1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет27/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

67-сұрақ
67.Обаға қарсы костюмдерді кию тәртібі
Алдымен киімнің ішкі бөлігін киіледі (пижама, комбинезон). Одан кейін шұлық, шәркей, рәзеңке немесе тері етік киіледі. Үлкен орамалмен (капюшон) шашты, маңдайды, құлақты, мойынды жабу керек. Оба аурында арнайы киілетін халат тез шешілетіндей болып киіледі, байлағыштары сол жағынан алдыңғы жағында байланады және жеңіндегі байлағыштарда байланадыт (бантик сияқты байлау).
Мақта- дәкелі бет пердені бетіне киіп, аузын, мұрнын жабады. Бет перденің жоғарғы жағы көздің астында, ал төменгі жағы иектің астынғы жағында болады. Жоғарғы байлағыштар желкесіне байланса, ал төменгі байлағыш төбесіне байланады. Мұрынның жан жағы бет пердемен толық жабылмаған жағдайда ол жерлеріне мақта тығу керек.
Көзілдірікті кигенде мұрын үстіне, беттің бос жеріне мақта салады, ал әйнек терлемес үшін, киердің алдында оны арнайы карындашпен немесе құрғақ сабынмен сүртеді.
Одан кейін қолға резіңке қолғап кею керек және алдын- ала оның бүтіндігін тексеріп алу керек. Халаттың оң жақ беліне сүлгі ілінеді.
Оба ауруынан өлген адамды жарғанда және оны көмгенде, оба ауруында киетін киімнің бірінші толық түріне қосымша кленка алжапқыш пен жең қап пайдаланылады.
Сонымен қатар 2-ші жұп резеңке қолғап киіліп, алжапқыштың сол жақ беліне сүлгі ілінеді.
68-сұрақ
68. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптар Осы Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімін тексерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайланылады:

    1. Арнайы кәсіптік құзыреттер – белгілі бір салада еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді кәсіби қызмет үшін ұйымның басшылары мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға қажетті құзыреттер;

    2. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

    3. Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;

    4. Жалпы кәсіптік құзыреттер – еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді кәсіби қызмет үшін ұйымның басшылары мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға қажетті құзыреттер;

    5. Желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

    6. Қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

    7. Қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;



    8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет