1. Пән туралы ақпарат


- тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары



бет4/23
Дата16.10.2023
өлшемі61,12 Kb.
#116271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1. П н туралы а парат

4 - тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мəні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы. Үздіксіз білім алу - тұлғаның кəсіби сұранысқа ие болу жəне болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кəсіби іс-əрекетіндегі үздіксіз білім алудың мəні.
Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кəсіби-тұлғалық дамуындағы жəне өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара əрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
Əртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі. Педагогтың сөйлеу мəдениеті – кəсіби іс-əрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің тəрбиелік жəне білім берушілік əсері. Кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері. Педагогтың кəсіби өзін-өзі тəрбиелеуін ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, əдістері. Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тəрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тəрбиелеуіндегі рөлі. Өзін-өзі тəрбиелеудің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кəсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы рөлі. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің нормасы жəне түрі. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі – оның өздігінен білім алу іс-əрекетінің нəтижесі.
Негізгі ұғымдар: үздіксіз білім беру, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, «Ментұжырымдама», сөйлеу мəдениеті, сөйлеу техникасы, өзін-өзі тəрбиелеу, кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу, өзін-өзі тəрбиелеу əдістері, педагогикалық рефлексия, өздігінен білім алу, өздігінен білім алу əдістері, өздігінен білім алу құзіреттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет