1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Практикумдар  арқылы  оқушылар  тәжірибелік,  зертхана  жүмыстарды  өз  беттерімен 
орындайды.  Олар  оқу  курстарының  ірі  бөлімдерін  оқыған  соң  өткізіледі,  сонымен  ңатар 
теориялық материалды тәжірибеде көрсету үшін де өткізуге болады. 
Практикум  2-3  апта  өтеді.  Мүғалім  сыныпты  2-3  оқушыдан  түратын  топтарға  бөледі. 
Әрбір  топ  бір-біріне  үқсамайтын  зертханалық  және  тәжірибелік  жүмыстарды  арнайы 
сабақ кестесі бойынша орындайды. 
Практикум  өткізер  алдында  кіріспе  дәріс  және  нүсқау  бері-летін  сабақ  өтеді.  Практикум 
кезінде оңушылардың тірек білім-дерін жаңғырту тәсілдері қол даны лады. 

Оқушылардың  іс-әрекетін  басңару  қүралдары;  жүмыс  істеу  ережелерін,  қажетті 
материалды  ңайталату,  зертханалық  жаб-дықтарды  суреттеу,  оның  ңалай  жүмыс 
істейтінін,  тапсырма-ларды  орындау  тәртібін  айту,  таңырып  бойынша  бақылау 
сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің тізімін жасау. 
Жұмысты  алгоритм  бойынша  істегенмен,  шығармашылық,  зерттеу  жүмыстарын  да 
жүргізуге  болады.  Белгілі  бір  заңдылыңтардың,  теориялардың  шындыққа  сәйкестігі 
тексеріледі. Түрақты шамалар өлшенеді. 
Практикум  кезінде  оңушылар  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды  орындайды; 
химиядан  тәжірибе  еткізеді,  сызба  жұмыстарын  жасап,  физикалық,  биологиялық, 
әлеуметтік,  тарихи,  фенологиялық  зерттеулер  жүргізеді.  Бірінші  тәжірибелік  сабақтың 
қүрылымы: 
•   практикумның таңырыбын және мақсатын мүғалімнің ха-барлауы; 
•     оқушыларға керекті білімдерді олардың естеріне түсірту; 
•   оқу жүмысына ынталандыру, нүсқаумен таныстыру; 
•    керекті жабдықтар мен материалдарды іріктеу
•     оқушыларға жүмысты орындағаны туралы есепті ңүрас-тырту; 
•    алынған нәтижелерді талқылап теориялық түжырымдар жасау; 
•      нәтижелерін қорғау; 
•     іс-өрекетті талдау. 
Практикумдар  әдетте  жоғары  сыныптарда  өтеді,  бірақ  бастау-ыш  сыныптарда  қысқа 
мерзімді зертханалық және тәжірибелік тапсырмалар орындатуға болады. 
Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар 
Сабаңта  пәнді  оқу  бағдарламасынан  да  көбірек  білгісі  келетін  оқушылар  анықталады. 
Үйірмеге  оңушылар  ерікті  түрде  даты-сады,  оған  ңатарлас  сынып  оқушыларын  да,  эр 
жастағы оқу-^ шыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылың ететін пән мүғалімі. 
Үйірмеде  оқушылар  курстың  ңызыңты  тақырып-тарын  тереңдетіп  оңып,  атаңты  ғалым, 
жазушылардың,  басқада  қайраткерлердің  өмірі  және  қызметімен,  ғылым  және  техни-  . 
каның  жаңа  жетістіктерімен  танысып,  ғалымдардың  мерейтой-ларына,  ғылыми 
жаңалыңтарға  арналған  кештер  өткізеді,  тех-никалық  модельдер  жасап,  биологиядан 
тәжірибе жүмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер үйымдастырады. 
Үйірме  жүмысының  негізінде  ғылыми  крғамдар  үйымдасты-рылады,  олар  үйірмелердің 
жүмыстарын үйлестіріп, көпшілік-ке арналған іс- шаралар, байңаулар және олимпиадалар 
өткізеді. 
Кеңестер оңушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсі-ну үшін беріледі. 
Кеңес  кезінде  оңупіылар  сүраңтар  береді,  өздері  жауап  беруге  тырысады,  мүғалімнің  не 
шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. 
Ол сыныпңа, топкд, оңушыға беріледі. 
 Олимпиадалар және байқаулар: 
Олимпиадалар аудандың, облыстық, республикалың олим-пиадалар алдында өткізіледі. 
Қазір алуан түрлі Олимпиадалар мен байқаулар Интернет желісінің көмегімен өткізіледі. 
Балалардың  техникалың  шығармашылығына  арналған  көрмелерде  оңушылардың  ең 
жаңсы жүмыстары көрсетіледі. 
Конференциялар.  Олар  оңуды 
ҒЫЛЫМИ 
жұмысқа  жаңындатады.  Оқушылар  баяндама 
тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жүмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша 
сөз сөй-леуге әзірленеді. 
Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конф-ренцияны симпозиум түрінде 
өткізуге  болады,  онда  мүғалім  бір  мәселені  түжырымдайды,  ал  оңушылар  сол  мәселені 
шешу туралы өздерінің үсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. 
Конференция  туралы  оқушыларға  алдын  ала  хабарланады.  Оңушылар  сүрақтар  әзірлеп, 
мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мүғалім, не мамандар кеңес береді. 
Конференцияның үзаңтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оңылады. Баяндаманы оқуға 7-10 
минут бөлінеді, содан соң тың-даушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер 
айтады  және  қосымшалар  еңгізеді.  Конференцияның  соңында  мұғалім  қорытындылап, 
баяндамашылардың  жүмыстарын,  белсенді  шығармашылық  көрсеткен  тыңдармандарды 

атап  өтеді.  Өз  мәліметтерін  келтірген,  әдеби  деректермен  шектелмеген  оқу-шылардың 
жүмыстарына ерекше назар аударылады. 
Конференцияда  оқушылар  түрлі  көзқарастарды  талдап,  өз  пікірлерін  айтады. 
Конференция ересек жастағы оқушылар ара-сында өткізіледі. 
Факультатив.  Ол  міндетті  оқу  курстарына  сүйеніп  оқу  пөндерін  тереңдетіп  оңытады. 
Факультатив  сабақ  пен  сабақтан  тыг  жүмыстарды  байланыстырады,  пәнді  оқудан  оған 
сәйкес келеті 11 ғылымды оңу басталады. 
Білімдік  міндеттер  бойынша  факультативтерде  негізгі  оқу  пәндері  терең  оңылып, 
риторика, логика, шет тілі сияңты қ<> сымша пәндер оңылады, мамандың беріледі. 
Факультативтер  теориялық  және  тәжірибелік  түрде  до  ото  алады  Оқушылар 
факультативтерді  өздері  таңдап  алады,  сондьщтан  олардың  іс-әрекеті  белсенді. 
Факультативтерге  қызықтыру  үшін  мүғалім  көкейтесті  тақырыптарды,  оқушыларға 
ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін 
дамытатын құралдарды қолдану керек. 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
Сынып –сабақ жүйесі. Оның ерекшеліктері туралы не білесіз? 
 Тарих  бойынша  сабақ  түрін  таңдауға  шартты  түрде  өткізілетін  сабақ  түрлері  мен 
факторларына сипаттама беріңіз   
Аралас сабағының құрылымын жүйелеңіздер 
Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуына қандай талаптар қойылады? 
Мұғалімнің сабақ жоспарлауы деген не? 
Сабақты бағалау критериясы қандай? 
 
Дәріс №9. Тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері. 1сағат. 
      1. Оқытудың әдістері немесе оқу қызметінің жолдары. 
      2. Тарихты оқытудағы деректердің маңызы. 
      3. Тарихи түсінік, ұғым, терминдердің оқыту әдістемесі 
      4. Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері. 
      5. Әңгімелеу тәсілдері  және  бейнелеу тәсілдері 
Оқыту  әдісі  туралы  түсінік.Тарих  –  ғылым,  білім  ретінде  адам  өмірінде  ерекше  орын 
алады.  Бұл  ғылымның  маңызы  туралы  белгілі  ғұламалардың  ой  толғамағаңдары  кемде-
кем.  Қоғам  мүшелерінің  тарихи  білімдерін  көтермей,    оларда  тарихи  сананы 
қалыптастырмай  ешбір  мемлекет  дамудың  жоғарғы  сатысына  жете  алмайды.  Сондықтан 
да әрбір өркениетті, тәуелсіз, дамушы мемлекет өз елінің азаматтарына, алдымсн жастарға 
тарихи білім беруге үлкен мән береді. Ал, тарихты оқытуды неден бастау керек?  - деген 
сұраққа белгілі ғалымдар, педагогтар өз өлкесінің, елінің тарихын оқытудан бастау керек 
деген. Мұндай пікірді кезінде КД.Ушинский де, Жүсіпбек Аймауытов та айтқан болатын. 
Осыларды      ескере  отырып,        Республиканың  Білім  министрлігі  Қазақстан  тәуелсіздік 
алғалы  оқу  орындарыңда  Қазақстан  тарихын  оқытуды  жақсартуға  бағытталган  бірқатар 
шараларды жүзеге асырды, асырып та келеді. Қазір Қазакстан тарихы орта мектепте жеті 
класында  (5-11)  дербес  пән  ретінде  оқытылады.  Басқа  орта  оқу  орындарыңда  окыту 
туралы да алғашқы қадамдар жасалды. Барлық жоғары оқу орыңдарында оқытылады және 
оларға түсетіндер осы пәннен орта мектеп көлемінде түсу емтиханын тапсырады. 
Ендігі міндет - осы пәнді оқытуды жақсарту. Ол үшін оны оқыту әдістемесін жасау және 
жетілдіру  қажет.  Бұл  игілікті  істі  жоғары  оқу  орындарының  тарих  факультеттеріңдегі 
"Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінен бастау керек. 
І.І. «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің» құрылымы мен мазмұны. 
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің жалпы құрылымы 15 тарау-тақырыптан құралады. 
Енді соларды қыскаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік. 
1.    "Қазақстан  тарихын  оқыту  әдістемесінің"  пайда  болуы  және  дамуы.  Мұнда  қазақ 
тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, 
кеңестік  дәуірде  тек  50-жылдардың  аяқ  кезінен  бастап  қана  Қазақстан  тарихының 

материалдары  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқытыла  бастағаны,  проблемалардың 
орын  алғаны,  қолайсыз  тенденциялардың  болғаны  баяндалады.  Қазақстан  Республикасы 
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, 
өз дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді 
2.  "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі - ғылыми пән" деп аталатын тарауда жеке пәнді 
оқыту  әдістемесінің  дидактиканың  бір  бөлімі,  оның  ғылыми  зерттеу  бағыты  педагогика 
ғылымының  методологиясына,  дидактиканың  жалпы  принциптеріне  сүйенетіңдігі,  бірақ 
жеке  пән  әдістемесінің  зерттеу    объектісі  мен    мақсатының  өзіңдік  ерекшелігі    бар 
екендігіне назар аударылады. Жеке пәнді оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым екендігі, 
демек,  тарихты  оқыту  әдістемесі  де  педагогикалық,  қоғамдық  ғылым  деген  тұжырым 
жасалады. 
3. "Қазақстан Республикасы мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы" 
тарауында  Республиканың  осы  күнгі  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  Қазақстан 
тарихының құрылымы талданады. Оның 5-кластан бастап, мектеп бітіргенше жеті класта 
оқытылатыны,  пәннің  екі  курсқа  бөлінетіні,  ягни  5-класта  элементарлық,  ал  6-11 
кластарда  жүйелі  курс  оқытылатьны  көрсетіледі.  Бұл  курстардың,  сондай-ақ  Қазақстан 
тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-
әдістемелік талдау жасалады. 
4..  Келесі  тарау-тақырып  Қазақстан  тарихы  пәнін  оқытудың  мақсат-міндеттеріне  және 
соларға  сүйене  отырып  оның  білім  мазмүнын  анықтауға  арналады.  Қоғамдық  пәндерді, 
соның  ішіңде  әсіресе  тарихты  оқытуда  болып  жатқан  үлкен  өзгерістерді,  оқытуды 
ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты оқытуға 
мүлде  жаңаша  қарау  қажеттігі,  осыған  байланысты  пәнді  оқытудың  мақсат-міндеттеріне 
елеулі  өзгерістер  енгізілетіні  көрсетіледі.  Пәннің  білім  мазмұнын  сұрыптап,  іріктегеңде 
басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады. 
"Пәңді оқытудың ұйымдастыру формалары" - деп аталатын тақырыпта оқыту формаларын 
анықтауға ерекше мэн беріледі. Өйткені, әдетте, сабақтың типтері мен оқыту формалары 
шатастырылады,  семинар,  лекциялар  да  сабақ  деп  есептелінеді.  Дұрысы,  сабақ,  семинар 
лекция,  конференция,  экскурсия,  кеш  сияқтылар,  яғни  өздерінің  ішкі  құрылымы  мен 
оқыту  әдіс-тәсілдері  жөнінен  бір-біріне  ұқсамайтындар  оқытуды  ұйымдастырудың  түрлі 
формаларына  жатады.  Ал,  тарих  сабақтарының  бұрыннан  қалыптасқан  яғни  тарихты 
оқыту  әдістемесі  ғылыми  жағынан,  сондай-ақ  мектеп  практикасы  іс  жүзінде  дәлелдеген 
онға  жуық  типі  бар  екені  белгілі.  Соңғы  жылдары  тарих  сабақтарының  типтері  "әдеттен 
тыс сабақтар" деп аталатын жаңа типтер есебінен көбейтілді. Ондай әдеттен тыс сабақтар 
типтеріне бірқатар алдыңғы қатарлы тарихшы мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, 
ролдік,  топ-топқа  бөліп  оқытатын,  кездесу,  ойын  сахналандырылған  және  басқа  сабақ 
типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл тарауында осындай болашақ жас тарихшы 
мұғалімдерге аса қажет ғылыми-әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс.  
6.  "Тарихты  окыту  әдістері"  тарауында  осы  пәнді  оқытуда  көптеген  пайдаланылып  келе 
жатқан  әңгіме,  әңгімелесу,  тарихи  көркем  әдебиетті,  тарихи  құжаттарды,  тарихи 
деректерді,  көрнекі  және  техникалык  құралдарды  пайдалану  сияқты  иллюстрациялап-
түсіңдіру  әдістерін  шығармашылықпен  қолданып,  оларды  оқушылардың  ойлау,  таным 
қызметін  дамыту  мақсатына  тиімді  пайдаланудың  жолдары  көрсетіледі.  Сонымен  қатар 
оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық тапсырмалар 
беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, 
тәсілдерді пайдалану жолдары толық, әрі нақты мысалдар келтіре отырьп баяндалуы тиіс.  
7.  "Окушыларда  тарихи  білімдерді  қалыптастыру  кезеңдері"  тарауыңда  оны 
калыптастырудың  белгілі  бір  реті,  жүйесі  барлығы,  оны  үнемі  ескеріп  отыру  қажетігіне 
назар  аударылады.  Олардың  қатарына:  тарихи  фактілерді,  оқиғаларды,  құбылыстарды 
түсіндіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды 
талдап-түсіндіру жатады. 
8.    "Тарихи  материалдың  тәрбиелеушілік  мүмкіңдіктерін  жүзеге  асыру  әдістемесі" 
тарауында  бұл  мәселе  мүлде  жаңаша  қарастырылуы  тиіс.  Тарихты  оқыту  барысыңда 
алдымен  қоғамдағы  адамдардың  үлгілі  тәжірибелерін,  үлгілі  істерін  көрсетуге  осы 

мақсатта  өркениеттілік,  мәдениеттанушылық  сипатты  материалдарды  көбірек  пайдалану 
қажеттігі  көрсетіледі.  Тәрбиелік  аспектілерді  анықтағанда  құндылыққа,  ізгілікке, 
отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл 
тарауда  оқушылардың  тәрбиелілік  деңгейлерінің  көтерілгенін  анықтайтын  өлшемдерінің 
үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай 
өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ 
материалының  мазмұнына  қарай  қуану,  не  ренжу  т.б.  сезімдерін  білдірсе  меңгерілген 
білім оқушының тэрбиелілігіне әсер етті деуге болады. 
9.  "Ұғымдар  мен  біліктерді  қалыптастыру  әдістемесі"  деп  аталатын  тарауда  әдістеменің 
аса  бір  маңызды  мәселелері  қарастырылады.  Өйткені  оқу  бағдарламасында  көрсетілген 
ұғымдардың  ғылыми  түсінігі  оқушыларда  берік  қалыптаспаса,  олар  бағдарлама 
талаптарына  сай  ғылыми  білім  ала  алмайды.  Ал,  біліктер  қалыптаспаса  оқушылардың 
ойлау, таным қызметін тиісті дәрежеде дамыту, яғни тұлғаны талапқа сай қалыптастыру 
мүмкін емес. 
10.  "Қазақстан  тарихының  оқулықтары"  тарауында  осы  пәннен  жасалатын  оқулықтарға 
қойылатын  ғылыми-әдістемелік  талаптар  көрсетіледі,  осы  курстан  1959-1990  және  1991-
1995  жылдар  аралығында  жарық  көрген  оқулықтарға  қысқаша  сипаттама  беріліп, 
окулықтардың  кейінгі,  яғни  дербес  пән  болғаннан  бергі  5-11  кластар  үшін 
жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі. 
7."Оқыту  нәтижесін  тексеру  жэне  есепке  алу"  деген  тарау-оку  бағдарламаларында 
көрсетілген  базалық  білім  мен  біліктерді  оқушылардың  қандай  дәрежеде:  "мүмкіндік" 
және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда 
оқушылардың  білімі  мен  біліктеріне  қойылатын  мемлекеттік  стандарт  талаптарының 
орындалуы  тексеріледі.  Осыған  орай  тарауда  оқушылардың  меңгеретін  тарихи 
білімдерінің  толықтығына,  тереңдігіне,  беріктігіне  қойылатын  талаптар,  сондай-ақ 
білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады. 
Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері туралы 
нұсқаулар беріледі. Мәселен, оқыту нәтижелерін қатар  жазбаша тексерудің: тақырыптың 
жэй  және  толық  жоспарларын,  тезисін  жасау;  тақырыпты  сұрақтарға  бөліп,  оларға 
жауаптар  жазғызу;  графикалық  тапсырмаларды  орындату;  диаграммалар,  схемалар, 
хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда 
білім  тексерудің  тест  әдісін  қолдану  туралы  да  әдістемелік  нұсқаулар  болады. 
Оқушылардың  білімдері  мен  біліктері  тарихи  білімдерінің  тірек  категориялары:  тарихи 
уақыт,  тарихи  кеңістік,  тарихи  қозғалыс  бойынша  тексерілгені  дұрыс.  Бұл  нұсқау 
студенттерге  түсінікті  болу  үшін  оқыту  нәтижесін  тексеруге  арналған  сұрақтар  мен 
тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды. 
12.  "Өлкетану  жүмыстары"  тарауында  тарихшы  мұғалімдердің  өз  өлкесін  зерттеуге 
оқушыларды  қатыстыруы,  осы  бағытта  жүргізілетін  жұмыстарды  жоспарлау  және 
ұйымдастыру  жолдары  баяндалады.  Өлкетану  жұмысы  нәтижесіңде  жинақталған 
материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тэрбие жұмысыңда пайдалану 
жолдары  көрсетіледі.  Осы  тарауда  өз  өлкесі  тарихы  бойынша  оқу  құралдарын  дайындау 
жэне  оқыту  жолдары,  сондай-ақ  Қазақстан  тарихының  белгілі  дәуірлерін  бағдарлама 
бойынша  өтіп  болғаннан  кейін,  сол  дәуірдегі  өз  өлкесінің  тарихын  баяндауға  арналған 
сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі. 
13. Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай 
меңгертуде  тарих  пәні  бойынша  сабақтан  және  кластан  тыс  жұмыстардың  маңызы  зор. 
Соңдықтан  да  "Қазақстан  тарихын  оқу  әдістемесі"  пәнінің  құрамында  "Тарих  пэнінен 
жүргізілетін сабақтан жэне кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, 
орта  кластар  оқушыларын  қамтитын  түрлі  тарихи  үйірмелерден  бастап,  көбіне  жоғары 
кластар  оқушыларымен  ұйымдастырылатын  саяхаттар  мен  экскурсиялар  сияқты  алуан 
түрлі  жұмыстарды  алдын-ала  жоспарлау,  ұйымдастырып  өткізу  мэселелері  жан-жақты 
қамтылады.  Мұндай  жұмыстар  ойдағыдай  ұйымдастырылған  жағдайда  оқушылар  оларға 
белсене,  қызыға  қатысады,  демек  олардың  тарихи  білімдері  толыға  түседі, 
шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады. 

14.  "Қазақстан  тарихын  оқытатын  мұғалімге  қойылатын  талаптар"  деген  тараудың 
мазмұны  бұған  дейін  орталық  баспалардан  (Мәскеуден)  шыққан  тарихты  оқыту 
эдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше 
болады.  Бұрын  басты  міндет  —  оқушыларды  коммунистік  қоғамның  салтанат 
құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет 
— оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында  тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға 
деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, 
оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген катынастар 
орнату. 
Мұнда  мұғалімнің  ғылыми,  кәсіби-әдіскерлік,  жан-жакты  білімділік  дәрежесіне, 
адамгершілік,  еңбек  сүйгіштік  сияқты  қасиеттеріне  қойылатын  талаптар  да  жан-жақты 
көрсетіледі.  
15.    Соңғы    тарау-тақырып    "Қазақстан    тарихының    оқу-әдістемелік комплекс деп 
аталады.  Мұндай  комплекс  бұрын  қазақ  мектептеріндегі  оқу  пәндерінің  бірде-бірінен 
жасалған емес.       Бұл жұмыс енді    ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте 
осы пәннен жасалатын оқу-әдістемелік    комплекс    кұрамында    төмендегілер    болады:    
оқу  бағдарламасы;  оқулық;  оқулықты      пайдалану      туралы      әдістемелік  нұсқаулар; 
курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл);   хрестоматия   (8-11 кл);   
терминологиялық      сөздік;      дидактикалық  материалдар;  көрнекі  және  техникалық 
кұралдар.  Тарих  факультетінің  қазіргі  студенттері  мектепке  барғанда  осы  құралдар 
мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер 
ол   құралдармен   жұмыс   істеудің   әдіс,   тәсілдерін   университет   пен педагогикалық   
институттардың   қабырғаларында   жүріп-ақ   үйренулері керек. 
Жоғары  және  орта  оқу  орындарыңдағы  Қазақстан  тарихын  оқыту  дәрежесі  оның 
әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе 
жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді. 
Тарихты оқыту эдістемесіндегі тарихи құбылыстарды тудыру.Тарихи білім берудің ең 
басты  элементі  -  ол  білім.Білім  адамзаттың  әлеуметтік  тәжірибесін  жинақтаған  тарих 
саласындағы  мәлімет,  танымдардан  құралады.  Білім  қоғамның  дамуы  туралы  ғылыми 
түсінік  қалыптастырады,  тарихи  шындық  және  адамзаттың  оған  қол  жеткізу  жолдары 
туралы дүниетанымды негіздейді. 
Тарихи  білімнің  құрылымы  тарих  ғылымының  өзін  танудан  басталады.  Оқу  мазмұны 
мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материал мен теориялық және әдістемелік (ғылыми 
танымның  түрлері  мен  әдістері  құрылымның  қағидалары  туралы  ғылым)  негіздерімен 
жұмыс  жасай  алу.  Оқу  процесінде  оқушылар  дерек,  құбылыс,  оқиға,  процес  сияқты 
санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. 
Дерек  деген  сөз  латын  тілінен  аударылғанда  «жасалынған,  іске  асқан»  деген  ұғымды 
білдіреді.  М.Горький  «дерек  үйретеді,  тәрбиелейді»  деген.  Тарихта  дерек  нақты 
жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы: 1986 жылғы 
Желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі. 
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы: Ұлы 
Отан  соғысы  -  негізгі,  Курск  шайқасы  -  қосалқы  дерек.  Оқиға  дегеніміз  жалғыз-жарым 
дерек.  Оған  Аңырақай  шайқасы,  Кенесары  көтерілісін  жатқызуға  болады.  Бұл  оқиғалар 
нақты жағдайда нақгы адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде 
болған.  Осындай  жекелеген  қайталанбайтын  оқиғаларды  оқып  үйрену  оқушылардың 
тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмект 
 2.  Тарихы  материалды  ауызша  оқытудағы  негізгі  тәсілдер,  оларға  қысқаша 
мінездеме.  Сабақта  мұғалім  ауызша  әңгімелеудің  сан  алуан  түрлерін:  сюжетті  әңгіме 
түрінде  хабарлау,  картина  бойынша  суреттеп  айту,  тарихи  оқиға,  құбылыс  және  жеке 
қайраткерлерге сипаттама беру, конспект, тезис түрінде баяндау, түсіндіруді пайдаланады. 
Дидактар  мен  әдіскерлердің  айтуынша,  сюжетті  әңгіме  түрінде  баяндауға  белгілі  тарихи 
сюжеті  бар,  кебінесе  шиелініскен,  кайшылықка  толы  жағдайды  толыкканды  және  әсерлі 
түрде  хабарлап беру  жатады  (1;  2;  3).  Мұндай  әңгімелеп  беру  әдісі  Отан  тарихының  аса 
маңызды, шиелініскен окиғаларын, кұбылыстарын, мысалы, Аңырақай шайкасын, Исатай 

мен  Махамбет  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісін,  «Ақтабан  шұбырынды,  Алкакөлсұлама» 
жылдарындағы  батырлар  мен  билердің  ерлігі  туралы  тақырыптар  баяндалған  кезде 
қолданған  тиімді.  Сюжетті  әнгімелерге  қызыкты  эпизодтар,  қайраткерлерге  берілетін 
сипаттамалар,  тарихи  оқиғаға  қатысушы  адамдардың  диалогтары  мен  монологтарын 
кірістіру,  мәтінге  назар  аударатын  қанатты,  мәнерлі  сөздер,  салыстырмалар,  эпитеттер, 
афо-ризмдер  т.б.  жатады  Мәселен,  «Қазақстанның  Жоңғар  басқыншыларына  қарсы 
соғысы»  тақырыбын  оқып  үйренуде  мұғалім  әңгімесіне  Төле  би  мен  Бұқар  жыраудың 
мына сөздерін пайдалануға болады: 
«Уа, косіле шабар жерің бар,  
Ту котерер ерің бар. 
 Қол боларлық елің бар,  
Атадан қалған   жолыңбар...  
Құлдық ұрсаң дұшпанға, 
 Еркек болып туды деп. 
Мына сені кім айтар!»  
Төле би (4, 273). 
Қиядан қиқу төгілсе, 
 Аттың басын тартпаған,  
Қисапсыз қол көрінсе,  
Қорқып жаудан қайтпаған, 
 Қазақ деген халқынан.  
Батыр шыққан даңқыңнан,  
Қарсыласқан асылдар, 
 Қорғасындай балқыған,  
Батырың өтті Бөгембай»  
Бұқар жырау. 
Озат мүғалімдердің тәжірибелері, әдістемелік зерттеулері жоғары сынып оқушыларының 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  өмір-тұрмысының  тұтас  көрінісін 
картина  бойынша  суреттеу,  «өткенге  саяхат»  түрінде  құрылған  театрландырылған 
сабақтарды, сюжетті әңгімелерді едәуір жақсы меңгеретіндіктерін көрсетіп отыр.  
Әдіскер Г.Р. Косованың кітабында «саяхатты» суреттеп беру үлгісі келтірілген. Суреттеу, 
сондай-ақ жеке елдердің табиғаты мен оны мекендейтін халықтардың коғамдык өмірі мен 
тіршілігін суреттеп беру үшін де пайдаланылады. Мәселен, 8 сыныпта  «XVIII ғасырдағы 
Қазақстан  мәдениеті»  сабағында  Ресей  ғалымдарының  Қазақстанды  ғылыми  зерттеуі, 
олардың  еңбектеріндегі  еліміздің  жағырафиясы,  тарихы  және  этнографиясы  туралы 
мәселені  қарастырғанда  қазақтын  кеңбайтақ  жерін,  табиғи  ерекшелігін  сөзбен  шынайы 
сипаттаған, суретпен бейнелеген поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің альбом кітабын 
пайдаланған  тиімді  (7,  121).  Автор  «Қазақ  сахарасына  саяхат»  еңбегінде  керуен 
жолдарының маңызы, ондағы жолбасшының атқаратын айрықша рөлі туралы әңгімелейді. 
Бұл  қосымша  материалды  пайдалану  жолбасшының  атқарған  маңызды  да  жауапты 
міндетін  көрсетумен  қатар,  кен-байтақ  еліміз,  оның  өмір  тынысы,  тіршілігі  мен  сыры 
туралы оқушыларда әсерлі сезім қалдырады. Керуен жолы жәй жол емес, қиын да қауіпті, 
қатерлі.  Өйткені,  ол  адамнан  шыдам-дылықты,  төзімділікті,  тапқырлықты,  батылдыкты, 
табиғаттың  қыр-сырын  жақсы  білуді  талап  етеді.  Қазақ  халқының  табиғатпен  етенеты-
тызғыз  байланысты  болғанын,  оның  қыр-сырын  жақсы  білгенін  айқын-яайтын  Б. 
Залесскийдің  «Казақ  сахарасына  саяхат»  еңбегінен  төмендегідей  қосымша  материал-
қолданса, сабақтың әсерлілігін арттыруға едәуір ықпал жасайды. 
«Жабырқау жатқанына қарамай осынау өлкенің өз сұлулығы да бар. Құдай өзі  жаратқан 
әр түкпірге әр түрлі әдемілікті еншілеп беруді әсте ұмытпайды. Еуропалық тіршілікті еске 
салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тәлкегі  қуалап батыстан әкелген адамды осынау 
сұлулыктыи өзі-ақ тәнті етер еді. 
Арнайы  салған  жолы  жоқ,  құдыктары  да  сирек  ұшырасар  маң  далада  бағытыннан  сан 
жанылсан, бір тамшы су таппай күні бойы адасуын мүмкін, сондықтан жолбасшысыз жол 
жоқ.  Қазақтар  дала  сырықа  жетік,  түн  баласы  жұлдыздарға  қарап  бағдар  алады.  Ал  жат 

жерлік  болса  жергілікті  жұрттың  әдеп-ғұрыптарымен  танысу  үшін  де  жолбастаушы 
жалдауға  мәжбүр.  Ауыз  су  табу,  аттар  мен  түйелерге  жайылым  қарау,  төте  жол  іздеу, 
көбіне  қой  етінен  әзірленетін  тағамды  тауып,  оны  пісіру  —  міне,  мұның  бәрі  де 
жолбасшының міндеті. Әдетте, ол керуеннен өн бойы алда жүріп, жол нұскап отырар еді. 
Әнеки, ол кеңістіктегі жалғыз нокаттай болып алыста кетіп барады. Басқаларға қарағанда 
тезірек  қимылдайтын  жолбасшы  демалар  орынды  тауып  берген  соң,  шеп  үстіне 
тыныстауға  кисаяды.  Керуен  тоқтаған  кезде  ол  тағы  да  атына  мінеді.  Әдетте,  екі 
жолбасшы болады да, бірі керуеннің жанында қалғанда, екіншісі жан-жакты шарлай кезіп 
жүріп,  не  бір  құдык,  не  бір  іркінді  су  болса  іздеп  табады.  Содан  соң  жолбасшы  ежелгі 
телеграфтардын  белгілеріне  ұқсас  бір-біріне  алыстан  кол  сермесіп,  хабар  берер  еді. 
Алғашқы  жолбасшы  атын  желе  жорттырып,  шығыстан  батыска  қарай  бірнеше  шеңбер 
сыза немесе бірден бетін шығыска беріп жүрер еді, кейде бағдар бағаны сияқты орнынан 
қозғалмай сіресіп тұрған оның тұлғасы көкжиектен көрінер еді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет