1. Пән туралы ақпарат



бет3/23
Дата16.10.2023
өлшемі61,12 Kb.
#116271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1. П н туралы а парат

4. Пәннің постреквизиттері «Пәндерді оқыту әдістемесі», педагогикалық және диплом алды іс-тәжірибелер дипломдық жұмыс және т.б. жазу кезінде пайдалануы мүмкін.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар





Пән тақырыптарының атауы

Апта 21

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағат саны

Сабақ түрі бой ынша аудитория лық емес сағат саны

Барлығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

І бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе

1

Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдық рөлі. Жаһандану процессі және білімге шақыру ретінде

1

1

1

1

5

8

2

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

1-2

2

2

2

7

13

3

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі

3

2

1

1

5

9

4

Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары

4

2

1

2

5

10

ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері

1

Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде

5

3

1

2

5

11

2

Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері мен əдістері

6

2

2

2

5

11

3

Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы

7

3

1

2

5

11

ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы

1-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістің жүйе құрушы компоненттері

1

Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні жəне құрылымы

8

2

1

2

5

10

2

Тəрбиенің мақсаты, оның əлеуметтік тұрғыдан негізделуі

9

1

1

2

3

7

3

Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі




1

2

2

5

10

2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбие

1

Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің мəні мен мазмұны

10

1

1

1

3

6

2

Тəрбиенің құралдары мен формалары

11-12

2

2

2

6

12

3

Тəрбиенің əдістері

12

1

2

2

5

10

4

Отбасы тəрбиесінің негіздері

13

1

2

2

5

10

3-тарау. Оқыту -- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі

1

Оқыту үдерісінің маңызы

14

2

2

2

6

13

2

Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері

15

1

2

2

5

9

3

Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы
механизмі ретінде

16

1

2

2

5

10

4

Сабақ – оқытудың негізгі формасы

17




2

1

5

10

5

Оқыту əдістері

18

2

2

1

5

10

6

Оқытудағы диагностика жəне бақылау

19

1

2

1

4

8

7

Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-əрекетін
белсендендіру

20

3

2

2

5

12

8

Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі оқыту технологиялары

21

2

2

1

5

10




Барлығы

21

30

20

25

75

150



6. Дәріс сабақтарының мазмұны


І бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
1 - тақырып. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Заманауи мəдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің əлеуметтік мəні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық ретінде. Білім беру үдеріс жəне нəтиже ретінде. Білім беру жүйе ретінде. Білім беру – адамның тұлғалық жəне кəсіптік дамуының факторы.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нəтижеге жəне жеке тұлғаға бағдарлануы. Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Білім беру саласындағы өзгерістерге əсер ететін факторлар. Дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары. Үздіксіз, ашық білім беруге ауысу – қазіргі білім берудің дамуындағы жетекші дүниежүзілік тенденциялардың бірі. Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты. Білім беру саясатының қағидалары. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Жалпы орты білім беру – білім беру жүйесінің базалық бөлігі жəне білім алушылар тұлғасының зияткерлік əлеуетін, функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі. Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері. Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі мектептер. Қазақстан
Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы. 12-жылдық орта білім беру моделі. Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы жəне қазіргі уақытта орта білім міндеттерін шешудегі рөлі.
Негізгі ұғымдар: білім беру, білім беру парадигмасы, əлемдік білім беру кеңістігі, білім берудің дамуындағы тенденциялар, білім беру жүйесі, жалпы орта білім беру, инклюзивті білім беру, тұлғаның зияткерлік əлеуеті, функционалдық сауаттылық.


2 - тақырып. Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы
Кəсіп жəне мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы жəне қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы. Педагогикалық іс-əрекеттің кəсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі жəне тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кəсіби талаптар жəне оның құқықтары мен міндеттері. Педагогикалық іс-əрекет – əлеуметтік іс-əрекеттің ерекше түрі. Кəсіби педагогикалық іс-əрекеттің мəні, құрылымы мен мазмұны. Мұғалім іс- əрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. Педагог-мұғалім жəне тəрбиеші іс-əрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-əрекеттің функциялары. Педагогикалық іс-əрекеттің ұжымдық, шығармашылық, ізгілік, көпфункционалдық сипаты. Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-əрекетінің функционалды түрлері. Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің педагогикалық іс-əрекетінің стилі.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кəсіп, квалификациялық сипаттама, профессиограмма, кəсіби стандарт, педагогикалық іс-əрекет, түрлері, функциялары, кəсіби-педагогикалық біліктіліктер, кəсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық шығармашылық.
3 тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялықпедагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдері. Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі. Қазіргі əлеуметтік-мəдени жағдайлар жəне олардың жеке тұлғаға əсері. Тұлғалықбағдарлық білім беру тұжырымдамасы. Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогтық кəсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну болашақ мұғалімнің кəсіби жолды таңдауындағы жəне кəсіби өзін-өзі жетілдіруіндегі жетекші мотивтер ретінде. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негізі. Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың авторитеті. Бағыттылық - педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттері жəне оның ерекшеліктері. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мəселесі. Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы. Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың əлемдік тенденциялары. Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту. «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тəсілі», «мұғалімнің кəсібипедагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мəні. Кəсіби құзыреттілік жəне педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың шарттары жəне негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары. Мұғалімнің кəсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары. ХХІ ғасырдағы ұстаз моделі.
Негізгі ұғымдар: тұлға, тұлғалық қатынастар, тұлғалық-бағдарлық білім беру, болашақ мұғалім тұлғасы, іс-əрекет объектісі жəне субъектісі, мұғалім тұлғасының кəсіби-маңызды қасиеттері, құзыреттілік, құзырет, құзыреттілік тəсілі, кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет