1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет20/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Сарғыштық – өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром. Даму жолдарына қарай сарғыштықтың үш түрін ажыратады: •бауырлық немесе ұлпалық сарғыштану өт өндірілуі мен оның ішекке шығарылуының бұзылыстарынан дамиды. Ол: - бауыр жасушаларының біріншілік бүліністерінен; -өт ұзақ мерзім бауырда жиналып тұрып қалуынан; -өт өндірілуіне қажетті ферменттердің гендік ақауларынан дамиды; •механикалық немесе бауыр астылық сарғыштану: -жалпы өт өзегі ішінен бітеліп қалуынан; -ол сыртынан қысылып қалуынан дамиды. •гемолиздік немесе бауыр үстілік сарғыштану эритроциттердің артық ыдырауынан өт нілдерінің түзілуі көбеюден дамиды. Өт қышқылдарының қанға түсуіне байланысты холемиялық синдром дамиды. Бұл кезде өт қышқылдары: •кезбе жүйкенің рецепторлары мен орталығын қоздырады, жүректің синустық торабын тежейді, қан тамырларының межеқуатын әлсіретеді. •орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді. •терідегі сезімтал жүйкелердің аяқшаларын қоздырып, қатты қышыну сезімін туындатады. •эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауына, қан ұюының әлсіреуіне әкетеді. Өттің ішекке мүлде түспеуінен ахолиялық синдром дамиды. Бұл кезде ішектерде ас қорытылуы бұзылады.

19.Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары,салдарлары.
Несеп сүзілуінің көбеюі.Мына жағдайларда: ● қан сұйығында коллоидтық-осмостық қысым төмендегенде; мәселен: ♣ қатты ашығудан; ♣ несеппен көп нәруыздар сыртқа шығарылуынан; ♣ бауыр қызметі жеткіліксіздігі кезінде қан нәруыздары аз түзілуінен; ♣ организмнің гипергидратациясы кезінде қан сұйылуынан бұл қысымның төмендеуі байқалады. ● рефлекстік жолдармен шумақтардан шығатын артериолалар,вазопрессиннің артериолалар,әсерлерінен, босаңсып кеңігенде;катехоламиндердің, ангиотензиннің, әсерлерінен, тарылып, оларға енетін кининдердің, А-, Е-простагландиндердің ● шумақтардың тіректік мембранасы мен подоциттерінің өткізгіпггігі көтерілгенде несеп көп сүзіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет