1 Общие требования



бет39/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Иіс сезу органы. Амфибилерде парлы иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір пар танау тесігімен қатысады. Иіс сезу капсуласынан ішкі танау тесігі хоандар кетеді, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасады. Бұл айтылған система иіс қабылдаумен қатар тыныс алуға да қатысады.
Бүйір сызығы. Бүйір сызығы органы барлық амфибилердің личинкаларына тән орган. Бүйір сызығы тіршілігі суда өтетін амфибилердің кейбір құйрықты және құйрықсыз ересек формаларында өмір бойы сақталады. Балықтардың бүйір сызығы органының бір ерекшелігі бұлардың сезімтал клеткалары сызықтың терең түбіне орналаспай терінің беткі қабатына орналасқан.
Зәр-жыныс органдары. Зәр-жыныс органдарының кұрылысы шеміршекті балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі зәр шығару органының қызметін пронефрос, ал ересектерінде вольфов каналдары арқылы сыртқа ашылатын — мезонефрос атқарады. Зәр шығару түтікшелері клоакаға ашылады. Зәр заты алдымен клоакаға одан қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін сол тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады
Парлы тұқым безінін, өзіндік жолы болмайды. Тұқым каналы бүйректің алдыңғы бөлімі арқылы өтіп, вольфов каналына жалғасады, сөйтіп ол зәр шығару жолының қызметін атқарып қана қоймай, ұрық жолының да қызметін атқаратын болады. Еркектеріндегі әрбір вольфов каналының клоакаға жалғасатын жері кеңейіп, түқым қалтасын құрайды, ол ұрықтың уақытта жиналуын қамтамасыз етеді. Тұқым безінің үстінде белгілі формасы жоқ, сары түсті майлы дене жатады. Бұлар ұрықтың, оның ішінде дамитын сперматозоидтың қорегі болып саналады. Оның мөлшері жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Күзде көлемі үлкен болады, ал көктемде сперматозоид жасап шығаратын кезде көп жұмсалады да көлемі тез кішіріп кетеді. Амфибилердің көпшілігінің копулятивтік органы болмайды.
Аналық безі де парлы болады, оның да үстіңгі жағында майлы дене жатады. Жетілген жұмыртқалар дене куысына түсіп, одан олар воронка тәрізді кеңейген бір пар жұмыртқа жолына мюллеров каналдарына өтеді. Жұмыртқа жолы ұзын, күшті иректелген түтік, оның алдыңғы белімі дене қуысына, артқы белімі — клоакаға ашылады.
Бұдан еркектерінде зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана канал вольфов каналы атқаратынын, ал ұрғашыларында вольфов каналы зәр шығару қызметін, ал жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқара тынын көруге болады.
Дамуы. Амфибилер жұмыртқасындағы сары заттары жұмыртқаның денесіне біркелкі тарамай, көпшілігі жұмыртқаның төменгі түссіздеу бөліміне жиналған, оған қарама-қарсы (анимальдық) бөлімі қара түсті болып тұрады. Жұмыртқаның үстіңгі бөлімінін, пигментті болуы күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсерінен қорғауға бейімделуі болуы мүмкін. Жұмыртка толық, бірақ біркелкі бөлшектенбейді. Ұрықтанған соң (бақаларда) 8—10 күннен кейін, жұмыртқанын, қабығын жарып ит-шабақ деп аталатын личинкасы сыртқа шығады.
Алғаш итшабақтардың қозғалу органдары — аяқтары болмайды. Қозғалу органының қызметін жарғақпен көмкерілген құйрығы атқарады. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ олар сыртқа байқалмайды, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Осыдан кейін құйрықсыздарда құйрық қысқара бастайды да, кейін мүлдем түсіп қалады.
Амфибилердін, барлығының да личинка кезінде бүйір сызық органдары болады. Аяқсыздар мен құйрықсыздарда ересек формаға айналғанда бүйір сызығы жойылып кетеді. Алғаш тыныс алу органыньщ қызметін тармақталған 2—3 пар сыртқы желбезектері атқарады. Одан әрі көпшілік амфибилерде сыртқы желбезектері жойылып, желбезек жапырақшалары бар — желбезек саңылаулары пайда болады. Тек кейбір құйрықтыларда ғана сыртқы желбезектер өмір бойы сақталады. Итшабақ кезінде жүрегі екі камералы, жүрекше оң және сол жак, бөлімдеріне бөлінбейді. Балықтардың қан айналысы сияқты бір ғана қан айналу шеңбері болады. Соңғы даму кезеңінде ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімінде бір пар өсінді пайда болып, өкпе қалыптасады. Оларды қанмен төртінші артерия доғасы камтамасыз етеді. Өкпенің дамуымен байланысты, ішкі желбезектері; жойылып, оған сәйкес қан айналу системасы өзгереді. Желбезек қан тамырларының бірінші пары ұйқы артериясына, екіншісі — системдік доғаға айналады, ал үшіншісі — амфибилердің көпшілігінде нашар дамыған, төртіншісі — өкпе артериясы болып қалған.
Айтылғандардан басқа системаларында да бірсыпыра өзгерістер болады. Пронефрикалық жойылып мезонефрикалық бүйрекпен алмасады. Ішектері қыскарып, бүйір сызық органдары жойылады. Итшабақ кішкене бақаға айналады. Итшабақ кезінде шөп тектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет