1. Педагогикалық шеберлік ұғымын қалай түсінесіз?


   Шебер мұғалім қанадай сапалар мен қасиеттерге ие болуы керек?



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі15,95 Kb.
#22389
1   2   3
2.   Шебер мұғалім қанадай сапалар мен қасиеттерге ие болуы керек?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

3.   Педагогикалық шеберлік туа біткен талант па, әлде жүре пайда болатын тәжірибе ме? Пікіріңізді дәлелдеңіз
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.

Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе білу керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырған, яғни нақты бір адамның-педагогтың өмірге көз қарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет