1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

қазіргі  жүйесі.  Ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқушылардың  өздік  жұмыстарын 
ұйымдастыру.  Бүгінгі  жалпы  білім  беретін  мектеп  қоғамның  алға  қойған  көкейкесті 
міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін  баланың  табиғи  мүмкіндіктерін,  қабілетін  дамытып, 
дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына 
жауапты  шешімдер  қабылдай  алатын,  әр  істе  белсенді  шығармашылық  әрекет  жасайтын 
жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. 
Оқушыларды  шығармашылыққа  баулу,  өз  бетімен  әрекет  жасауға  үйрету,  бүгінде 
көптеген  ғалымдардың  көзқарасы  бойынша  XXI  ғасырдың  іске  асуға  тиісті  өзекті 
проблемасы болып табылады
Р.Г.Лемберг,  Е.Я.Голант,  Д.Н.Богоявленский,  Л.В.Занков  және  тағы  да  басқа  көрнекті 
ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, 
ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады. 
Соңғы  онжылдықта  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың  теориялық-әдіснамалық 
проблемалары  көптеген  ғалымдардың  еңбектеріне  арқау  болып,  әртүрлі  бағытта 
қарастырылды: 

оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый); 

оқушылардың  танымдық  дербестігін  қалыптастыруға  бағытталған  теориялық 
тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова); 

дербестік  -  өзіндік  ұстаным,  рухани-практикалық  білім  ретінде  (Л.П.Буе-ва, 
С.Т.Зырянов); 
-дербестік  -  жеке  тұлғаның  қасиеті  мен  сапасы  ретінде  (К.А.Абульханова-Славская, 
К.К.Платонов). 
3.Тарих  бойынша  мектеп  бағдарламасына  сараптама  жасау.  Оқулық  пен  оқу 
бағдарламасына 
құрылымдық-функционалдық 
талдау 
кезінде 
мұғалім 
жұмыс 
қорытындысы,  ойлар  мен  тұжырымдарды,  ұғымдардың  анықтамасын  қағазға  белгілеп 
отырады. 
Кұрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ 
мақсаты айқындалады. 
Ғылыми  ұғымда  мақсат  дегеніміз  әрекет  нәтижесін  алдын  ала  ойша  болжау  дегснді 
білдіреді. 
       Мақсатты  айқындауда  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  (азаматтардың  тең 
құқықтылығы,  еркіндігі,  ар-ұяты,  парызы  яғни  т.б.)  және  мемлекеттік  стандартта 
белгіленген  тарихты  оқытудың  мақсаттарын  басшылыққа  аламыз.  Мақсаттар  ұзақ 
мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін. 
Функционалдық  талдауда  айқындалған  мақсаттарды  былайша  жүйелеуге  болады.  Білім 
беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты 
қандай  білімді  игеруі  керек;  сол  сияқты  білімді  қайталау,  бекіту  және  тереңдету 
мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие 
берудегі  (қайырымдылық,  кішіпейілділік,  адалдық,  еңбексүйгіштік)  үлесі  қандай;  тәрбие 
оқу  материалының  мазмұнын  тану  процесінде,  оқу  әдебиеті  барысында,  оқушы  мен 
мүғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс. 
Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар дамытылды (жоспар 
құра  білуі,  сұрақ  құрастыра  алуы,  материалды  игерудің  қисындық  бірізділігін  игеруді 
және  т.б.).  Сонымен  бірге  дамытушылық  мансаптарға  оқушылардың  пәндік  және  оқуға 

қатысты  жалпы  дағдылары  мсн  шеберліктерінің  қалыптасып,  психикасының  (ақыл-ой, 
ерік-жігер, танымдық, қызығушылық) дамуын да жатқызуға болады. 
"Ежелгі Рим" тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты-мөдени, шаруашылық тұрғысынан 
адамзаттың  дамуын  көрсету;  тәрбиелік  мақсаты  —  қаталдықты  айыптап,  оқушылардың 
қарапайым  адамдардың  азар  өміріне  деген  аяушылық  сезімін  ояту;  дамыту  мақсаты  - 
жекелеген болшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау. 
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйелейді: 
а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме, 
Тарих  пәнінің  оқу  бағдарламасындағы  білімдер  мен  біліктерді  оқушыларға  ойдағыдай 
меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан  тыс  жұмыстардың  маңызы зор.   
Соңдықтан  да    "Қазақстан  тарихын  оқу  әдістемесі"  пәнінің    құрамында  "Тарих  пәнінен 
жүргізілетін сабақтан және кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, 
орта  кластар  оқушыларын  қамтитын  түрлі  тарихи  үйірмелерден  бастап,  көбіне  жоғары 
кластар  оқушыларымен  ұйымдастырылатын  саяхаттар  мен  экскурсиялар  сияқты  алуан 
түрлі  жұмыстарды  алдын-ала  жоспарлау,  ұйымдастырып  өткізу  мәселелері  жан-жақты 
қамтылады.  Мұңдай  жұмыстар  ойдағыдай  ұйымдастырылған  жағдайда  оқушылар  оларға 
белсене,  қызыға  қатысады,  демек  олардың  тарихи  білімдері  толыға  түседі,  шығармашы-
лықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады. 
14.  "Қазақстан  тарихын  оқытатын  мұғалімге  қойылатын  талаптар"  деген  тараудың 
мазмұны  бұған  дейін  орталық  баспалардан  (Мәскеуден)  шыққан  тарихты  оқыту 
әдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше 
болады.  Бұрын  басты  міндет  —  оқушыларды  коммунистік  қоғамның  салтанат 
құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет 
— оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға 
деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, 
оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген қатынастар 
орнату. 
Мұнда  мұғалімнің  ғылыми,  кәсіби-әдіскерлік,  жан-жакты  білімділік  дәрежесіне, 
адамгершілік,  еңбек  сүйгіштік  сияқты  қасиеттеріне  қойылатын  талаптар  да  жан-жақты 
көрсетіледі. 
15.  Соңғы  тарау-тақырып  "Қазақстан  тарихының  оқу-әдістемелік  комплекс  деп  аталады. 
Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі 
оқу  пәндерінің  бірде-бірінен  жасалған  емес.      Бұл  жұмыс  еңді    ғана  басталып  жатыр. 
Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын 
оқу-әдістемелік    комплекс    құрамында    төмеңдегілер    болады:    оқу 
бағдарламасы; оқулық; оқулықты   пайдалану   туралы   әдістемелік 
нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл); хрестоматия 
(8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық 
құралдар.  Тарих  факультетінің  қазіргі  студенттері  мектепке  барғанда  осы  құралдар 
мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер 
ол   құралдармен   жұмыс   істеудің   әдіс,   тәсілдерін   университет   пен педагогикалық 
институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.  
Жоғары  және  орта  оқу  орындарыңдағы  Қазақстан  тарихын  оқыту  дәрежесі  оның 
әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе 
жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді. 
б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты. Тарих пәнінің тәрбиелік 
маңызы.  Тарих  пәнінің  тәрбиелеушілік  мүмкіндігі  өте  мол.  Өйткені  ол  бүкіл  адам 
баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды. Ал, мектептегі тарих курсына 
сол  тәжірибенің  алдымен  маңыздылары,  құндылары,  ізгілері  алынады.  Әрине,  мектептік 
тарих  курсында  құнсыз  тарихи  оқиғалар  да  оқытылады.  Мәселен,  фашизм,,  крест 
жорықтары,  басқа  елге  шапқыншылық  жасап,  бейбіт  халықты  қырғынға  ұшыратқан 
соғыстар,  т.б,  Бірақ  мұндай  құнсыз  оқиғалар  білім  ретінде  құнды,  өйткені  оларды 
болдырмау  үшін  күресуге  дайындаймыз.  Тарих  пәні  небір  тамаша  тарихи  фактілерді, 
оқиғаларды,  құбылыстарды,  жеке  тарихи  қайраткерлердің  халық  үшін  жасаған  қызметін 

баяндайды,  осылардың  бәрін  олардың  жүрегіне,  сезіміне  күшті  әсер  етеді,  адамгершілігі 
жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. 
 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  даму  жолына  енді  ғана  түсті.  Оның  келешегі 
алда,  біртіндеп  дамыған,  гүлденген  өркениетті  елдер  қатарына  қосылады.  Мұны  жүзеге 
асыратын  Қазақстанның  қазіргі  жас  азаматтары,  мектеп  оқушылары.  Қазақстанға  жан-
жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, 
осы  ел  үшін,  оның  халықтырынң  бақытты  келешегі  үшін  бар  білімі  мен  күш-жігерін 
аянбай  жұмсайтын  нағыз  отаншыл  азаматтар  керек.Осы  міндетті  орындауға  мектептегі 
тарих  пәні  өте  зор  үлес  қосады.  Кеңес  елі  тұсында  тарих  пәнін  оқыту  барысында 
оқушыларды  тәрбиелеудің  ең  негізгі  бағыттары:  марксизм-ленинизм  идеясына 
берілгендік,  дүние  жүзінде  капитализмнің  құрып,  коммунистік  қоғамның  саклтанат 
құратынына  сендіру,  социалистік  идеологиядан  басқа  идеологиялардың  бәрін  жек  көру, 
дінді  жек  көру  рухында  тәрбиелеу  болды.  Тәрбиенің  мұндай  бағыттарының  мүлде  теріс 
екендігін  өмір  тәжірбиесі  көрсетті.  Сондықтан  да  біз  қазір  Қазақстан  мектептеріндегі 
тәрбиенің  міндеттерін  анықтағанда  мұндай  теріс  бағыттырдан  бас  тартамыз.  Тарих 
сабақтарында 
оқушылардың 
дүниеге 
ғылыми 
көзқарасы 
қалыптастырылады, 
адамгершілікке,  имандылыққа,  ізгілікке  тәрбиеленеді,  отаншылдыққа,  халықтарды 
құрметтеуге,  сыйлауға,  яғни  халықтар  достығына  тәрбиеленеді,  еңбекке,  қарт  ұрпақтың 
еңбек  пен  жауынгерлік  дәстүріне  тәрбиеленеді;  діннің  қызметін  дұрыс  түсінуге,  оны 
дұрыс  бағалауға,  бейбітшілікті  сақтауға  үлес  қосуға,  апдамзат  жасаған  құндылықтарды 
құрметтей  білуге  тәрбиеленеді;  эстетикалық,  экологиялық,  экономикалық,  т.б.  тәрбие 
алады.  
Жаңа  буын  оқулықтарының  кемшілікткері.  Мектепте  «Тарих»  курсын  оқытудың 
басты  мақсаты:  оқушыларға  адамзат  дамуының  ежелгі  заманынан  бастап,  бүгінгі  күнге 
дейінгі  даму  тарихынан  жүйелі  білім  негіздерін  қалыптастыру,  бүкіл  адамзат  жасаған 
құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін меңгерту. 
Сондықтан  оқулық  –  адамзат  тарихында  білім  беру  міндеттерін  шешуге  бағытталган 
оқудың озық құралы. 2001 жылдан бастап тарих пәніне жаңа буын оқулықтары енгізілді. 
Осы оқулықтардың басты ерекшелігі: 
1.   Оқулықтың   мемлекеттік   тілде   жазылып, бірнеше тілге аударылуы: 
2.  Оқу    материалдарының      басым    көпшілігі  Қазақстанның  даму  кезеңдерінен  (тарихы. 
мәдениеті. дәстурі, т. б.) алынуы; 
3. Әдістемелік   кешенінің дайындалып, шығарылуы; 
4. Оқулықтарға қойылатын педагогикалық талаптардың ескерілуі. 
Сонымен бірге тарих пәні мұғалімі болғандықтан, жаңа буын оқулықгарында жіберілген 
қате-кемшіліктер туралы сын-пікірлер айтуды өз міндетім деп есептеймін. Оқулықтардағы 
жіберілген қателіктер: 
1.Оку материалының көлемділігі; 
2.Тілі күрделі, оқушылардың қабылдауына қиындық туғызады; 
З.Суреттер мен иллюстрациялардың сапалы берілмеуі
4.Тарихтағы  кейбір  даулы  мәселелер,  мысалы:  Қазақ  хандығынын  құрылу  мезгілі, 
Шыңғыс  ханның.  Әмір  Темірдін  тарихтағы  ролі.  т.  б.  туралы  әр  түрлі  бағыттағы 
көзқарастар мен тұжырымдардъң оқулықта жазылмауы. 
«Көш  журе  тузеледі»  демекші,  кеткен  қателіктерді  ендігі,  алдағы  басылымында 
жібермеудің жолдарын көрсеткен достық ұсыныстарымызды авторлар ұжымы ықыласпен 
қабылдап, оқулықтар мен олардың оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіре, жақсарта түседі 
деп сенемін. 
 
 Бекіту сұрақтары: 
      1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту дегенді қалай түснесін? 
      2. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызын атап беріңіз ? 
      3."Қазақстантарихын    оқу    әдістемесі"   пәнінің    құрамында  қандай   жұмыстардың 
бөлімі болу керек ? 
 

Дәріс  №16.  Кино-фото  құжаттарын,  кезеңдік  баспа  материалдарын 
пайдалану. 1 сағат 
1.Кино, бейне таспа, баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері. 
2.Тарих бойынша көрнекіліктерді классификациялау. 
.  Оқушылардың  өз  бетімен  оқулық  текстерімен  жұмыс  істеуін  талап  ету,  және  тарихты 
оқыту  процессінде  оның  маңызы.  Тарих  пәнін  окытуда  оқулықгың  ролі.  Қазіргі  таңда 
аманың тарих туралы түсінігі ғана емес, тарихқа деген көзқарасы да, қабылдау үрдісі де 
өзгереді. Оның үстіне мектептегі оқыту саласында білім берудің халықаралық 12 жылдық 
жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, оқыту нәтижелі болу үшін оқулықтың әдістемелік 
құрылымын  өзгерту  керек.  Ендігі  жерде  окушының  берілген  материалды  тез  игеруіне 
орайластыра  жеңілдету  жолдарын  қарастырыу  керек.  Ең  бастысы  шәкірттің  жанды 
қызығушылық әрекетін туғызатындай, олардың жалықтырып алмай өз бетімен ойлануға, 
белгілі  бір  тарихи  фактіге,  тарихи  құбылысқа  қорытынды  жасауга,  өзіндік  көзқарасын 
қалыптастыратын, сол арқылы өз біліміне сенім ұялататын оқулык  керек. Себебі, қазіргі 
таңда  оқушыларымыз  қолданыстағы  оқулықтардығы  ұзақ-сонар  дайын  білімдерді  
тыңдаумен  ғана  шектелуде  .  оқулықтарда  берілген  кейбір  материалдардың  тым 
шұбалаңқылығы  мен  көп  сөзділігі  оқушыны  шатастырады.  Шатастырып  қана  қоймай, 
шәкіртті жалықтырады. Өйткені, оқулық оқушы талғамының түсіну, игеру деңгейіне сай 
емес.  Мысалы,  9  сыныптағы  қазақ  халқының  патшалы  Ресей  кезеңінде  ұлт-азаттық 
көтерілістерге  арналған,  т.б.  материалдарды  алып  қараңыз.  Сол  оқулықтағы  күйіне  45 
минут көлеміне сыйдыра отырып, оқушыға ескерер жәйт сіз түсіндіріп қана шектелмейсіз 
ғой. Оқушыдан өтілген материал мен үй тапысрмасында сұрап үлгеруінің керек. Осыдан 
барып  оқушының  сабақка  (әрине,  бәрі  емес  болар)  немқұрайдылығы  пен 
қызықпаушылығы  туады.  Ал  ұзақ  сонар  материалдарды  күштеп  танып,  тықпалай  беру 
салдарынан  өзіміздің  ортақ  ұлттық  құндылығымыз  тарихымызға  деген  салқындық  лебін 
туғызады.  Осыдан  барып  ұлттық  болмыстан  тыс  қалып,  ұлт  құндылығына  менсінбей 
қарауга  әдеттенген,  талғамы  ұлттық  болмыстан  алшақтаған  ұрпақ  қалыптасуда.  Ұлттық 
патриотизмді  өлтіретін  ең  қатерлі  немқұрайдылық  жады  осыдан  шығады.  Оқушының 
берілген  материалды  меңгеру  процесін    жеңілдететін  танымдық  жэне  ойлау  қызметінің 
дамуына  ықпал  етерлік  әдіс-тәсілдер  таблица,  диограмма,  тест,  т.б.  мүлдлем 
қарастырылмаған. 
Сыныпта сапалы білім берудегі негізгі міндеттерін әр мұғалім өз тәжірибесіне қарай түрлі 
творчестволық жолмен өзінше шешетіндігі белгілі, бүл күнделікті жұмыс әдіс  ғана болып 
қала  бермек.  Сабақтың  табысты  өтуі  мұғалімнің  дайындығына,  білімі  мен  іскерлігіне, 
қабілет  тәжірибесіне,  өз  мамандығына  жан-тәнімен  беріліп  атқаруына  да  байланысты 
болар. Бұл, дегенмен өзімізді-өзіміздің алдауымыз. Себебі, сабақты түрлендіру тек ашық 
сабақта  ғана  өткізіледі.  Өзімізге  белгілі  мұндай  сабақтарға  мұғалім  өзінң  біліктілігі  мен 
кәсіби  деңгейіне  орай  материалдар  жинап,  сабақты  барынша  түрлендіруге  тырысады. 
Ашық  сабақтың  практикалық  маңызы  болғанымен,  бұл  әдістемелік  тәжірибе  ғана.  Ол 
мұғалімнің  жақсы  әдістерін  насихаттауға,  сабақты  жетілдіруге  көмек  беріп,  шеберлікті 
шыңдауға жәрдемін тигізгенімен оқу құралы да бола алмайды. Ондай сабақ пен күңделікті 
жұмыс  барысындағы  сабақ  айырмашылығының  ара  салмағын  әрбір  мұғалім  жете  біледі. 
Әрине,  өзінің  ісіне  шын  берілген,  күнделікті  сабағына  өте  жоғары  әзірлікте  жүретін 
ұстаздарды да жоққа шығаруға болмас. Бірақ  жеке бастың мүддесі тұрғысынан келгенде 
оқулықтағы бармен қанағат қылатьшымызды ешкім теріс демес. Сондықтан ендігі жерде 
оқулык  мұғалім  үшін  қосымша  әдістемелік  оқу-кұралы  қызметін  қоса  атқаруы  тиіс.  Бұл 
оқулықтағы  білімді  түсініп,  қабылдаушы  (оқушы)  мен  оны  шәкірт  түсінігіне.сай  етіп 
жеткізуші  (мұғалім)  арасындағы  процесті  жеңілдету.  Оқулықта  екі  жақтың  да  мүддесі 
қарастырылуы  керек.  Қазіргі  окулықтарда  оқушьның  тапсырманы  қабылдау  қабілетінің 
деңгейі  ескерілмеген.  Сондықтан,  ендігі  жерде  негізгі  басылымдылық  -  міндетті  түрде 
тарихи фактілерге негізделген ғылыми әдістерге берілуі қажет. Сонымен бірге, оқулықтың 
әдістемелік  жолдарын  баяндайтын  сабақ  жоспарларының  да  қоса  шығарылғаны  дұрыс. 
Мұғалім  оны  жазуға,  дайындалуға  қаншама  уакытын  жоғалтады  (жазбайтынымыз 
қаншама).  Сол  арқылы  мұғалім  еңбегін  жеңілдетіп  қана  қоймаймыз,  оның  одан  әрі 

тәжірибесіне  сай  өз  еркімен  сабақ  жоспарын  толықтыруға,      жетілдіруге      мүмкіндік   
беріледі.      Оқушы      фактілерді      берік    меңгермесе  тарихи  білім  жүйесі  калыптаспайды, 
оқыту процесі барысыңца сол кезендегі фактілердің себептері мен сипаты ; міндетті түрде 
ашылып көрсетілуі тиіс. Тарихи фактілерді меңгеруден білімді , игеру басталады. Тарихи 
фактілер  схема  түрінде  берілсе,  оқушыны  қызықтырып  тақырыптың  негізгі  мақсатын, 
білім  мазмұнын  ашуға  көмектеседі.  Тарихи  құбылыстар    мен  схема  арқылы  танысу 
оқушыға тарихи фактіні өзі талдай алуына мүмкіндікбереді. 
Тарих    дегеніміз – тарихи    фактілердің    тізімі    ғана    деген    түсінік қалыпттастырмау 
үшін,  оқулыққа  тарихнама  деректерінің  енгізілуі  де  ескерілсе,  өтілген  тақырыптарды 
жинактап, эр тарау соңында аса маңызды, түйіңді деген, хронологиялық сәйкессіздігі дау 
тудырмайтындай  нақты  тарихи  білім  элементтері  іріктеліп,  маңызды  даталар,  атаулар, 
тарихи тұлғалар туралы қысқаша мәліметтермен бірге тест тапсырмалары құрастырылып 
берілсе. 
Алматы қаласындағы «Мектеп» баспасынан басылып шыққан «Қазақстан 
тарихы» оқулығы (Авторлары: Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев, 
Е.Қалиева,    Т.Далаева.А.  «Мектеп».  2006  ж.)  тоғыз  тараудан  тұрады.  Бұл  оқулықтың 
кемшілік тұстары сонда «Страбон өй деді, Плутарх бүй деді» 
деген  балама  пікірлер  өте  көп.  Бұл  сөйлемдер  баланың  ойын  сан  алуан  тоғыспайтын   
тұжырымдармен   шатастырады.    Оқушы—   студент   емес. 
Сондықтан  оған  жатық  түсіндіру  үшін  ғылыми  астарлы  ойларды  шектеп,  жүйелі  жазу 
керек. Сонымен бірге етілетін     тақырыптардың     ауқымының молдығы соншалықты, 
оны бір параграфқа сыйғызып, топтап оқыту мүмкін емес. 
9-сыныптарға     арналған      «Қазіргі      заман      тарихы»      (Авторлары: 
Қожахметүлы  Кеңесбай,  Шөпеков  Әбдігали,  Ғүбайдүллина  Мария,  Бекіш  Райхан.      А.    
«Мектеп».)   жазған   оқулық   әрі   сапалы,   әрі   жүйелі,   тек тақырыптарға бөлінетін 
сағат  сандарының  көлемін  ұлғайтса  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Ал    қорыта  айтқанда 
оқулықгарлың  қайталан  қаралып,  жүйелі  жазылуы  құба-құп  дер  едім.  Сондықтан 
еліміздін, жас ұрпақтың ертеңі үшін тақырыптарды ерінбей қайта карауды етінемін. 
2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:  
а/  өздік  жұмыс.  Ғылыми-педагогикалық  зерттеулерде  "өздік  жұмыс"  ұғымына  бірнеше 
анықтамалар берілген: 

оқыту  үрдісіне  енгізілген  оқушылардың  өздік  жұмысы  -  мұғалімнің  тікелей 
қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың 
мақсатына  қол  жеткізуге  өздерінің  күштерін  пайдалану  және  танымдық  іс-әрекеттерінің 
нәтижелері арқылы тырысады (Б.П.Есипов); 

оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімінің бақылауынсы 
орындауы (Р.М. Микельсон); 
өздік оқу іс-әрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді 
өз  бетімен  қою,  оның  шешімін  табудың  өзіндік  тәсілдерін  болжау  және  анықтау,  жеке 
тұлғаның  өзін-өзі  бақылауы,  өзін-өзі  бағалауы  негізінде  педагогикалық  үрдіске 
қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі . 
  
Компьютер  оқушылардың  өздік  жұмысын  тез  және  қарқынды  турде 
ұйымдастыруға  көмектеседі.  Мәселен,  Місrosoft  Word  мәтін  редакторында  оқушыларға 
әртүрлі жазбаша тапсырмаларды өз бетінше орындатуға бола-ды. Оқушылар компьютерде 
жетекші сөз бен мәтінді бөліп алу мүмкіндігін пайдалана отырып, мәтіннен ең негізгілерін 
тауып  алуға  үйренеді  және  осы  жинақталған  ақпараттарды  пайдалану  арқылы  қысқа 
жинақталған  дәрістік  жазып  шыға  алады.  Мұндағы  мұғалімнің  негізгі  мақсаты 
оқушылардың  қатесіз,  сауатты  жазуын  қадағалау  болып  табылады.  Жұмыстың  бұл  түрі 
оқушылардың жазба жұмыстарын орындауға қызығушылықтарын арттырады, себебі олар 
қаламның көмегімен дәптерде жазуға аса ынта танытпайды және өте баяу жазады. Бірақ, 
бұл  жазба  жұмыстарын  толық  компьютерде  орындату  дегенді  білдірмейді,  тек  баланы 
ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді. 
    
 Ақпараттық технологиялар балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қуатты 
ынталандыру  құралы  болып  табылады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  әдеби 

шығармашылықтарын арттыру мақсатында "Менің алғашқы қолжазбам", "Менің жанұям", 
"Балалық  шақ"  т.б.  жобаларға  қатынасуды  ұсынуға  болады,  балалар  мектепке  дейінгі 
өмірі, отбасы туралы әңгімелер жазады, әртүрлі жұмбақтар құрастырады. 
Сонымен  бірге  оқушыларға  шығармашылық  ойын  түрлерін  қуруға  тапсыр-ма  беруге 
болады. Оған біршама уақыт беру қажет, себебі оқушы алдына қойылған жұмысты шешу 
үшін  жан-жақты  ізденеді,  отбасымен  ақылдасады,  әртүрлі  әдебиетді  қарастырады, 
сыныптастарымен, мүғаліммен ақылдасады. 
Бастауыш  мектепте  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  мумкіндіктері  жан-
жақты.  Оқушылардың  жасаған  жұмыстарын  әшекейлетуге  де,  бейнелеу  өнері  пәнінен 
Раіnt бағдарламасында  әртүрлі суреттер салғызуға және оқу  үрдісінде әртүрлі танымдық 
ойындарды, логикалық сипаттағы ойындарды пайдалануға болады. 
Сонымен  бірге  бастауыш  мектепте  әрбір  пәнді  оқытуды  ақпараттық  технологияларға 
негіздеуге болады. Мұнда электрондық байланыс ерекше мәнге ие. 
Электрондық  байланыс  жүйелерінде  оқыту  мынадай  сұрақтардың  шешімін  табуды 
көздейді: 
   1."Нені оқыту керек?" компьютерлік жүйеге енгізілетін тақырыптарды саралау қажет. 
   2.Оны  қандай  ретпен,  тәртіппен  оқыту  керек,  тақырып  арасындағы  байла-ныс, 
сабақтастық қатаң ескерілуі қажет. 
   3."Қалай оқыту керек?" тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алған жөн. 
Осы үш сұрақтың шешімін табу ақпараттық технологиялар негізінде оқыту әдістемесінің 
негізін құрайды. 
Сонымен  бірге  мектепте  компьютерді  оқушылардың  іс-әрекетін  жедел  бақылауды 
ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Оның мынадай артықшылықтары бар: 
- әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді; 
   - тексерілушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар; 
 

компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді; 

уақытты үнемдейді; 
 

қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді; 
 

ақпараттың аздығымен ерекшеленеді; 
 

сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді; 
 
  - мұғалімнің жетекшілігі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге   
ауысады.  Осы  өзіндік  жұмыстар  арқылы  бала  алған  білім,  білік,  дағдыны  жағдайға 
тасымалдай  білуге,  талдай,  жинақтай,  нақтылай  білуге  үйретілуі  керек.  Сонда  ғана  бала 
психологиясында  өзгерістер  болып,  дамуы  ілгерілейді.  Ал  бұл  -  бүгінгі  күннің  басты 
талабы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет