Қазіргі таңдағы ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт – бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата –анамен тығыз байланыс орнатып, оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт – бағдар беріп, ақылдасуға болады.
Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.
Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі:
1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.
2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.
3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.
4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, ориентация туғызады.
5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.
6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: бірінші – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші - өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдары:
Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдау болып табылады.
Олар мынадай:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
Қиялдау арқылы сурет салғызу;
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:
Мұражайға апару;
Әртүрлі кездесулер өткізу;
әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |