1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет1/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6-дәріс


1.Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы
«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеу-меттік құнды тәжірбиесі қалыптасушы адамның сапасына айналатындығы» деген анықтама береді.[1] Сонымен бірге тағы да ол педагогикалық үдерісті: «Үнемі қозғалыс пен даму барысында қарастырылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама-қарсылықтағы құбылыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекеттестікте болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі», – деп айтты.[2]
Н.Д.Хмель «Жоғарыда айтылғандардың негізінде педагогикалық процесті өткен ұрпақтың жинаған барлық мәдени байлығын меңгерту үшін балалардың өзара әрекеттерінің мақсаты бағытталған процесі, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы ретінде түсіну керек және бұл процесс ұстаздың басшылығымен, ұстазбен, тәрбиешінің тікелей қатысуымен жүзеге асады.», - деп айтты.
Ұсынылған «педагогикалық процесс» ұғымының анықтамасы, біріншіден мазмұны жағынан өзінде оқу және сонымен бірге оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін де қамтиды; екіншіден, процестің өзінің екі жақтылық қасиетін көрсетеді; үшіншіден,
мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарының күрделілік қасиетін дәлелдейді. Яғни оқушылар мен ұстаздарда пкдагогикалық процесте бірдей нысаналар ретінде және ықпалдың субъектісі - объектісі ретінде және іс-әрекеттің субъектісі ретінде көрінеді.
Педагогикалық үдеріс - мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талап-тарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс- тәсілдерінің, дидактикалық талаптарының педагогикалық-психо-логиялық нұсқауларының жиынтығы.[3]
Педагогикалық процесс – бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті. Оның негізінде педагогикалық іс-әрекет бірлігі ретінде және белсенді қабылдау мен меңгеру білім алушылардың өз белсенділігінің нәтижесінде мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасының өзгерісі жатыр. «Педагогикалық процестің» синонимі ретінде көбіне «оқу-тәрбие процесі», «білім беру процесі» қолданылады.[4]
Педагогикалық үдеріс теориясы – болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың объектісі, іс-әрекет теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғыры, пәндердің интеграциясы туралы теориялар – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады.[5]
Педагогикалық үдеріс білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық үдеріс – бұл арнайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.[6] Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты - қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері - бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие. [7]. И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамаларының бір мақсатқа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.[8]
Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету объектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.[9] Ю.И.Бабанскийдің жүргізген зерттеуі нәтижесінде, оқыту үдерісін оптимизациялау біртұтас педагогикалық үдерістің ішінде қамтамасыз етілуі тиісті деген қорытынды жасалды. В.С.Ильин де оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру мәселесін зерттеу нәтижесінде, дәл сондай қорытындыға келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет