Негізгі сұрақтар
1.
Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану әдістемесін
меңгеру.
2.
Тарих кітаптарындағы иллюстарциямен жұмыс істеу тәсілдері.
3.
"Картаны оқу" шеберлігі картамен жұмыс істеу методикасы.
4.
Техникалық құралдарды тарих сабағында қолдану әдістемесін меңгеру.
5.
Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы пайдалану жолын
меңгеру.
6.
Электрондық оқулықтар, Он-лайн жүйесін оқу үрдісіне енгізу
мәселелері.
Тапсырма:
Студенттер өз қолдарымен түрлі көрнекіліктер жасау, оны
презентациялау.
Әдістемелік нұсқау:
Білім берудің жаңа талаптарына сай тарих
сабақтарын
дидактикалық-көрнекілік
жағынан
қамтамасыз
ету
ерекшеліктерін анықтау.Дидактикалық – көрнекі құралдардың қызметімен
таныстыру.Олармен жұмыс істеу жолдарын көрсету.Оқу үрдісін
ұйымдастыру барысында оларды басшылыққа алу міндеттілігін түсіндіру.
тарих сабақтарын дидактикалық-көрнекілік жағынан қамтамасыз ету,
жабдықтау жолдарымен таныстыру, көрсету. Дидактикалық-көрнекі
құралдардың маңызына тоқталу.
Есеп беру түрі: семинар сабағында ауызша жауап беру.
Тақырып №8 Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы пайдалану.
Мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиясының әдістемесін
меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1.Техникалық құралдарды тарих сабағында қолдану әдістемесі.
2. Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы пайдалану тәсілі.
3.Электрондық оқулықтар, он-лайн жүйесін оқу үрдісі.
Тапсырма: Студент тақырып бойынша тарихты оқытуда компьютерлік
техниканы пайдалануды меңгеруі тиіс.
Әдістемелік нұсқау: Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің
рөлі.Оқытудың
серпінділігі
нақтылығы
және
эмоционалдығы,
шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін үшін техникалық құралдары
пайдалану.Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру.
Тарихи процестер алтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың
артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу.
Есеп беру түрі: семинар сабағында ауызша жауап береді.
Тақырып №9 Тарихи құжаттар мен тарихи деректерді оқып үйрену.
Мақсаты: Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалған оның қоршаған
ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт –дәстүр
заттары, жазбаша ескерткіштермен танысу.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарихи құжаттар мен деректермен танысу
2.Хронологиялық дағдаларды қалыптастыру
3.Тарихи деректерінің конспектісі мен тезистерінің маңызын меңгеру
Тапсырма: Студент тақырып бойынша құжаттарды тұтастай немесе
фрагмент түрінде конспектлеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар
мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жасауды
меңгеру қажет.
Әдістемелік нұсқау: Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба
ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды. Тарихи құжаттарға сипаттама
беру. М.Н. Коваленский, А.Ф. Гартвич., Н.А. Рожковтың сабақ өткізудегі
ұсыныстары.Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабаққа таңдап алдың
өлемдеріне тоқталу. Актылық құжаттар(грамоталар, заң, жарлық, келсім
шарт, бағдарламалар.т.б.). Көркемсөз ескерткіштер (миф, мысал, шешендәк
сөздер, аңыздар,жоқтау,жырлар, эпос) сипаттама беру. Құжатты оқып үйрену
әдістемесі. Құжаттар мен жұмыс жасаудың кезеңдеріне және олар мен
танысу, жоспар құру, құжатты талдау, сұрақтарға жауап беру, бір бірін
толықтыратын ұқсас құжаттарды салыстыру, құжатқа сыни баға беру қажет.
Мысалы: «Жеті Жарғы» туралы әңгімелеп отырып, оның алдында «Қасым
ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар
жинағының болғандығын баяндай отырып салыстыру. Тезис, конспектілеу,
дегенімізне және олар қалай жүзеге асады.
Есеп беру түрі: семинар сабағында ауызша жауап беру.
Тақырып №10 Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру нысандары
Мақсаты: Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру нысандары мен
танысу және оқу дағдысын қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
1.Тақырыптық сабақты жоспарлау.
2.Сабақтың жоспары мен оның негізгі компонентері.
3.Тарих сабағындағы дидактикалық жабдықтар.
Тапсырма: Студент тақырып бойынша сабақ жоспарын әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау: Жылдық жоспардың құрылымы мен ерекшелігі мен
маңызы. Жылдық- тақырыптық жоспарлау. Мұғалім баяндаған жаңа
материалды түсіну сабақтары.Дағды мен шеберлікті қалыптастыру
білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама-жалпылау
сабақтары.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Тақырып №11 Тарих кабинеті оған қойылатын талаптар.
Мақсаты: Мектептегі тарих кабинетінің қызметі, кабинет жағдайында
тарихи білім беруді ұйымдастыру әдістерін меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарих кабинетінің негізгі элементтері, олардың сипаты
2.Тарих оқытушысының тарих кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру
жұмысы және оның компоненттері
3. Кабинет құрудың негізгі кезеңдері
Тапсырма:
Әдістемелік нұсқау: Мектептегі тарих кабинетінің оқыту процесіндегі рөлі.
Тарих кабинетін жабдықтау. Кабинет жағдайында тарихи білім беруді
ұйымдастыру. Тарих кабинетінің оқыту процесіндегі рөлі. Тарих кабинеті
жабдықтарының негізгі бағыттары. Тарих кабинетіндегі техникалық оқыту
құралдарды сабақ барысында қолдану жолдары қандай?.Мектептегі тарих
кабинеті оқушылармен жұмыс жүргізетін база ғана емес, сонымен бірге ол
мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші ретінде тоқталу. Тарих
кабинеті мектептегі қоғамдық саяси жұмыстардың да материалдық базасын
құрайды.
Есеп беру түрі: семинар сабағында ауызша жауап беру.
Тақырып №12 Тарихты оқытуда жаңашыл әдістер
Мақсаты: Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеріп, сауатты, жан-жақты білгір маман дайындау.
Студенттің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да ұстаздық келбетіннің қалыптасуына игі әсерін тигізу, өзін-өзі
дамыту, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру
Негізгі сұрақтар:
1.Тірек конспектілері.
2. Сабақта тірек конспектімен жұмыс істеу әдістері.
3. Модульдік оқыту технологиясы.
4. Модульдік оқытудың құрылымы.
Тапсырма: Cтудент сабақ жоспарын әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау: Жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама:
дамыта оқыту, дербес оқыту, модулдік оқыту, бағдарламап оқыту, тірек
белгілері мен конспектілері арқылы, ойын арқылы оқыту технолоогиясы,
жобалап оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясына тоқтала
отырып. В.Ф. Шатталовтың тірек сигналдарын қолдану. В.Б. Монаховтың
В.А.Максимова
технологияларына
сипаттама.Жаңа
оқыту
технологияларының бағыттарын білу. Жаңа оқыту технологияларын,
олардың мәні мен мазмұнын білу, оны оқыту үрдісінде қолдана алуы білуі
қажет.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Тақырып №13 Мектепте тарихты оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес
әдістері
Мақсаты: Мектепте тарихты оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес
әдістері мен танысу және оның айырмашылығын меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1.Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрінің сабақ өткізуде алатын орны
2.Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрінің ерекшелігі, қазіргі таңда
қолданылуы.
Тапсырма: студент тапсырма бойынша сабақ жоспарын әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау: Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы оқытушы
және орындаушылар оқушылар. Дәстүрлі сабақ жиі қолданылатын сабақ
түрі. Дәстүрлі сабақтың түрлері: жаңа оқу сабағы,дағдыны қалыптастыру,
қайталау сабағы, бекіту, қорытынды сабақ, аралас сабақ, практикалық сабақ,
білімді тексеру сабағы. Дәстүрлі емес оқытудың мағынасына тоқталу.
оқушылардың таным белсенділігін көрсету. сабаққа деген оқушының
қызығушылығын арттыру. Сұрақ жауап, топтық, диалогтық, құрал-
жабдықтар, интерактивті тақта Сынып ерекшеліктеріне сай жүргізе отырып,
алынған нәтижелерді саралау, пәнді игеруде пәнаралық ықпалдастық,
ғылыми-әдістемелік сипатты тереңдету. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде
оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері. Интеграциялық сабақ пән аралық
байланысты жетілдіру.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық (ОЖСӨЖ)
сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау
Семей 2015-2016жж.
5В020300 «Тарих» мамандығының 4 курс студенттеріне «Тарихты оқыту
әдістемесі» пәні бойынша практикалық (ОЖСӨЖ) сабақтарын өткізу үшін
әдістемелік нұсқау құрастырылған.
Құрастырушы: ________________________________________
Тақырып №1 Тарихты оқыту әдістемесінен тарихи ұғымдарды
қалыптастыру.
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесінен тарихи ұғымдарды меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1. Тарихты оқыту әдістемесінен тарихи ұғымдар
2.Тарихты оқыту әдістемесі бойынша терминдер.
Тапсырма: Студент тапсырма бойынша глоссарий дайындайды.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер тарихты оқыту әдістемесінен тарихи
ұғымдармен танысады. Тарихты оқыту әдістемесі бойынша терминдерге
сипаттама береді. Мысалы: «Инновация» жаңашылдық. Көптеген ғалымдар
мен педагогтардың пікірінше, «жаңашыл енгізу» болып табылады.
«Технология» бұл өнер, шеберлік, ептілік, өндеу тәсілдерінің жиынтығы.
«Эвристикалық әдіс» – арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді
өзінің танымдық іс-әрекеті дамыту. «Бинарлық әдіс» - бір-бірімен тығыз
байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою,
мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы,
есептер шығаруы, мәтінді оқуы. «Пікірталас» – танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми
көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және
өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Жоғарыда
көрсетілгендей студент тарихи ұғымдарды меңгере отырып білім
дағдыларын қалыптастырады.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Тақырып
№2
Тарихты
оқыту
әдістемесі
пәні
бойынша
библиографиялық көрсеткіштер.
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша әдебиеттермен танысу.
Негізгі сұрақтар:
1. Тарихты оқыту әдістемесінін қайнар көздері.
2.Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша деректік материалдар.
Тапсырма: Студент тапсырма бойынша библиографиялық көрсеткіштер
әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау: Студент оқытылатын пән бойынша кітапханалардағы
қорлар мен таныса отырып. Пәнге байланысы бар кітаптардың авторы мен,
атауымен, шыққан жылы мен танысып сипаттама береді. Мысалы:
Т.Тұрлығұл Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі.
Алматы, 2003 жыл. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті
мәселелер» Алматы 1990ж. т.б рет ретімен жазылады. Студент
библиографиялық көрсеткіштер әзірлеу кезінде оқу білім дағдыларын
қалыптастырады.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Тақырып №3 Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын
білім берудің негізгі көзі ретінде.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын білім
берудің негізгі көзі ретінде оқыту
Негізгі мәселелер:
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.А.,2004.
2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты.
3.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңы»
4.
Типтік оқу бағдарламалары.(2002 ж.)
5.
Оқу-жұмыс жоспары.
6.
Оқу-жұмыс бағдарламалары
Тапсырма: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын
талдап, оқу
Әдістемелік нұсқау: Білім беруді анықтайтын құжаттарға: Қазақстан
Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңы, білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар
жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен
жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып
табылады. Қазақстан Республикасы президентінің жаңа ғасыр- жаңа ұрпақ
тәрбиелеудегі ой түйіндері, білім берудегі мәселелер туралы ой толғаныс,
пікір білдіру.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша әзірлейді.
Тақырып № 4 Тарихтан компьютер арқылы істелінетін көрнекіліктер
Мақсаты:
Компьютерді пайдаланып оқуды ұйымдастыруда дидактикалық
ұстанымдардың басшылыққа алынатыны түсінікті. Оқытудың компьютерлік
технологиясының дидактикалық категорияларының өзіндік ерекшеліктері
бар, тіпті кейбір дәстүрлі ұстанымдардың аумағы кеңейіп, осы технология
кезінде ғана шын мәнінде іске асыру.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарих сабағында мультимедиялық әдістерді қолдану жолдары
2.Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі.
3Оқытудың серпінділігі нақтылығы және эмоционалдығы, шығармашылық
ойлау қабілетін реттеу үшін үшін техникалық құралдары пайдалану.
4.Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру.
5.Тарихи процестер алтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың
артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу.
Тапсырма: Студент тақырып бойынша слайд презентация әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау:
Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектеп
реформасының негізгі бағыттарына сәйкес орта білім беруді қайта құрудың
негізгі шарттарының бірі – оқытуды компьютердіру.
Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі бағытын
көрсетуге болады.
1.
Жалпы компьютерлік сауатттылықты қамтамассыз ету, мұнда
компьютер оқыту нысаны болып табылады.
2.
Компьютердің оқыту тиімділігін оқытудың құралы ретінде пайдалану,
яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді оқыту құралы болып саналады.
3.
Компьютерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінді пайдалану.
Осыған сәйкес оқытуды компьютермендірудің міндеттері қандай және
олқалай жүзеге аспақ деген сұраққа өзінен-өзі туындайды.
Оқытудың компьютерлендірудің негізгі міндеттері төмендегідей.
ғылым негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектегі
тәжірбиелік іскерлікке даярлау мақсатында барлық жастардың компьютерлік
сауаттылығын көтеру.
Жаңа ақпараттың технологияларды, есептегіш техниканы мектептегі барлық
пәндерге және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану негізінде
білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы ауызша қорғайды.
Тақырып № 5 Тарих сабағында өлкетану материалдарын пайдалану
Мақсаты:
Тарих пәнін оқытуда өлкетану материалдарын құжат-дерек көзі
ретінде оқыту негіздері және оқу үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарих сабақтарында өлкетану материалдары бойынша жұмысты
ұйымдастыру.
2. Тарихи өлкетану материалдарын пайдаланудың мақсат – міндеттері.
3.. Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын пайдаланудың маңызы.
4.Тарих пәні бойынша тарихи – этнографиялық мұражайды ұйымдастыру.
Тапсырма: Студент тақырып бойынша сабақ жоспарын әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау Тарих пәнін оқытуда өлкетану материалдарын құжат-
дерек көзі ретінде оқыту негіздері және оқу үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгеру. Өлкетану материалдарын оқыту
үрдісінде тиімді қолдану мәселелерінің теориялық негізін ашу.Тарихи
өлкетану
материалдарын
пайдаланудың
мақсат
–
міндеттерін
айқындау.Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын пайдаланудың
маңызын ашу.Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану
жолдарын анықтау.Мектепте тарих пәні бойын ша өлкетану және
саяхат туристік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін меңгеру.Тарих
пәні бойынша тарихи – этнографиялық мұражайды ұйымдастыру
жолдарын анықтап, талдау.Тарих сабақтарында өлкетанулық мақсатта сабақ
жоспарларын әзірлеу. Тарих сабағында өлкетану материалдарын қолдану
тақырыбының сапасын, тиімділігін аңықтау. Зерттеу жаңашылдығын қазіргі
білім жүйесіндегі оқушылардың білім-білік дағдысын тарих пәні бойынша
қалыптастыру.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша орындайды.
Тақырып № 6 Тарих сабағында картамен жұмыс жасау жолдары
Мақсаты: Оқыту процесіндегі картамен жұмыс, бұл әдістің қажеттігіне
көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсуі.
Негізгі сұрақтар:
1.Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих
сабақтарында картамен жұмыс істеу тәсілі.
а/ бейнелеу көрнекілік құрамымен.
б/ шартты-графикалық
в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.
Тапсырма: Студент тақырып бойынша сабақ жоспарын әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау
Тарихты оқытудағы картанын рөлі мен мәні.
Шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін оқытуда картаны пайдалану
тәртібі. Оқушылардың тарихи білім алуындағы картаның рөлі. Окушыларға
тарихи мағлұматтарды жүйелеу және оны тиімді меңгеруге көмек беру.
Мұғалімнің сабақта көтерген мәселелерге қатысты мағлұмат беру және
олардың орнын картадан көрсету. Бағдарламалық материалды меңгеру
қарқыны мен әдістерін оқушының өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша орындайды.
Тақырып № 7 Тарих курсы бойынша сарамандық жұмыстар, оларды
орындаудың әдістері
Мақсаты: Сарамандық жұмыстармен таныса отырып оларды ажырата білу.
оқу білім дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
1.Cарамандық жұмыстар және оның түрлерін ажыратып, оны орындау
жолдары мен әдіс тәсілдерін анықтау.
Тапсырма: Студент тапсырма бойынша конспект дайындайды.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарғы сыныптар арасында кең тараған оқу түрі.
Оқудың бұл түрі оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп,
түп деректермен дербес жұмыс жасауды қалыптастыру.Сарамандық жұмыс
тұтастай жаңа материалды оқып меңгеру. Қабілетті оқушыларға күрделі
мәселелерді ұсынып, қысқа хабарлама дайындау. Хабарламалар әзірлеуді
үйрену. Студенттерді топқа болу арқылы проблемалық сұрақтарға жауап алу
тәсілінің тиімділігі.
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша орындайды.
Тақырып № 8 Ақпараттық технология оны тарих сабағында қолдану
Мақсаты: Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар түрлерін сипаттап,
оны тарих сабағында қолдану ерекшеліктерін талдау.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарихты оқытуда ақпараттық технологияны қолдану әдістері.
2.Көшбасылықты және белсенділікті дамыту.
3.Ақпараттық технологияны қалыптастыру және оны дамыту.
Тапсырма: Студент тапсырма бойынша слайд - презентация әзірлейді.
Әдістемелік нұсқау: Ақпараттық технологияның мәні. Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлімдік стандартқа сай
мүделлі жаңа білім беру қажеттілігіне тоқталу.Ақпаратты алудың қазіргі
кезде көптеген көздері мен құралдарын түрлері. Оның қабілетті дамытудағы
мүмкіндіктері. Зейін, есте сақтау, ойлау.т.б. компьютерлік оқыту
технологиясы. Жобалау, ақпараттық ойындар, топтық ойын элементтерінде
ақпараттық технологияны қолдану. Қазіргі кездегіақпараттық технологиялар
оқу материалдарын иллюстарция жасау кезінде (анимациялық слайд,
фильмдер) қолдану. Түрлі ақпарат көздерін, тарихи деректердің , еңбектердің
мазмұның білу, талдау, олармен өздігінше жұмыс жасай білу.
Тапсырма: Студент слайд презентацияны ауызша қорғайды.
Тақырып № 9 Қайталау сабағын ұйымдастыру.
Мақсаты: Қайталау сабағын ұйымдастыру және оның маңызы.
Негізгі сұрақтар:
1.Тарих сабағында бөлімдерді қайталау
2.Қайталау сабағын ұйымдастыру құрылымдарымен танысу.
Тапсырма: Студент тапсырма бойынша тест сұрақтарын әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |