1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Табиғи және шайынды суларды тазарту

бет13/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

5 Табиғи және шайынды суларды тазарту.

Судың ластануы деп қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың әсерінен оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісін айтады. Жер асты және үстіндегі сулардың ластануын мынадай түрлерге бөлуге болады:
- механикалық – механикалық қоспалардың су құрамында көбеюі;
- химиялық – су құрамында органикалық және органикалық емес улы және улы емес заттардың болуы;
- бактериалдық және биологиялық - су құрамында әртүрлі микроағзалар мен су өсімдіктерінің болуы;
- радиоактивтік - су құрамында радиоактивтік заттардың болуы;
- жылулық – суға жылу және атомдық электр стансалардың ыстық
суларын жіберу.
Эвтрофикация дегеніміз — суда табиғи, не антропогендік факторлар әсерінен биогенді элементтердің жинақталуы нәтижесінде су объектілерінің биологиялық өнімділігінің артуы.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау және табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында ақаба сулар қайтадан қолдану үшінқұрамындағы ластағыш заттардың түрімен мөлшеріне қарай әртүрлі әдістермен тазаланады. Әртүрлі ортаға байланысты шекті рұқсат етілетін концентрациясының (ШРК) - сипатына қарай белгілену ерекшеліктері болады. Ақаба сулары үшін :
- ШРКсу - шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени тұрмыстық салада қолданылатын сулардың қоймаларындағы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясы, (мг/л). Бұл концентрация адам органдарына өмір бойы тікелей немесе жанама әсер етпейтін және келешек ұрпақтарға әсерін тигізбей гигиеналық шарттарды нашарлатпайтын болуы керек.
- ШМКб.ш. - балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л).
Су үшін интегралды көрсеткіштер:
а) судың оттектегі биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) - органикалық
заттардың биохимиялық тотығуы кезіндегі (нитрификация процестерінен басқа) сынаманың белгілі бір уақыт аралығындағы (2, 5, 20, 120 тәулік) жұмсайтын оттек мөлшерін (мг) айтады.
б) судың оттектегі химиялық қажеттілігі (ОХҚ) - судағы бар барлық
тотықсыздандырғыштарды тотықтыру үшін бихроматтық әдіспен, яғни жұмсалған тотықтырғышқа оттектің эквивалентті мөлшерде жұмсалуы әдісімен анықталған оттектің мөлшері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет