзі. Күн энергиясы қоршаған ортаға қауіпсіз, 
экологиялық таза. Күн сәулелері жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу 
береді. Күн энергиясын планетаның кез-келген географиялық нүктесі қолдана 
алады. Күн энергиясының үлкен артықшылықтарының бірі - электр сымдарын 
қажет етпейтіндігі. Тағы бір артықшылығы- қазба отындарын пайдалану 
қажеттілігін төмендетеді. Сондықтан бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және 
қоршаған ортаның ластануын азайтуға көмектеседі. Әр елдің ғалымдары осы 
қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен 
айналысуда. 
Қазіргі заманда күн станциялары көптеген елдерде белсенді қолданылады. Бұл 
станциялар фотоэлектрлік қондырғылардың көмегімен күн энергиясын электр 
энергиясына айналдырады. Күн электр станциясы экологиялық тұрғыда таза, 
дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы. Мұндай станцияны құру үшін көп 
қаражат керек, бірақ ол өз құнын 100 пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс 
істеу мерзімі шамамен 30 жыл. Осыған байланысты күн энергиясының өндірісін 
дамыту қаншалықты қиын болса да, үлкен қаражатты қажет етсе де, өзінің 
шығынын міндетті түрде өтейді. Мамандардың есептеуінше, ол келешекте әлемнің 
негізгі қуат көзіне айналады. Күн энергиясын пайдалану — энергетикалық 
мәселелерді шешудің ең қарапайым және арзан жолы.
Әлемде күн энергиясын ең көп пайдаланатын ел – Қытай. Бұл тізімді
Германия, Италия, Бельгия елдері жалғастырады.
Қазақстанның географиялық орналасу жағдайына қарай күн энергиясын 
пайдаланудың мүмкіндігі зор. Шикізат қорының мол болуына және тиімділігіне 
байланысты елде кремний негізіндегі күн батареяларын шығару өте тиімді.


Күн энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің өзекті 
мәселелерінің бірі. Осыған орай, күн энергиясын электр энергиясына 
айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. 
Шексіз, зиянсыз және тегін күн энергиясы таза табиғат және 
мықты экономика үшін өте маңызды. (302 сөз) 
 
 
 
Мектептің
Мөртабаны/штамп
 
« » сынып оқушысы 
 
(аты-жөні-ілік септігінде) 
негізгі орта мектеп курсы бойынша 
қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша
емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін 
бойынша тапсырмаларды орындау) 
жұмысы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет