1 Өрт сөндірудің химиялық ҚҰралдары


ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ



бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі59 Kb.
#134617
1   2   3   4
3 ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

Өрт сөндірудің қондырғылары өрттің алғашқы сатысында, өртті сөндіру бөлімшелері келгенше, өртті оқшаулау үшін қажет.


Өрт сөндірудің қондырғылары стационарлы, жартылай стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді. Өрт сөндіру құралдарының түріне және құрамына қарай осы қондырғылар: газды (көмірқышқыл), аэрозольды, сұйық және түйіршікті болады.


4 ӨРТТІ СУМЕН СӨНДІРУ
4.1 Судың өртті сөндіру қасиеті

Су – өрт сөндірудің кең тараған, қолайлы құралы. Оның жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ), термиялық тұрақтылығы өте жоғары (1700 °С), буланғанда көлемі мәнді үлкейеді (1 кг су буланғанда 1700 л бу түзеді).


Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады.
Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды.. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады.
Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.
Жабық бөлмелерде жануды тоқтату үшін, ауадағы өртті сөндіру концентрациясы көлемі жағынан 30% жақын қаныққан ысыған буды қолданады.
Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0,2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2,5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет