1 Общие требования



бет37/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — керегесі ұсақ жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2:3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданы нан 50—100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы канның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінін, тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар. Мысалы орга низмнен бөлінетін көмір кышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы белінеді.
Америкадағы өкпесіз саламандра мен біздегі қиыр-шығыс тритондарының өкпесі толығынан жойылып кеткен. Олардағы газ алмасуы терісі және шырынды ауыз қуысы арқылы жүзеге асады.
Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы желбезек арқылы, тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересек формаларыида өкпемен қатар ішкі желбезектері де болады.
Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншақ бөлімі атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа шығады да, жоғары көтерілгенде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.
Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық белінген, бірақ, барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқы лы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлімдерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.

Сурет 33 – Бақаның жүрегін жарып көрсеткендегі көрініс:
1 — оң жүрекше; 2— сол жүрекше; 3 — қарынша; 4— екі жүрекшеден қарын шаға баратын жалпы саңылауды жабатын қақпақша; 5—артериялдық конус; 6—жалпы артериалды бағана; 7—тері-өкпе артериясы; 8 — аорта доғасы; 9 — жалпы ұйқы артериясы; 10 — ұйқы безі; 11— артериальдық конустың спиральды қақпақшалары.

Жоғарғы сатыдағы құйрықсыз амфибилердің артериялық конусынан жалғыз ғана қан тамыры, яғни кұрсақ аортасы басталады, бұл қолқадан үш пар артериялық доғалар шығады. Бірінші пар артерия доғасы таза артерия лық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы (arteria cafotis) деп ат айды. Ол артерия сабағының құрсақ жағынан кетеді. Екінші пар артерия доғасы да артерия сабағының құрсақ жағынан шығады, мұны қолқа системасының доғасы деп атайды. Бұл доғадан иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын иық асты артериялары (arteria subclavia) кетеді. Оң және сол жақ системалық доғалар жарты шеңбер жасап иіліп, өзара қосылып арқа аортасын (aorta dorsalis) құрайды. Ол омыртқаның астыңғы бетін куалай отырып, денесінің артқы бөліміне орналасады, одан ішкі органдарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады. Үшінші пар артерия — артерия сабағының үстіңгі, арқа жақ бөлімінен шығады. Ол қанды өкпеге апаратын болғандықтан өкпе артериялары (arteria pulmonalis) деп аталады. Әрбір өкпе артериясынан бірден үлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне қанығады, яғни тотығады. Мұны— тері артериясы (arteria cutanea) деп атайды.


Өкпесі бар кұйрықты амфибилердің артериялық кан тамырларының схемасы осы жоғарыда келтірген схема сияқты.Құйрықсыздардан бір ерекшелігі, бұларда артерия доғасы төртеу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған.Өмір бойы желбезегі арқылы тыныс алатын құйрыкты амфибилердің қан айналу схемасы, балықтардың және жоғарғы сатыдағы амфибилердің личинкаларының қан айналу жүйелеріне ұқсайды. Бұлардың құрсақ аорталарынан төрт пар артерия доғасы кетеді, оның үшеуі желбезекке, төртіншісі арқа аортасына айналады.

Сурет 34 – Бақаның артерия қан тамырлар жүйесінің құрылысы:


1 – қарынша; 2 – оң жүрекше; 3 – сол жүрекше; 4 – артерия конусы; 5 – жалпы ұйқы артериясы; 6 – аортаның системалық доғасы; 7 – бұғана асты артериясы; 8 – арқа аортасы; 9 – шап артериясы; 10 – сан артериясы; 11 - 12 – ішек-шашыратқыш артерия; 13 - өкпе артериясы; 14 – тері артериясы; 15 – ұйқы безі; 16 – сыртқы ұйқы артериясы; 17 – ішкі ұйқы артериясы. Қара түспен вена қаны бар артериялар боялған, артериальдық және аралас қаны бар артериялар штрихтелген.

Төменгі сатыдағы амфибилердің веноздық системасы қос тынысты балықтардың веноздық системасына ұқсайды.


Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары артқы қуыс венасына (vena cava posterior) жиналып, од ан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ және ішек асты веналары бар. Олар бауырдың қақпа вена системасын құрайды. Қардинал веналарының болмауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Яремдық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы nap қуыс веналарын (yena cava anterior) құрайды, ол канды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы қуыс веналарға артериалық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады. Қорытындысында қан тамырларымен канның қозғалу схемасын қарастырамыз.
Вена қаны вена қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды. Сол кезде сол жүрекшеге өкпе веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады, Жүрекшелер жиырылған кезде артериялық және веноздық қандар екі жүрекшеге ортак тесік арқылы қарыншаға келеді.

Сурет 35 –Бақаның вена қан тамырлары жүйесінің құрылысы:


1 – веналық синус; 2 – сыртқы яремдік вена; 3 – ішкі яремдік вена; 4 – үлкен тері венасы; 5 – иық асты венасы; 6 – алдыңғы қуыс вена; 7 – артқы қуыс вена; 8 – сан венасы; 9 –сегізкөз (құймышақ) венасы 10 –мықын венасы; 11 – бүйректің қақпа жүйесі; 12 – ішекасты венасы; 13 – бауырдың қақпа венасы; 14 – бауыр венасы; 15 – құрсақ венасы; 16 - өкпе венасы. Артерия қаны бар веналар штрихтелген.

Осы кезде қарыншада веноздық және артериялық қан араласып кетеді деген ертеден келе жаткан пікір дұрыс та, бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі канға қарағанда оттегіне бай болады. Соның нәтижесінде үш артериялық доғаға (ұйқы, системалык, өкпе) араласқан келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет