Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
6 Литосфераны өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардан қорғау. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Таукен өндірісінің ландшафтқа тура және жанама әсердің алдын алу немесе төмендету іс-шаралары.
Тау-кен өндірісінде ландшафты қорғау тау-кен өндірісінің ландшафтқа және ең біріншіден жерге тікелей және жанама әсер етуін алдын алу немесе азайту үшін іс-шаралардың кешенді жүйесі болып табылады. Жер ресурстарын рационалды пайдалану өндірістік объектілерді орналастыруды оңтайландыруға, олардың параметрлеріне, құрылыс тығыздығына, шеттету мерзіміне және жер телімдерін пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүйесін орындауды қарастырады.
Тау-кен өндірісмен бұзылған жерлерді рекультивациялау жер ресурстарын өңдеудің негізгі әдісі ретінде, сол аймақтағы белгілі табиғатты-климаттық және әлеуметтік экономикалық жағдайларда оңтайлы мәдени антропогенді ландшафтарды құру ретінде қарастырылады.
Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру кезіндегі жерлерді қорғау, рационалды пайдалану және жерлерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралардың екі тобы белгілі. Бірінші топқа жер бетіне тікелей және жанама әсер етудің максималды мүмкін болатын экономикалық ұтымды және техникалық жүзеге асырылатын азайтуды қарастыратын табиғатты қорғау сипатқа ие іс-шаралар жатады. Екінші топқа тау-кен өндірісінің жер бетіне кері әсер етуінің зардаптарын орнатуға бағытталған қалпына келетін сипатқа ие іс-шаралар жатады.
Пайдалы қазбаларды байытудың қалдықтарын жинақтау үшін істен шыққан карьерлер, толтырылған немесе толтырылмаған ішкі үйінділермен пайдалануы мүмкін. Екі жағдайда да құрылған сыйымдылыққа қойылған қалдықтардың жарылысын алдын алу үшін, сақтау, суды тазарту, байыту фабрикаларының қайтымды сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қоршаған ортаны байыту қалдықтарымен ластаудың алдын алу және қалдық сақтау қоймаларына келесі ретке дейінгі рекультивация жүргізу үшін әртүрлі инженерлік іс-шаралар кешенін орындау талап етіледі. Мұндай іс-шаралар кешенін орындау үлкен капиталды және эксплуатационды шығындарды талап етеді, бірақ оң нәтижелерге алып келеді, олар:
бұзылған жерлер алаңының өлшемдері төмендейді;
байыту қалдықтарын жинақтауға капиталды салымдардың көлемі қысқарады;
байыту қалдықтары орналасқан жер телімдерін рекультивациялау қалдық сақтау қоймаларды толтырғаннан кейін емес, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде іске асырылады; осыған байланысты орман шаруашылығын пайдаланудан алынатын жерлерді шеттету периоды айтарлықтай қысқарады;
тау-кен жоспарлық жұмыстардың көлемі азаяды, соған орай тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді рекультивациялауға кететін шығындарда азаяды;
қалдық сақтау қоймаларының дефляциясына байланысты қоршалған жерлерге шаңның қонуының және атмосфераның шаңдануының залалы жойылады немесе біршімі деңгейге дейін азаяды.
Ландшафт пен жер ресурстарын қорғау мен рационалды пайдаланудың маңызды құралы пайдалы қазбаларды өңдеудің қалдықтарын утилдеу болып табылады. Соған орай, неғұрлым аршу жыныстары мен қайта өңдеу қалдықтарының көлемі аз болса, соғұрлым оларды орналастыру үшін жерлер аз кетеді және эрозияға қарсы жұмыстардың көлемі аз болады.
Үйінділер мен қалдықтар қоймасына арналған жер учаскілерін қысқарту үшін қалдықтарды кенорындарын жерасты өңдеу кезінде қолданылатын толтыру материалдары ретінде қоладну мақсатты болып табылады.
Соңғы уақыттарды Ресейде жіне шет елдерде тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді эрозияға қарсы қорғау мәселесіне көп көңіл бөлініп жатыр.
Осы мәселені дәстүрлі әдістермен шешудің бірінші-ақ талпынысында 60-жылдардың соңында (АҚШ, Канада, Австралия, ОАР, ПХР) және 70-жылдардың басында (КСРО, ВХР, ЧССР, ГФР, Ливия) қиыншылықтар туындады, олар тау-кен өндірісіне тән инженерлік-техникалық және табиғи факторлардың спецификасына негізделген.
Тау-кен кәсіпорындарына пайдалнуға берілген тау-кен үйінділерін (сонымен қатар, гидро және тұз үйінділері), шлам және қалдық қоймаларын, жер учаскілерінің аймағындағы көлік коммуникациясын эксплуатациялаудың ерекше жағдайлары эродирленген беттік қабаттарды нығайту бойынша міндеттер қатарын алға қойды, яғни бұл міндеттерді дәстүрлі әдістермен шешу аса тиімді болмады, сонымен қатар кейбір жағдайда шешу мүмкін емес және қте ұтымды әдістерді қңдеу қажет болды.
Табиғи ортаға эрозия өнімдерінің кері әсер етуінің негізгі түрлері келесілер:
топырақ құрылымы мен құрамының қайтымсыз өзгертулері – агрегаттардың су төзімділігі мен механикалық төзімділігінің төмендеуі және ары қарайға топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің нашарлауы; топырақтың гумусты және тұзды құрамының кемуі; олардың су ұстап тұру қасиетінің өзгеруі – бір жағдайда құрғауғы, ал басқа жағдайда – пайдалы жерлердің батпақтануына алып келу;
биологиялық рекультивациялау мақсатында орындалатын бұзылған жер бетіне төселген потенциалды құнарлы жыныстардың құрамы, құрылымы және қасиетінің қайтымсыз өзгертулері;
топырақ пен топырақты грунттардың дисперсті минералды бөлшектердің ауалы және сулы шығарындыларымен ластануы, ол өсімдік қабатының бұзылуына, тұздануына және беттік қабаттың батпақтануына алып келеді;
топырақ пен топырақты грунттың тұздануы және өсімдіктердің жыныстардың химиялық бұзылған өнімдерімен улануы. Әсіресе, бұл калий тыңайтқыштарын (түзды үйінділер) өндірудегі үйінділерді орналастыру аймағында байқалады;
ауа бассейнінің желдік эрозия өнімдерімен ластануы. Шаңданудың аса интенсивті көздері инженерлік ғимараттар болып табылады, эксплуатация нәтижесінде олардың беттік қабатында аса жұқа майдаланған жыныстардың қабаты жиналады немесе түзіледі (қалдық сақтау қоймалары, гидро үйінділер, тау-кен кәсіпорнының аймағындағы автокөліктік жолдар және т.б.);
су бассейнінің желдік және су эрозиясы өнімдерімен ластануы (қатты қоспалармен және химиялық ерітінділермен);
әртүрлі инженерлік ғимараттарды қолданылатын жыныстардың физика-техникалық параметрлерінің нашарлауы, мысалы, гидротехникалық ғимараттардың (қалдық сақтау қоймаларының дамбалары, бөгеттер, су шығаратын каналдар борты, дренажды траншейлер және т.б.) конструктивті элементтерінің ұстап тұратын қабілеттері мен фильтрационды сипаттарының нашарлауы; грунтты негіздер қасиетінің өзгеруі; үйінділердің бұзылуы және т.б.).
Жоғарыда айтылған кері әсер етулердің деңгейі және олардың келтірген залалының мөлшері толығымен жыныстардың эрозияға төтеп беру қабілетіне байланысты.
Қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай көп залал келтіретін тау-кен кәсіпорындарындағы эрозияның негізгі объектілері келесілер:
қалдық сақтау қоймалары және соған ұқсас гидротехникалық ғимараттар (гидроүйінділер, шалм сақтау қоймалары және т.б.);
құмды-сазды жыныстар үйінділері;
ауыр қондырғы және автокөліктің тұрақты қозғалысын іске асыру бойынша әртүрлі көлік жолдары (эксплуатацияланатын үйінділер бермасы, қалдық сақтау қоймасының дамбасы, кіретін және карьер ішіндегі жолдар және т.б.).
Қалдық сақтау қоймаларының беттік қабатын эрозияға қарсы нығайту бойынша міндеттер:
қалдық сақтау қоймаларының жан-жағынының жазық беттік қабатын нығайту;
ярусты қоршалған дамбаның ішкі бөктерінің беттік қабатын нығайту;
бекітілген ярусты дамбаның сыртқы бөктерін нығайту;
бекітілген дамба бермасының беттік қабатын нығайту.
Эрозияға ұшыраған беттік қабаттарды нығайту бойынша әртүрлі әдістерді қолданудың практикалық тәжірибесі міндеттердің қарастырылған міндеттерін шешу үшін олардың жарамдылық деңгейін бағалауға және оларды ары қарай жүзеге асыру бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Бетті эрозиядан қорғаудың механикалық әдісі. Бетті эрозиядан қорғаудың биологиялық әдісі. Бетті эрозияға қарсы нығайтудың физика-химиялық әдісі.