1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



бет1/57
Дата24.01.2023
өлшемі162,62 Kb.
#62710
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
пп


1.Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу кезінде олардың болмысының дамуын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін негіздейтін психология ғылымының бір саласы.
«Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).
Педагогикалық психологияның міндеттері:
• Оқу – тәрбие процесінде білімалушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу,анықтау;
• Білім алушылардың әлеуметтік – мәдени тәжірибені, оның құрылымын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, өзіндік санасында сақтау;
• Оқыту мен тәрбиелік әсер ету форма, әдістерінің білім алушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейлері арасындағы байланысына әсерін анықтау;
• Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;
• Дамыта оқытудың фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін анықтау;
Білімді меңгеру, заңдылықтарын, шарттарын, критерийлерін (өлшем), осылар негізінде іс-әрекеттің құрамын анықтау;
• Меңгерудің диагностикалық деңгейі мен сапасының психологиялық негізін анықтау және білім беру стандартына сәйкестендіру.
• Педагогикалық психология принциптері:
Детерминизм принципі;
• Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі;
• Жеке тұлғаның дамуы принципі және т.б.
Педагогикалық психологияның зерттейтін мәселелері:
• Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі;
• Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері;
Балалар дарындылығы мәселесі;
• Бала дамуының жүйелік сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі;
• Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі;
• Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі;
• Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі;
• Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі;
• Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі;
• Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет