1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет30/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

72-сұрақ
72.Құрғақ ауамен зарарсыздандыру әдісі.
Құрғақ ыстық ауамен зарарсыздандыру – бактерияларды өлтіруге жеткілікті температураға дейін құрғақ ауада зарарсыздандырылатын заттарды қыздыру арқылы микроорганизмдерді жою немесе пирогендерді жою әдісі.
Зарарсыздандырудың әртүрлі әдістері бар, бірақ медицинада құрғақ ыстық ауамен емдеу жиі қолданылады. Процедурадан бұрын ластаушы заттарды кетіру үшін дезинфекциялау және зарарсыздандыру алдындағы тазалауды жүргізу қажет. Қызметкерлер стерильді қолғап киеді. Артық ылғалдылық температурасы шамамен 85°C болатын пеште жойылады.
Ауа әдісі келесі шарттарды сақтай отырып, құрғақ пеште жүргізіледі:
180 градус – 1 сағат;
160 градус – 150 минут (2,5 сағат).
Ауа әдісі хирургиялық, гинекологиялық, стоматологиялық құралдарды, силиконды резеңке бұйымдарды зарарсыздандырады. Стерилизация алдында, стерилизация алдындағы тазалаудан кейін өнім пеште температурада кептіріледі Қаптамадағы медициналық жабдықтарды өңдеу оны 3 күн бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Орамасыз құралдар зарарсыздандырудан кейін бірден қолданылады. Кептіру шкафтарында орау материалы ретінде ылғалға төзімді қағаз қолданылады. Инелер немесе шприцтерге арналған сөмкелер поливинил спиртімен немесе крахмал желімімен желімделген.

73-сұрақ
73.Қол жууға арналған орынды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы.
Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және пайда болуы тәуекелін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлері қолдарын ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеуі қажет.
Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналы қолын тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды сақтауы қажет: тырнақты алу, қолға лак жақпау, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағат, білезік тақпау, қолды зақымдаудың болмауы, білекті киім жауып тұрмауы тиіс.
Қолды өңдеу үшін жылы ағынды су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе сулықтар пайдаланылады. Қолды өңдеу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады. Шұғыл жағдайларда немесе реанимация бөлімшелеріндегі жұмыс кезінде қолды сұйық сабынмен және сумен жуудың орнына антисептикті пайдалануға жол беріледі.

74-сұрақ
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.
Науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;
Науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;
Науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;
Науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.
Соңғы– терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет