Тақырып 5 Балаларды бірінші сыныпқа бейімдеу ерекшеліктері Мектепке келу әр баланың өміріне өзгеріс енгізеді. Мектепте оқуды бастау оның барлық өміріне үлгі. Мектепке дейінгі шақта оның өмірінде ойын маңызды болса, енді ол шектеулі және көптеген талаптар, міндеттермен толықты: енді бала күн сайын мектепке барады, жүйелі және күш сала еңбектенеді, күн режимін сақтайды, мектеп өмірінің түрлі ережелері мен нормаларына бағынуы, мұғалімнің талабын орындауы, сабақ үстінде нақты мектеп бағдарламасымен айналысуы, уақытылы үй тапсырмасын орындауы- оқу жұмысында жақсы жетістікке жеткізеді. Көптеген «болады», «болмайды», «тиісті», «дұрыс», «дұрыс емес» деген сөздер бірінші сынып оқушысына әсер етеді. Бұл ережелер сол мектеп өмірін ұйымдастыруға, баланы жаңа оқу әрекетіне баулуға арналған. Талап және ереже кейде баланың қызығушылығын жояды. Бұл талаптарға бала бейімделуі керек.
Әлеуметтік- педагогикалық аспектіде бейімделу дегеніміз- өзгермелі микроәлеуметтік орта жағдайында неғұрлым барабар мінез- құлық түрлерін қалыптастыру болып табылады.
Мектепке бейімделе алмау ұғымы бірнеше мағынада болып, мысалы «оқуға бейімделудің бұзылуы» (В.В. Ковалев), «оқушы тұлғасының мектептегі оқуда орныққан, өзгеріске түсетін шарттарына бейімделудің бұзылуы» (М.Ш. Вроно), немесе «баланың әлеуметтік- психологиялық және психофизиологиялық міртебесінің мектептегі оқу жағдайының талаптарына сәйкес келмейтінін дәлелдейтін белгілерінің жиынтығы» (С.А. Беличева) және т.б. деген түсініктер береді.
Тақырып 6 Сабақты ұйымдастырудың негізгі формалары Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.