1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


) Оқытудың психологиялық негіздері



бет13/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

23) Оқытудың психологиялық негіздері.
Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.
Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
— оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
— оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
— оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
— оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
— Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;
Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
— Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;
— Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
— П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
— Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет