1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Әдістемелік  нұсқау:  Түсіндіру  барысында  ағымдық  қайталау.  Өткен 
материалды  жаңғырту,  жаңа  және  ескі  арасында  тығыз  байланыс  орнату, 
тақырып бойынша немесе курс бойынша алған білімдерді жүйелеп жүйелеп, 
жинақтау.Өткен  материалды  жүйелеу  және  тереңдету.Стандартталған 
тестердің тапсрымалары ағымдағы қайталау тәсіліне негізделуі. 
 
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
 
Тақырып  №  10    Антикалық  және  ежелгі  дүние  тарихын  оқытудың 
ерекшеліктері . 
Мақсаты: Антикалық  және ежелгі дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамының 
дамуының барлық өрістеріне, яғни қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық 
және  мәдени  өрістерінің  өркениеттердің  бастауына,  қалыптасуына  және 
дамуына  қосқан  үлесі  мен  орасан  зор  ықпалын  студенттерге  жете  түсіндіру 
болып табылады. 
Негізгі сұрақтары: 
1.Ээкономикалық, саяси, географиялық және генеологиялық ұғымдарды. 
2.Аталған  курста  қаралатын  елдердің  даму  ерекшеліктерін:  табиғи  ортаның 
ролі, тарихи даму қарқындылығы, өзіне дейіңгі қоғамның ықпалы мен әсерін 
және оларды ажырата білуі  
3.Мемлекеттік  ұйымдасудың,  идеологиялық  және  діни  өмірдің  жаңа 
қалыптарының пайда болуы мен дамуы. 
Тапсырма: Студент тақырып бойынша сабақ жоспарын әзірлейді. 
Әдістемелік  нұсқау:  Құл  иеленушіліктің  пайда  болуы  мен  дамуы  және 
күйреуіне, оның дүниежүзілік экономикалық үрдістегі өзіндік мән-мағынасы 
бар  қоғамдық  құбылыс  сипаты  туралы  түсінік  қалыптастыру.  Адамзат 
қоғамының  одан  әрі  дамуына  бастапқы  негіз  болған  мәдени  жетістіктерге 
тоқталу.  Аталған  курстың  деректанулық  және  тарихнамалық  жүйесіндегі 
концепциялар  туралы.  Курстың  басқа  да  курстармен  тығыз  байланыста 
екендігін,  әсіресе  алғашқы  қоғам  тарихымен,  географиямен,  философиямен, 
саясаттанумен, экономикамен және т.б.тоқталу және сабақ жоспарын әзірлеу. 
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 

 
Тақырып  №  11  Ортағасырлардағы  дүние  жүзі  тарихын  оқыту 
ерекшеліктері 
Мақсат:  Феодализмнің  қалыптасуы,  дамуы  құбылыс,  заңдылықтарын 
үйретуге мүмкіндік беру. 
Негізгі сұрақтар:  
1.Ортағасырлардағы  дүние  жүзі  тарихы  сабағын  өткізуде  кез  –  келген 
тақырып бойынша сабақ жоспарын құру жолдары. 
Тапсырма:  Тапсырма:  Студент  тақырып  бойынша  сабақ  жоспарын 
әзірлейді. 
 Әдістемелік  нұсқау:  Орта  ғасырлар  кезеңіндегі  Азия  және  Африка 
елдерінің  тарихы  ежелгі  шығыс  елдерінің  тарихының  жалғасы  және  жаңа 
заман  тарихына  дейінгі  кезеңді    қамтитын  аралық  деңгейде  болғандықтан, 
жалпы  тарихтың  негізгі  оқиғалары,  процесстері,  басталуы.  Азия  және 
Африка елдерінің орта ғасырлар тарихын оқып білу ол елдердегі феодалдық 
қатынастардың дамып жетілуініңжалпы заңдылықтарынтүсінуге және Батыс 
Еуропа  елдеріндегі  процестен  біраз  ерекшелігі  бар  екендігіне  көз  жеткізуге 
мүмкіншілік  береді.  Батыс  елдеріне  қарағанда  Шығыс  елдерінде,  атап 
айтқанда  Қытайда,  Орта  Азия  мен  Закавказье  елдерінде  феодалдық 
қатынастар  ертерек  қалыптасты.  Шығыс  елдеріндегі  осы  процестің 
хронологиялық  шеңбері  бірдей  болмағандығы  бағдарламада  көрініс  тауып 
отыр.  Бағдарлама  Шығыс  елдеріндегі  жер  иелену  мен  феодалдық  салықтар 
түрлеріндегі  ерекшеліктерді  ашып  көрсетуді  көздейді.  Отра  ғасырлық  Азия 
және Африка елдерінің мәдениетіне баса назар аударылады, бұл мәдениеттің 
орта  ғасырлық  Еуропа  елдерінің  Мәдениетінен  әлдеқайда  жоғары 
болғандығын  көрсетуге  мән  беріледі.  Орта  ғасырлар  кезеңіндегі  Азия  және 
Африка 
елдерінің 
қоғамдық 
дамуының 
негізгі 
процесстерімен, 
заңдылықтарымен  таныстыру,  жеке  елдер  мен  аймақтардың  даму 
ерекшеліктерін  көрсету.  Ортағасырлық  шығыс  қоғамының  адамзат 
тарихында алатын орнын, маңызын, ерекшелігін ашып көрсету.  
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
 
Тақырып № 12 Дүниежүзінің жаңа және қазіргі заман тарихы курсының 
негізгі мазмұны 
Мақсаты: Дүниежүзінің жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудағы негізгі 
мақсаты қазіргі Дүниежүзінің жаңа және қазіргі заман тарихының дамуының 
негізгі мәселелері, құбылыстары, заңдылықтарын оқыту.  
Негізгі сұрақтар:  
1.  Дүниежүзінің  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихы  сабағын  өткізуде  кез  – 
келген тақырып бойынша сабақ жоспары. 
Тапсырма: Студент сабақ жоспарын әзірлейді 
Әдістемелік нұсқау:  Дүниежүзінің  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихының 
бөлінбес  бір  бөлшегі  ретінде  қарастырылады.  Шығысқа  тән  барлық  өзекті 
және 
маңызды 
мәселелерді 
ұлтшылдық, 
социалистік, 
исламдық 
фундаментализм, Батыс және шығыс  елдерінің алға дамуын, демографиялық 
әлеуметтік-мәдени 
дамуын 
қарастыруды 
көздейді. 
Өркениеттілік, 
формациялық  таным  жолдары  жоққа  шығарылмайды,  олардың  тиімді 

жақтары  ескеріліп,  студенттердің  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыру  жүзеге 
асырылады.  Даму  құбылысын,  заңдылықтарын  үйретуге  мүмкіндік  беруі. 
Батыс және шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихына студент баса 
назар аудара отырып сабақ жоспарын әзірлейді. 
 
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
 
Тақырып  №  13  Ежелгі  Қазақстан  тарихы  курсының  міндеттері  және 
негізгі мазмұны. 
Мақсаты: Ежелгі Қазақстан тарихының әдістемесін меңгеру. 
Негізгі сұрақтар:  
1.Ежелгі Қазақстан  тарихы сабағын өткізуде кез – келген тақырып бойынша 
сабақ жоспарын құру жолдары. 
Тапсырма: Студент сабақ жоспарын әзірлейді 
Әдістемелік  нұсқау:  Белгілі    бір  әлеуметтік  экономикалық  формацияның 
дамуына  байланысты  адамзат  тарихы  ұзақ  ұзақ  кезеңдерге  бөлінуі. 
Археологияда  кезеңдендірудің    өзіндік  әдісін  жасау.  Кезеңдер  мен 
мәдениеттерге  полеолит,  мезолит,  және  неолит  кезеңдеріне  сипаттам  беру. 
Азамзат  және  оның    шаруашылығының  қалыптасу  кезі  өндіргіш  күштердің 
төмен  деңгейінде  болуы.  Қола  дәуірі.  Егіншілік  пен  мал  шаруашылығының 
пайда  болуы.  Ежелгі  кеншілер,  металлургия  мен  құмырашылар.  Дін  мен 
өнері.  Қазақстан  территориясындағы  тайпалар  одақтары  және  ертедегі 
мемлекеттер.  Сақтардың саяси тарихы, үйсіндер, қаңлы, ғұн мемлекеттерінің 
тарихына тоқтала отырып білім дағдыларын қалыптастыру. 
Тақырып  №  14  Ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихы  курсының 
ерекшеліктері. 
Мақсаты:  Ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихы  курсын  оқытудың 
әдістемесін меңгеру. 
Негізгі сұрақтар: 
1.Ортағасырлардағы  Қазақстан    тарихы  сабағын  өткізуде  кез  –  келген 
тақырып бойынша сабақ жоспарын құру жолдары. 
Тапсырма: Студент сабақ жоспарын әзірлейді 
Әдістемелік  нұсқау:  Студент  ерте  және  орта  ғасыр  мемлекеттер  туралы 
білім дағдыларын қалыптастырады. Түрік және түргеш қанағаттары, Қарлұқ 
қағанаты,  Оғыз  мемлекеті,  Кимақ,  Қарахан  мемлекеті,  қарақытайлар, 
Наймандар  мен  керейттер  ұлысы.  Қыпшақ  хандығы,  Ұлы  Жібек  жолы 
Қазақстан 
жерінде.Қазақстан 
монгол 
дәуірінде. 
Қазақстан 
территориясындағы  этногенез  және  этникалық  процесстер.  Қазақ 
хандығының құрылуына тоқтала отырып сабақ жоспарын әзірлеу.  
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
 
Тақырып  №15  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихын 
оқытудың ерекшіліктері мен әдістемесі
Мақсаты:  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихын  оқытудың 
ерекшіліктері мен әдістемесін меңгеру. 
Негізгі сұрақтар: 

1.Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихы  сабағын  өткізуде  кез  – 
келген тақырып бойынша сабақ жоспарын құру жолдары. 
Тапсырма: Студент сабақ жоспарын әзірлейді 
Әдістемелік  нұсқау:  Cтудент  Қазақстан  Ресей  империясы  құрамында. 
Қазақстанның  ресейге  қосылуы:  кіруі,  жаулап  алуы,  отарлауына  сипаттама 
беру.  Қазақ  қоғамының  әлеуметтік  экономикалық  дамуы.  Қазақстанның 
Ресейге  қосылуы  кезіндегі  азаттық  қозғалыстарының  негізгі  кезеңдері, 
қорытындылары  мен  проблемаларын  ашып  көрсету.  Қазақстан  мәдениеті. 
Қазақстан  азаматтық  қарсыластық    кезеңінде,  тоталитарлық  жүйенінің 
қалыптасу  кезеңінде.  Ұлы  Отан  соғысы  дәуіріндегі  Қазақстан,  Қазақстан 
соғыстан  кейінгі  жылдарда,  Қазақстан  мәдени  өмірі,  Қазақстандағы 
әлеуметтік-демократиялық процестер, Қазақстан Егеменді Тәуелсіз мемлекет  
т.б. тақырыптармен таныса отырып тақырып негізінде  көрнекіліктер әзірлеу  
және сабақ жоспарын әзірлеу. 
 
Есеп беру түрі:  студент тапсырманы жазбаша орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық (СӨЖ) 
сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей 2015-2016жж. 
 

    5В020300  «Тарих»  мамандығының  4  курс  студенттеріне  «Тарихты  оқыту 
әдістемесі»  пәні  бойынша  практикалық  (СӨЖ)  сабақтарын  өткізу  үшін 
әдістемелік нұсқау құрастырылған. 
 
Құрастырушы: ________________________________________ 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік нұсқау: Студент  силлабус берілген күні бір тақырыпты таңдап 
сол тақырып бойынша курстық жұмыстық жұмыс жазады.  Алдымен студент 
ен алдымен берілген тақырыпты толықтай  аша білуі керек. Курстық жұмыс 
студенттің  ғылыми    еңбегі.  Курстық  жұмысты  жазудағы  мақсат  студенттің 
берілген  материалды  қандай  деңгейде  түсінгенін  бағалау.  Курстық  жұмыс 
алдын  ала  жасалған  жоспарға  сай  жазылады.  Курстық  жұмыс    30-35 беттен 
тұрады.  Курстық  жұмыс  кіріспеден,  негізгі  бөлімнен  және  тараудан 
,қорытынды,  пайдаланған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Курстық  жұмыс  12 
аптада қорғалып бағаланады. 
  Тандау  бойынша  жазылатын  курстық  жұмыстың  тақырыбына  сәйкес 
өзектілігін ашу. 
курстық  жұмысын  жазу  барысында  кіріспе,  тарау,  қорытынды  жасауды 
үйрену. Сабақ беру барысын инновациялық әдістерді жетілдіру. 
Курстық жұмыс тақырыптары: 
1.Қазақстандағы    білім  беру    жүйесі  және  географиялық  стандарттар 
ерекшелігі 
2.Тарихты оқыту әдістерінің түрлері және оның жіктелуі  
3.Тарихи  білім деңгейін тексеруде тест пайдалану. 
4.Қазақстандағы  мектептердің білім беру жүйесінің  даму  тарихы. 
5.Мектептегі тарихи білім беру жүйесінің  құрылымындағы өзгерістер 
6.Мектептегі тарих оқулықтарына сипаттама.    
7.Мектептегі  білім  беру концепциялары 
8.Білім беру құрылымындағы реформалар 
9.Тарихи білім беруде іскерлік ойындарды пайдалану 
10.Тарихи білім беру қағидалары 
11.Тарихи білім берудің қолданбалы міндеттері 
12.Сабаққа электрондық  оқулықтарды пайдалану 
13.Тарих пәнін оқытуда модульдік технологияны қолдану 
14.Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері 
15.Қазақстанда  тарихи  білім  берудегі  ғылыми  әдістер:  Бейнелеу  әдісі;  
Салыстыру әдісі. 
16.Тарих курсындағы инновациялық әдістер. 
17.Қазақстандағы ХХІ ғ. тарихи  білім беру. 
18.Ойын арқылы оқыту технологиясы 
19.Проблемалық оқыту технологиясы 
20.Тірек сигналдары арқылы оқыту 
21.Деңгейлік саралап оқыту технологиясы 
22.Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы 
23.Бағдарламалап оқыту технологиясы 
24.Оқытудың компьютерлік технологиясы 
25.Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы 
26.Дамыта оқыту технологиясы 
27.Сарамандық сабақ түрлері және оны ұйымдастыру формалары 
28.Тарихты оқыту үрдісінде оқушыларда білім мен іскерлік қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет