Игисинова Жамал Турсынгожақызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
87052160669
igisinova.j@mail.ru
2. Пәннің қысқаша мазмұны: Мақсаты: студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын көрсету, микробиология саласындағы жаңалықтардың әлемдік көзқарасын және әлеуметтік этикалық маңыздылығын айқындау болып табылады.
Міндеттері: Микроағзалардың ашылу тарихымен кең көлемде таныстыру; Микробиология ғылымының негізгі проблемаларының теориялық зерттеулерін дамыту; Тарихи даму процессінің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін түсіне білу. Биологияының барлық салаларында жинақталған материалдарды эволюциялық позициядан түсіндіре білуге үйрену.
Компетенции Курсты игеру нәтижесінде студенттер микробтар әлемі жайында, олардың тірі табиғаттағы орнын, микроорганизмдердің негізгі қасиеттерін, классификация принциптері, микроорганизмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін, олардың практикада қолданылуын білуі қажет. Мектептер мен үйірмелерде көрнекті тәжірбиелерді қою, санитарлы - гигиеналық шараларды ғылыми деңгейде жүргізуді игеру қажет. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдермен жұмыс істеу әдістеріне, микроорганизмдерді бөліп алу мен дақылдауды практикалық дағдыларына, микроорганизмдермен жұмыс істеу ережелерін сақтауға, су, ауа, топырақ және тағамдық өнімдерді микробиологиялық анализдеу әдістеріне дағдылануы қажет