Оқытушының А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі
Нурбекова Раушан Калымбековна қауымд. профессор, т.ғ.к.
Өскембай Әлия Акімқызы, қауымд. профессор, т.ғ.к.
Шуршитбай Бейбитгул Шуршитбайқызы Қауымд. профессор, тарих ғылымдарының кандидаты.
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)/
2. Пәннің қысқаша мазмұны: 1. Мақсаты:
Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
Міндеттері: 1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
5) қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;
Құзіреттіліктері: Педагогикалық, коммуникативтік, зерттеушілік.
1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;
2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;
5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.
6. Оқу-зерттеу жобаларын жасайды;
7. Командада және өз бетінше жұмыс істей білуді, бірлескен ынтымақтастық атмосферасын құруда көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді, кәсіби қызметті басқаруға дайындығын байқатады.