1. Педагогикалық шеберлік ұғымын қалай түсінесіз?



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі15,95 Kb.
#22389
  1   2   3
Байланысты:
8-апта практикалық сабақ (1)


8-апта

1.    Педагогикалық шеберлік ұғымын қалай түсінесіз?

2.   Шебер мұғалім қанадай сапалар мен қасиеттерге ие болуы керек?

3.   Педагогикалық шеберлік туа біткен талант па, әлде жүре пайда болатын тәжірибе ме? Пікіріңізді дәлелдеңіз

4.   Педагогикалық шеберліктің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыз?

1.    Педагогикалық шеберлік ұғымын қалай түсінесіз?

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.



Педагогикалық шеберлік негізі неде?Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет