1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Үйренуге қабілеттілік-оқу іс-әрекеті субьектілерінің маңызды сипаттамасы



бет33/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

49.Үйренуге қабілеттілік-оқу іс-әрекеті субьектілерінің маңызды сипаттамасы.
Оқытудағы іс-әрекет субъектісі позициясы бойынша:
• мақсатты ұйғару;
• бағдарлама жасау;
• жоспарлау әрекеттері;
• жүзеге асыру;
• бақылау (өзіндік бақылау);
• бағалау (өзіндік бағалау).
Үйренуге деген мотив үш басты қызметті атқарады:
• Талпындырушы (іс-әрекетті бағыттайды);
• Бағыттаушы (мінез-қүлқын бағыттап, ұйымдастырады);
• Мән-мағыналық (іс-әрекетке жеке тұлғалық мән мен мағына беру).
Оқу іс-әрекетінің жүзеге асуына,үйренуіне көмектесетін маңызды сипаттаманы үш тұрғыдан қарастырған жөн. Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С.Л. Рубинштейн терминдерінде — ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден, бұл белгілік, тілдік, вербалдык құралдар, осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және даралық тәжірибе өндіріледі. Үшіншіден, бұл негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы оқушының даралық тәжірибесі жатады.
50. Тәрбие түрлерін жіктеу. Тәрбие әдістері, құралдары.
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет