1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет22/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ауыр протеинурия дамиды. Осындай жағдайда зәр гетрансферринде артық сүзіледі, ал, JgG үзілмейді. Осыдан несепте JgG/трансферрин арақатынасын анықтау арқылы шумақтарда сүзілудің бұзылу жолдарын жорамалдауға болады. Бұл арақатынастың 0,1-ден төмен болуы трансферриннін талғамды түрде несепке сүзілуін көрсетеді. Сондықтан бұндай протеинурияны талғамды протеинурия дейді.Нәруыздардың несепк есүзілуіне, олардың электр дәрменіне ғана емес, молекула көлеміне тосқауылдык Тетіктердің бұзылыстарынан несепте әрі трансферрин, әрі әлбумин көптеп болады. Протеинурияны талғамсыз протеинурия дейді. Бұл кезде JgG/трансферрин арақатынасы 0,1 -ден жоғары болады.Сонымен бірге, организмнің кадмий қосындыларымен уланғанында, Фанкони синдромында, кейбір тұқымқуатын аурулар кездерінде түтіктік протеинурия байқалуы мүмкін. Бұл кезде нефрон өзекшелерінде кері сіңірілудің бұзылыстары болады. Түтіктік протеинурия кезінде несепте JgG мен Бұндай Ұсақ молекулалы нәруыздар (β2-микроглобулин) басым болады және оның несеппен шығарылуы тәулігіне 2 г-нанаспайды. Протеинурия бүйрек ауруларынан басқа жағдайларда да кездесуі мүмкін. Зәрденәруыздың аз мөлшерде пайда болуы несеп өтетін жолдардың бүліністерінде де байқалады. Ол адам ұзақ уақыт түрегеп тұрғанда да дамиды. Оны ортостатикалық протеинурия дейді. Бүйрек қалыпты орнынан төмен ығысқанда (нефроптоз) біршама протеинурия байқалады. Бұл соңғы екі жағдайдағы протеинурияны ажырату қажет.Зимницкийдің әдісі бойынша несепті зерттегенде, оның адам ұйқыға жататын түнгі мезгілдеріндегі бөлшектерінде нәруыздар көрсетеді,табылмаса олор тостатикалық протеинурияны Зәрде эритроциттердің пайда болуын гематурия дейді. Ол гломерулонефрит кезінде және несеп жолдарының бүліністерінде байқалады. Гломерулонефрит кезінде нефрон шумақтары арқылы өткен эритроциттер гемолизге ұшырап, несепте олардың қабығы ғана қалады. Несеп жолдарының бүліністері кездерінде несепте бүлінбеген тұтас эритроциттер пайда болады. Несепте лейкоциттердің көп болуын пиурия дейді. Ол несеп жолдарының қабынуларын көрсетеді. Несепте цилиндрлердін болуын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет