4Л «Білім беру ортасы» үғымының мәні Білім беру ортасын түсіну үшін аталған феноменнің беретін мәнін ашып алу қажет. «Орта» деген үғымның кең қолданысына қарамастан, бұл атаудың ғылымда нақтылы және бірізді анықтамасы жоқ. «Орта» ұғымы жалпы мағынасында қоршаған айнала деп түсініледі. Орта теориясы туралы Ж.Ж. Руссоның педагогикалық еңбектерінде айтылады. Ол: «Жаратушының
қолынан шыққан кереметтің барлығы адам қолында бұзылады» деп есептейді. Руссо ортаны жеке тұлғаның өзін-өзі дамьггудағы оңтайлы орта ретінде алғаш рет қарастырған. Оның ойынша, әрбір жеке тұлғаның шынайы мүмкіндіктері мен табиғи қажеттіліктері арасындағы тепе-тендігі тұрақтандыратын ерекше дамитын орта жағдайы жасалғанда ғана тәрбие жүйесі тиімді болады Ж.Ж. Руссо сонымен қатар, жеке тұлғаның дамуының негізгі көзі білімнің кеңдігінде емес, оны өз бетінше қолдана алу біліктілігінде деп атап өтеді. Мұндай арнайы жасалған ортада жеке тұлғаның табиғи тәрбиесі, қасиеті оған ішкі дербестікті сақтауға, қате түсініктерден және қоғамдық жаңылысулардан тәуелсіз болуға көмектеседі [46].
Педагогика мен психологияда «орта» термині алғаш рет 20-жыл- дары пайда болды, осы кездерде «педагогика ортасы» (С.Т. Шацкий), «баланың қоғамдық ортасы» (П.П. Блонский), «қоршаған орта» (А.С. Макаренко) ұғымдары жиі қолданыла бастады [47].
Д.Ж. Маркович ортаға мынадай анықтама береді: орта дегеніміз - адам өмір қызметі жүзеге асатын табиғи және жасанды жағдайлардың жиынтығы [48], Адам ортасын анықтай отырып В. Максимова: «орта - табиғи және әлеуметгік сипаттағы өзара байланысты компонеттер енетін күрделі құрылым» [49] деп анықтайды.
Н.Б. Крылова орта деген ұғымды «әлеуметтік мәдени кеңістіктің бөлігі, білім беру жүйелерінің, олардың әлементтерінің, білім ма-
териалдары мен білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекет ету аймағы» [50] деп түсінуге шақырады. Ортаның негізгі параметрлеріне карым-қатынас, кұндылықтар, таңбалар, заттар енеді.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «орта» деген сөз адамды қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, сонымен қатар, осы жағ- дайда қауымдасқан адамдардың жиынтығы [51] деген анықтама беріледі.
Л.И. Божович ортаны «дамудың ішкі үдерістері мен дамудың динамикасын да және жаңа сапалы білімді де қалыптастыратын сыртқы жағдайлардың ерекше үйлесімі» деп көрсетеді [52]. Автор ортаға енген баланың уайымдау сипатын, оның ортаға деген қатынастың сипатын түсіну өте маңызды екендігін атап өтеді. Ғалым ортаны ұйымдастырудың екі бағытын көрсетеді: рухани- кеңістікті және заттық-кеңістікті, бұлар баланың ортаға қарым- қатынасын гана емес, оның ортадағы белсенділігін де қамтамасыз етеді.