1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі28,11 Kb.
#127334
1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту (баяндама)

Еркін жазу не эссе жазу. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында «Сараң бай» мәтінін өткен кезде: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды», - деген сияқты оқиғаға өз пікірлерін білдіріп, эссе жазады.


Ертегі құрау. Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын, орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып жатуы керек. Алдымен «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас беріледі.
Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде – ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.
Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем сөйлейтін болды.
Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп, терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.
Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке созып, мақтанумен болады.
Ертегімен оқып танысаннан кейін ертегі желісін оқушылар өз ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма ағашы, терек, балта.
Кейіпкерге мінездеме беру де шығармашылықты шыңдауға септігін тигізетін тапсырмалардың бірі. Оқушылармәтінмен танысқаннан кейін ондағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, оған деген өз көзқарасын білдіру арқылы тілі дамып, пікірін дәлелдей білуге жаттығады. Венн диаграммасы арқылы да кейіпкерлерді салыстырып, сипаттама беруге болады.
Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлердің образына еніп сомдау да балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Елестету. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.
Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет