1. Пән туралы ақпарат


-тақырып. Тəрбиенің формалары мен құралдары



бет9/34
Дата23.07.2023
өлшемі209,4 Kb.
#104656
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
1. Пән туралы ақпарат-emirsaba.org

2-тақырып. Тəрбиенің формалары мен құралдары
ТПҮ-нің қозғаушы тетіктері ретінде тəрбиенің құралдары, формалары,
əдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тəуелділігі. Оқушылармен тəрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару жəне өзін-өзі басқару формалары; танымдық формалары; қызықтырушылық формалары жəне т.б.
Тəрбие құралдары: тəбиғат, қарым-қатынас, материалдық жəне рухтық құндылықтар, жарыс, ұжым, іс-əрекет т.б. Тəрбиелік іс-əрекетті тиімді ұйымдастыру шарты ретінде құрал, форма,
əдістердің өзара байланысы. Тəрбие құралдарын, формаларын жəне əдістерін анықтаудағы мұғалімнің кəсіптік құзыреттілігі.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар, формалар, əдістер


3-тақырып. Тəрбие əдістері
Тəрбие əдістері туралы түсінік. Тəрбие əдістерінің психологиялық негізі.Тəрбие əдістерін жіктеу жəне оларды дайндаудың өлшемдері. Тұлғаның санасын қалыптастыру əдістері. Тұлғаның тəжірибесі мен мінезқұлық мəдениетін қалыптастыру əдістері. Мінез-құлық пен іс-əрекетті ынталандыру əдістері. Бақылау жəне өзін-өзі бақылау əдістері. Тəрбиенің
инновациялық интербелсенді əдістері жəне тəрбие технологиясы Тəрбие əдістерін қолданудың педагогикалық шарттары. Педагогикалық шығармашылықты көрсету ретінде тəрбиенің əдістерін сұрыптау. Оқушының тəрбиелігінің диагностикасы жəне тəрбиелілік көрсеткіштері.
Негізгі ұғымдар: əдіс, тəрбие əдістерін жіктеу,тəрбие технологиясы, инновация, оқушының тəрбиелігінің диагностикасы.


4-тақырып. Отбасы тəрбиесінің негіздері
Отбасы – бала тұлғасын əлеуметтендірудің факторы жəне белсенді субъектісі. Отбасы тəрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасы тəрбиесінің ізгіліктік жəне этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері. Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Отбасындағы
педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тəрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, əдістері. Педагогикалық үдерістің негізгі бағыттары. Отбасы тəрбиесінің қазіргі мəселелері. Отбасындағы тəрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы. Ата-ананың педагогикалық мəдениеті. Ата-аналардың білім беруді басқаруға қатысуы. Отбасы жəне мектептің ынтымақтастығының формалары.
Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық жəне отбасылық тəрбие, отбасындағы педагогикалық үдеріс, ата-аналардың педагогикалық белсенділігі, ынтымақтастық түрлері, отбасы жəне мектептің тəрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы, отбасы құзыреттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет