1. Пән жөнінде ақпарат


Тақырып 11: Азаматтық–саяси қарсыласу жылдарындағы Қазақстан



бет6/36
Дата01.02.2023
өлшемі105,4 Kb.
#64381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022

Тақырып 11: Азаматтық–саяси қарсыласу жылдарындағы Қазақстан.
Дәріс тезистері. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары Декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алашорда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. А.Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жазған хаттарында большевиктік идеяларын сынауы. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. ҚазАКСР-ы және Түркістан АКСР-ы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З.Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық. Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.
Тақырып 12: ҰОС жылдарындағы Қазақстан
Дәріс тезистері. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет