1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Білім беру технологиялары және олардың тиімділігі



бет15/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

26. Білім беру технологиялары және олардың тиімділігі.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды.
Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады.
Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.
27. Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары.
Тенденция (латын. tendere-бағыттаймын, ұмтыламын) көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс; қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт;біреуге танылатын идея, ой.
Бірінші тенденция – еріксіздіктен, бірбеттіліктен,албырттықтан, импульсивтіліктен, ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-құлқын басқару,саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жене отырып, мақсатқа жету жолдарын алдын – ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.
Екінші тенденция – интеллектінің анализдік-синтездік функцияларын дамытуда,тұрақтандыруда,қалыптастыруда байқалады.
Үшінші тенденция – ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық,көрнекі – бейнелі формаларының абстрактілі-логикалық(теориялық ойлау) формасына біртіндеп ауысуынан тұрады.
Төртінші тенденция – әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп «интеллектуалдандырудан» тұрады. Мұнда даму психикалық функциялардың салыстырмалы автономдылығынан оларды біртұтас құрылымға шоғырландыру бағытында жүзеге асады.
Бесінші тенденция – сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі реттеуге ауысуында көрінеді,әсіресе бұл тенденция зейінді өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет