1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері


Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі



бет47/55
Дата09.11.2022
өлшемі218,56 Kb.
#48878
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
35.Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі.
(Уникальность - 75%)
Эндокриндік бездер өзіндік сөл шығаратын өзегі жоқ, бірақ без жасушалары қан және лимфа капилярларымен өте жиі торланған жүйе. Сол себепті без өнімдері тікелей тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, ол өзек бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без­дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездерін жатқызуға болады.
Гипоталамус-гипофиз жолы— гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будаларын айтамыз. Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде жинақталады. Ол жиналған ұсақ денешктерді Херринг денешігі деп атаймыз. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық әсер етушілер шығады. Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар, яғни кортикотропин босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы, соматотропин босатушы, лютеотропины өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді. Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық әсерлердің ішкі сөлініс бездерге әсері арқылы да орындалады. Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның -гомеостаздың – тұрақтылығын сақтауында мадызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді. Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы гипофиз-бүйрек үсті безі механизмі арқылы реттеледі. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді стрессор деп атайды. Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген агенттер жатады. Барлық стрессорлар алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады, яғни ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы ,әсіресе глюкокортикоидтар пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің гиперқызметы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды. Жалпы бндай процесті жалпы адаптациялық синдром деп атайды.
Бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын мөлшері Адаптациялық синдромның негізі болп табылады.
Жалпы қорытындылай келе , гипоталамус- гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарыньщ молшері канда тез кобейіп кетеді. Сондықтан адамда өзіндік ішкі және сыртқы әсерленістер береді.Себебі гармондар мөлшері көбейген кезде аданың дене бұлшықеттрі тітіркенеді.Ал ішкі жүйесіндегі тұрақтылық бұзылып, организм жылдамдайды..Сондықтан гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жжүйесі адамның ішкі және сыртқы өмірінде маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет