1. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру


Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуын талдау



бет22/84
Дата28.09.2024
өлшемі290,25 Kb.
#146085
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
Байланысты:
маманкіріспебарлық

26.Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуын талдау
Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Яғни мақал-мәтелдер, фольклорда жиі кездеседі. Мәселен, жан «бар жерде қаза бар», «Тәні саудың жаны сау» осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасын байқау қиын емес. Көшпелі ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырларын Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар т.б. жырауларынан көреміз.
С.Торайғыров: «Жан мен тән ылғи да бірлікте байланысты болады»деді. Яғни материалистік қорытынды берді. Қазақстанда жалпы ойпікірлер Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев есімдерімен тығыз байланысты.
Ш.Уалиханов: қазақ жұртының сана-сезімімен дүние танымдық көзқарасты зерделей отырып, осы халықтың рухани дүниесі жайында бағалы еңбектер жазды.
Ал, Ы.Алтынсарин: халықтың тіршілігі мен әралуан әдет-ғұрпы және салт-санасы жайлы этнографиялық еңбектер жазды.
Ш.Құдайбердиев те 1858-1931 ж «жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр» деп айтқан.
М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі 2-ші тараудың өзекті мәселесі болып жан тәрбиесі атты еңбегі болды. Онда жан көріністерін топ-топқа бөлу, ішкі сезім яки көңіл көріністерін қарастырды.
Сондай-ақ А.Құнанбаевтың қара сөздерінен, өлеңдерінен адамның мінез-құлықтарын, іс-әрекетін,адамгершілік қасиетін және сана-сезімінің қалыптасуын бейнелеген.
Ал, Ж.Аймауытов 1924-1929ж психолог ғалым болып шашылды. Оның «Тәрбие жетекші», «психология», «жан жүйесі және өнер таңдау» т.б.еңбектері болды. «психология» атты кітабы 12 тарау,102 параграфтан тұрды. Оның психология ғылымында сөз еткен тақырыбы негізінен жеке адамның даралығы, мінезі, темпераменті.
Қазақстанда жалпы дамудың кезеңдері:
1. Ауыз әдебиеті
2. Жазба әдебиеті
3. Қазіргі кездегі кезеңі болып табылады
27.Педагог-психологтардың оқушылармен өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін түсіндіру
Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты,байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды,дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Мұғалімдер мен окушылардың өзара қарым - қатынастары – ересек адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі. Мұғалім негізінен мұндай қарым - қатынасты ұйымдастыру және қолдануға біршама даяр, ол оқушыны істің негізгі өрісінде - мектепте көреді, оның жолдастары мен достарын біледі. Бұл бір жағынан, араласу үшін көп материал береді, екіншіден, мұғалімнің тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді, себебі окушылармен араласа отырып, оның өміріндегі көптеген факторларды ескере алады және соған сәйкес күнделікті тіршілікте туатын проблемаларлы шешуге көмектесе отырып, шәкірттерге ықпалын тигізеді, олай бұл проблемалардың көпшілігі оқудан, жолдастарымен араласудан, қоғам жұмысынан, яғни басқа ересек адамдарға қарағанда мұғалімге әжептеуір таныс шәкірттер өмірінің өрістерінен туындайды.
Алайда практикада мұғалімнің оқушыларымен қарым қатынасы әрдайым ұтымды қалыптаспайды. Көп жағдайда бұл әрбір педагогтың басқару стиліне тәуелді, басқаша айтқанда оның оқушыларымен өзара ықпалы құрылатын функцияларды тәрбиешінің орындау мәнерлері және тәсілдерінін түріне байланысты. Қолда бар зерттеушілерді негізге алсақ мұғалімдерде неғұрлым жиі кездесетін оқушыларды басқару стилінің бес түрін сипаттауға болады.
Басқарудың автократтық (өзі билейтін) стилінде мұғалім активке сүйенбей - ақ, ұжымды жалғыз өзі басқаруды іске асырады. Оқушыларға өзінің көзқарасын, сын ескертпелерін айтуға, инициатива көрсетуге оларға қатысты мәселелерді шешуге қатыстырылмайды. Мұғалім оқушыларға дәйекті талап қойып, оның орындалуын қатаң бақылап отырады. Басқарудың ектемдік стиліне автократтықтың негізгі белгілері тән. Бірақ мұнда оқушыларға қатысы бар ұжымдық өмірдің проблемаларын талқылауға мүмкіндік береді. Алайда мұғалім әрқашан да өзінің бағдарларына сәйкес соңғы шешім қабылдайды.
Басқару стилі мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынас жүйесінің барлығына: мұғалімнің өз оқушыларын қалай қабылдайтынына, шәкірттерімен келіспеушілігінің жиілігіне, балалар ұжымындағы психологиялық жағдайға т.б. әсерін тигізеді. Ол неғұрлым айқын, мысалы, көптеген мұғалімдердің мектеп оқушыларымен тығыз қарым – қатынас жасауына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет