58
ұлғаяды.
10. Тилакоидты мембраналардың белоктарының және липидтердің құрылымы өзгеру
нәтижесінде фотосинтездің қарқындылығы төмендейді.
11. Тыныс алу тежеледі, АТФ мөлшері төмендейді.
12. Этилен және АБК синтезә жоғарылайды, бөліну және өсу тежеледі, басқа
физиологиялық, зат алмасу реакциялар тежеледі.
13.Клеткалардың
функциональды активтігі нің тежелуі ингибиторлардың жұмысының
нәтижесінде және энергия ресурстардың қолайсыз жағдайлармен күресу нәтижесінде
пайда болады.
14. Катаболизм реакциялары ұлғаяды. Ыдраған заттар жиналады,
2-ші фаза - адаптация :
• Гидролиз ферменттер активтігінің және катаболизм реакциялардың төмендеуі.
Синтез процестердің ұлғаюы. Ыдыраған заттар зат алмасудың қайта құрылуына себеп
болады.
•Белоктар гидролизденгендегі пайда болған пролин белоктардың гидрофильдік
қалдықтарымен қарымөқатынасып, олардың ерігіштігін ұлғайтады, оларды
денатурациядан сақтап қалады. Клетка суды көп ұстайды, С тапшылықта, тұзды
жағдайда, жоғары температурада өсімдіктің өмірге бейімділігі жоғарылайды.
• Осы көмірсулардан басқа осмофильдік қасиеттері осмотин деген белокқа тән. Бұл
белок су тапшылығында пайда болады.
• Олигогликозидтер – гемицеллюлозалар және пектиндік заттар деградацияға
ұшырағанда пайда болады, олар фитоалексиндердің синтезін индукцияландырады.
• Фитоалексиндер - жұқпалы аурулармен инфекцияға түскен өсімдіктерде қорғаныс
функция атқарады.
• Полиаминдер, азот құрамында бар органикалық заттар ыдырағанда пайда
болады. Олар мембрананың өткізгіштігін , протеазалардың активтігін, липидтердің
асқын тотығуын төмендетеді, рН реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: