1 Пән туралы ақпарат
Пәннің коды мен атауы/ Наименование и код дисциплины
| MiPSLMSH Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі жетілдіру әдістері мен тәсілдері |
БББ коды және атауы / Код и наименование ОП
|
6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
|
Кредит саны / Количество кредитов
|
5
|
Курс / Курс
| 4 |
Семестр / Семестр
|
7
|
Кафедра / Кафедра
|
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы
|
Жоғары мектеп / Высшая школа
|
Педагогика жоғары мектебі
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы (сағатпен)/ Трудоемкость дисциплины (в часах)
|
Дәрістер/ Лекции
|
30
|
Практикалық (семинар) сабақтар/ Практические (семинар) занятия
|
20
|
Зертханалық сабақтар/ Лабораторные занятия
|
|
БОӨЖ / СРОП
|
|
БӨЖ / СРС
|
75
|
Пәнді өткізу уақыты және орны оқу кестесі бойынша
|
Кеңес беру уақыты – оқу кестесі бойынша
/ Время консультации - по расписанию
|
Рейтинг кестесі: 7 және 15 апта / График рейтинга: 7 и 15 недели
|
Оқытушының А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі /
Макшиева Гульмира Курманбаевна
|
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail) / 87077013688
gulmira_mak@mail.ru
|
2. Пәннің қысқаша мазмұны.
Мектепке баланың дайындығы – балабақшадағы және үйлеріндегі тәрбие мен оқытудың сапалы көрсеткіші. Егер бала өз уақытында мектепке даярланбаса, мектептегі оқу әрекетіне өту сатысында елеулі қиындықтардың кездесуі сөзсіз.Сондықтан, мектепалды даярлықты ескерген дұрыс, алдымен баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры бала мен педагогтың бірлесуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі керек.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның психикасының қалыптасып, даму ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу" түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз орнын дұрыс таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс қалыптастыра білу.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу. Баланың мектепке дайындығы қаншалықты дәрежеде екенін анықтау, балалар психологиясының негізгі мәселесі. Соңғы уақытта бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселені шешудің жолы баланың жеке-тұлғалық, жас ерекшелігін дұрыс ескеруден басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |