1 Пән туралы ақпарат


Тақырып 11 Сауат ашу үрдісіне немесе дыбыс пен әріпке талдау



бет10/16
Дата11.10.2024
өлшемі354,7 Kb.
#147719
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
силлабус ПиАДШ

Тақырып 11 Сауат ашу үрдісіне немесе дыбыс пен әріпке талдау
Сауаттылықа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру- ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді.
Бұрын жазушы болмаған халықтардың алфавиты мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонгетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялық нормасы да фонетиканың басты мәселелерәнің бірі болып салады.
Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейінгі кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет.
Баланы оқу мен жазуға үйрету-мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді балабақшада үйренуі керек. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке дейінгі даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады. Дұрыс берілген білім баланың бойына сіңіп, тамыры тереңге бойлайды. Әрбір баланың сауатты азамат пен азаматша болуының негізі балабақшада қаланады.
Тақырып 12 Бала тілі мен ойын дамытудың әдістері мен тәсілдері
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі шы5армашылықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? - десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы — тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәлдене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. (А.Байтұрсынов)
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі.
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. (А.Байтұрсынов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет