1 Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасының әлеуметтік қызметтері



Дата28.11.2023
өлшемі19,07 Kb.
#130895
Байланысты:
5 практика алеуметтану


5 практика
1 Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасының әлеуметтік қызметтері.
2 Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық.
Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастаротбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).


3 Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарымқатынастардың өзгеруі.
Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы мүмкін емес. Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата- аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.
Денсаулықтың бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік - психологиялық , психологиялық- педагогикалық факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда ғалымдардың пікірлеріне назар аударатын болсақ, онда отбасындағы адамның психикасына ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі, материалдық қиындықтар; отбасындағы дау- дамайлар, отбасындағы қарым -қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі- зайыптылардың біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу.
4 Отбасы мен некенің альтернативті формалары
Отбасының альтернативтік формалары
-Толық емес отбасылар
-Некесіз бірге тұру
-Жеке бастың бөлек тұруы
-Гомосексуалдық жұптар
-1989 ж., Данияда алғаш рет бір жыныстық некеге салынған тыйым алынып
тасталынды
Швецияда, 1988 жылдан бастап, азаматтық жəне шіркеу некеге тұрумен қатар
неке қатынастарының формасы «самбо» заңдастырылды. Самбо
ерлі-зайыптылардың қандай да бір заңдық міндеттемелеріне əкеп соқпайды,
мүлікті жеке меншікке, жинақ, табыс, қарым-қатынас еркіндігі мен некеге
байланысты. Заң бірлескен балаларға қамқорлық жасау үшін самбо жасаған
жұбайларды ғана міндеттейді.
Годвиндік отбасы («үйлену некеге тұру», «қонақ үйлену») -
ерлі-зайыптылардың бөлек тұруыі, ортақ үй жəне өмірлерінің болмауы.

Моногамдық некенің отбасылық емес нысаны алғаш рет XVIII ғасырда


сипаттаған В. Годвин болған.
Конкубинат – некедегі ер адам мен мен ресми түрде некеде тұрмайтын əйел
арасындағы қарым-қатынас, əдетте мұндай қатынаста ортақ бала болып,
материалдық жағынан қолдан танылады.
Коммуна - балаларды басқару жəне тəрбиелеу үшін бірнеше отбасының
одағы.
4 Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу
Зерттеуші Э. Г. Эйдемилердің пікірі бойынша бірінші орынға отбасындағы нашар қарым- қатынастар алынады, себебі бұл ұзақ уақыт ауыр әсер тигізетін фактор, екінші орынға отбасы мүшесінің біреунің қайтыс болуы, не ауруға шалдығуы, үшінші орынға материалдық қиындықтарды қойған. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев «горизонтальды» адамгершілік-психологиялық және «вертикальды» шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп қарастырады. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал «горизонтальды» қатынасқа байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет– тең қатынас бір біріне зиян келтірмейтін. Жарыс –бір бірінен асып түсуді көздейді. Конкуренция – билікке таласу.Антагонизм- өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, конфрантация - түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді Ең жақсы қатынас түрі ынтымақтастық. Бұл қатынас түрлері ата-аналармен балалар арасындағы қатынас түрлеріне ықпал жасайды. Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата аналармен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, "араласпау" және ынтымақтастық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет