1. Оқытудағы кедергілерді анықтау
2. Оқытудың аффектілік теориясы
Оқытудағы маңызды проблема - қарым-қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына байланысты көптеген ойлар ежелден сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала. Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу әрекетіндегі маңызы жайлы ресейлік ғалымдар терең зерттеген: Н.В.Кузьмина А.А.Леонтьев А.К.Маркова В.А.Кан-Калик Е.В. Цуканова В.В.Рыжов Л.А.Поварницына
Кедергілер:
• эмоционалды
• мағыналық
• когнитивті
• тактикалық
Мағыналық кедергі оқушының белгілі бір әрекетіне байланысты жасалған ескертуге құлақ аспауы, берілген тапсырманы түсініп тұрып, орындамауы салдарынан туындайды. Мұндайда оқушыға қолданылған педагогикалық шаралар әсер етпейді. Мағыналық кедергі жағдайында белгілі бір іс-әрекетіне ескертпе жасалған кемшілікті оқушы әлден соң қайта қайталайды. Мысалы, сабақ барысында студент лекция жазбай, басқа жұмыстармен айналысып отырғанда, педагогтың ескертуіне мән бермейді. Мағыналық кедергінің болуы педагог тарапынан жүргізілетін шараларға оқушының әсер етпеуі салдарынан педагогтың бүкіл оқу-тәрбие жүйесін жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Педагогикалық практикада педагогтың көмек көрсету ыңғайын біле тұра мағыналық кедергі салдарынан оған қарсылық көрсететіндігі көптеп байқалады. Сондықтан педагог үшін мағыналық кедергіні жою жолдарын қарастырудың маңызы зор
Оқытудағы кедергілерді шешудегі мұғалім үшін маңызы:
• Жетілдірілген оқыту
• Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.
• Мұғалімнің біліктілігін арттыру
• Бағдарлама әлемдік білім беру практикасында орын алған мұғалімді мектептерге инновациялық қызметті «әкелуші» деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың бой- ында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп болып отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. Осылайша, оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді
Егер баланың қарым-қатынас жасауда проблемалары болса:
баладан олардың түсінігін тексеру үшін, сіздерге қандай әрекет жасау керектігін тағы басқаларға айтып көруін өтініңіз;
баланы әрдайым атымен атаңыз
сәті келгенде қалжың аралас метафораны қолдана оқытыңыз
ым мен мимика арқылы сөздердің мағынасын түсіндіріңіз
баланың жұмыс орнында қолайлы жағдай жасаңыз.
Оқытудағы кедергілерді шешудегі табысты
оқыту мен құзырлы мұғалім рөлі
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Кәсіби түсінік Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.