1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет10/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6-дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бордовская Н.В.,Реан А.А.Педагогика.Серия учебник нового века», Санкт-Петербург,2000.

  2. Хайруллин Г.Т., Хмель Н.Д., Хан Н.Н., Мұқанова Б.Ы. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет,173-бет

  3. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата: Мектеп, 1984.

  4. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. -228б.


8.Тұтас педагогикалық үдерістің тәрбие механизмдері
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір-бірімен өзара қарым - қатынастары. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір-бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Көп уақыт бойы педагогикалық процестің тәрбиелік әсерінің мәні не екендігі, бұл мәселеге арналған ғылыми ізденістің аз болуынан түсініксіз болып келді. Дегенмен, бірқатар авторлар (К.Д Ушинский, С.Т. Щацкий, Н.К. Гончаров жіне т.б.) оқыту дегеніміз тек қана тәрбиенің құралы болады, яғни, кім жақсы оқытса, ол жаксы тәрбиелейді деген ой айтқан болатын, бұл бір қарағанда түсінікті анықтамодан ең негізгі ой түсініксіз: егер педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірлігі болса, онда тәрбиенің мақсаты, идеалды моделі және мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетерінің нәтижесі болуы үшін мұғалім не істеуі керек? Педагогикалық процестің тәрбие проблемаларын шешу мәселелерін зерттеуде біршама өз үлестерін қоскан А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак, С.Т. Щацкий сиякты ғалымдар және т.б. болды.30- жылдардың өзінде ақ тәрбиенің басты бағыты оқушылар коллективімен" байланыстырылды. Бірақ тек қана педагогикалық әдебиеттерде ғана емес, сонымен бipre мектеп практикасында да колективтің тәрбиелік мүмкіншіліктері негізінен оқудан тыс іс-әрекеттерде жүзеге асырылады деп есептелінді. Көп жылдар бойы мектеп оқушылар колективін ұйымдастыру мәселесін зерттеуте арнаған Т.Е Конникова өзінде де монографиясында 1 мектеп колективінің оқудан тыс іс-әрекеттерін баса бөліп қарастырады, бірақ, оның ойынша ошшылар коллективінің оқушы оку жұмысы барысындағы тәрбиелік күнін зерттеу арнаулы ғылыми ізденісті талап етеді.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғатімнің маңызы зор, ол үшін мүғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор, оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте-бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады, тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмендемейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды. Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко; Т.Е. Конникова ; Л.И. Новикова; М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақтастығында балаларға еркіндік берумен іс - әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе-теңдіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықгы, құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді болады. Міне бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. Бұл оқушылар арасындағы өзара қарым -қатынастары Н.К.Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатынастардың тәрбиелік рөлі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол: "ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек" дейді.
Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатынастдрдың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін. Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс -әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырьшған ерекше бір іс-әрекет ретіндегі олардьщ коллективтік қатынастары оқушыларда бір-бірін тұлғалық қабылдау мәдениетін мақсатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінің жүріс-тұрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табуымен байланысты. Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бұл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқты, тек іс-әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс-әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастықпен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.
Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді әзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек. [1]
Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар. Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі көбінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психикалық үдерістерді білуге және оларды тәрбие субьектісі ретінде сипаттауға байланысты»,- дейді. В.С. Ильин: «толыққанды жеке тұлға тек біртұтас педагогикалық үдерісте ғана қалыптасады, онда педагогикалық ықпалдың үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек», - дейді. Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету обьектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін-өзі тәрбиелеудің субьектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді. М.А. Данилов: «үнемі қозғалыс пен даму барысында қарастырылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама-қарсылықтағы құбылыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекеттестікте болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі» деп анықтама береді. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен рухани-мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады. Тәрбие қоғамдық прогресті дамытып, ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз етеді. Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.[2]
Тәрбиеге байланысты Ресей Федерациясында жеке авторлық тұжырымдамалар Е.В.Бондеревская, Н.Е.Шуркова, И.Я.Зимняя, И.М.Ильинский т.б. Қазақстанда С.Қ.Қалиевтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.А.Оразбековның, С.А.Ұзақбаеваның, Р.К.Төлеубекованың, С.Т.Иманбаеваның т.б. бүгінгі тәрбие үдерісін жандандыруға игі ықпал етуде. Ж.Ж.Наурызбайдың «Қазақстан Республикасы азаматтарына мәдени-этникалық бiлiм беру тұжырымдамасында» өзекті негізгі мәселе көп мәдениеттi тұлға деп өз мәдениетiне де, өзге мәдениетке де тәнтi адам, төл мәдениеттi терең бiлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа iргетас қаласа, көп мәдениеттi бiлу өз мәдениетiн мақтан тұтуға негiз салады деген қағиданы іске асыру көзделеді.
С.А.Ұзақбаеваның тәрбие тұжырымдамасында жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, оны эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы поэтикалық, музыкалық, сәндіқолданбалы өнер арқылы беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педагогиканың мақсатын ашып көрсетілді. Г.Қ.Нұрғалиеваның тұжырымдамасында еркiн және рухани, iзгi, адамгершiлiгi мол тұлғаны тәрбиелеу ұстананымдары негiзiнде әр жеке тұлғаның өзiндiк «Менiн» көрсету, соған дағдыландыру, қоғам алдындағы жауапкершiлiк, қоғамдық тәжiрибенi игеру, мейiрiмдiлiк, iзгiлiк қасиеттi дамыту, адамдарды табиғи қалпында қабылдау, адамдардың бойындағы жақсы рефлекстiк қасиеттердi қалыптастыруға мән берілді.
А.Миразованың тәрбиелік тұжырымдамасы. Тәрбие жаңа мазмұнға ие,оны мектептегі пән сабақтары негізінде іске асыру, бүгінгі заман талабына сай тәрбие мазмұны тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік қоғамның даму ерекшелігімен бірге ұлттық ерекшеліктер өзара бірлікте дамуы, жетілдіріліп отыру көзделген.
Ресей ғалымдарының тұжырымдамаларына негізіне тоқталатын болсақ, Н.Е.Щуркованың тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастырады. Тәрбиелік іс-әрекетті әлемдік қоғамдық қауымдастыққа кіріктірілуі арқылы ізгілендіру бағытын қолдайды. Тәрбие мазмұнында мәдени құндылықтарды жүйелі түрде сабақтастыққа іске асыруды көздейді: табиғат әлемі; адам өмірі; қоғамдық өмір; тұлғаның ішкі жан дүниесі т.б. Тәрбие іс-әрекетінің нәтижесі – тұлғаның қоршаған ортаға, мәдени құндылықтарға мақсатты бағытталған, өзін-өзі жетілдіруі деп бағалайды.
И.А.Зимняяның тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені тұлғаның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастырады. Ғалым қарым-қатынасты құндылықты қалыптастыру тетігі деп түсіндіреді. Адамның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісіне тәрбие жүйесінің 5 компонентін ұсынады: мұғалімнің тұлғасы және іс - әрекеті; тәрбиелік ортада әлеуметтік даму жағдаяттарды дұрыс ұйымдастыру; ынтымақтастық; қарым - қатынас; тәрбие субъектісінің белсенді іс – әрекеті.
И.М.Ильинскийдің тәрбие тұжырымдамасында ұрпақтар сабақтастығы негізінде тәрбие беру мәселесі қамтылады. Тұжырымдаманың мазмұны тәрбие кеңістігін құруға, тұлға мен қоғамның қызығушылықтарының бірлігі, дүниетаным мен ізгілендіру құндылықтарына негізделеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты табысқа және жеңіске жетуге ұмтылатын, өмірге икемі бар, өзгермелі жағдаяттардан шыға алатын, жауапты, іскер, белсенді азамат-тұлғаны қалыптастыру.[3]
Зерттеушілердің анықтауынша, оқу пәндерінің мазмұндарының тәрбиелік күші әсері үш кезеңмен байланысты: бірішіден, қандай дәрежеде бұл мазмұн қоғамның азды-көпті даму деңгейіне сай келетіндігі; екіншіден, оқушыларды бұл мазмұн қоғамның және адамның ойлауы мен табиғатты дамуының объективтік заңдылықтарымен қаншалықты қаруландырады және ең ақырында оқу (соның ішінде гуманитарлық) мазмұндары арқылы адамгершілік нормаларының мәні қаншалықты меңгеріледі. Әрине, оқу және оқудан тыс жұмыстардың мазмұндары оқушылардың көзқарасын қалыптастырудағы жалпы ғылыми негізін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім берудің мазмұндық жағынын тәрбиелік мағынасын мүлдем абсолюттендіруге болмайды. Демек, педагогикалық процестің негізгі тәрбиелік тетіктері оқушылардың педагогикалық процесте қалыптасқан қатынастарының кеңістіктерінен іздеу керек.
Мұғалім мен оқушылардың іс барысындағы ынтымақтастыңында балаларға дербестік берумен, оқушыларға іс-әрекеттер тәсілдерін меңгерудегі оқу барысындағы көмектің арасында өте нәзік тепе-теңдік керек. Мұғалімнің жұмысының мағынасы тек осымен ғана қорытындыланады. Балалар мұғалімнің тәжірибесі мен біліміне сенеді, олармен ақылдасуға асығады, егер олар мұғалім мен барлық кездескен жағдайларда, үлкендер тарапынан болатын сөзсіз құрметтеушілік тапса. Бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастарындағы тәрбиелік әсердің негізгі мәні болады. Тәрбие тетіктерінің мәнін зерттеу оқушылардың өзара әрекеттерінің бір-бірімен байланыстығын көрсетеді және бұл тетікте мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары болған жағдайда ғана пайда болып, өз қызметін атқарады, сондай-ақ іс-әрекеттің коллективтілік және мұқият ұйымдастырылғандығын баса көрсету қажет. В.А.Сухомлинский де көп жылдар бойғы тәжірибесінің нәтижесінде осындай қорытынды жасады.[4]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы; Ғалым, 1998.

  2. Бордовская Н.В.,Реан А.А.Педагогика.Серия учебник нового века», Санкт-Петербург,2000.

  3. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет, 164-бет

  4. Хмель Н.Д. жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. – Алматы; Ғылым, 2002. – 170 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет