Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және психология-педагогикалық даярлық кафедрасы
«Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас» пәні бойынша
ЭССЕ
Тақырыбы: «Педагогикалық техникадағы қарым-қатынас техникасы»
6В01101- Педагогика және психология мамандығы
ПжП-21-21 тобының студенті: Қуан Д.Т.
Қабылдаған: Қуанышбекова А.Н.
Қарағанды 2023
Жоспар
Педагогикалық техника туралы түсінік
Қарым-қатынас техникасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Педагогикалық техникадағы қарым-қатынас техникасы
Қарым- қатынас - педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым-қатынас - бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік - психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, өзін-өзі бекіту.
Педагогтың міндеті -оқушыларға өзіндік "Менін" тануға жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терең сезінуі, тұлғаның болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.
Қарым-қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда көрінісберетін заттың іс-әректтің тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттік белгілері белсенділік, идеяшылдық , еркіндік, ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.
Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның
пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады. Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді.
Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.
Педагогикалық қызметпен байланысты қарым - қатынас - бұл оқытудың міндеттерін шешудің құралы, әлеуметтік - психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі, педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы.
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым - қатынас ұйымдастыруда, қарым – қатынас серігіне әсер ету етуінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуында көрініс табады.
Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға
сәйкес қалыпты қарым -қатынас технологиясын қолданады, соның
көмегімен педагогикалық әрекеттті ұйымдастырырады.
Педагогикалық қызметтің нәтижелілігі көбінесе, мұғалімнің Педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру деңгейімен
анықталады.
Педагогикалық тәжірибеге жасалған талдау оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешудегі өрескел қиындықтар мұғалімнің балалармен қатынасты дұрыс ұйымдастыра алмауынан туындайды.
Қарым-қатынас техникасының құрылымына ең алдымен педагогтің сөз техникасы мен мәдениеті кіреді. Ертеде Я.А. Коменский педагог сөзін
жоғары дәрежеде игеру керек деп санаған. Оның пікірінше, педагогтің тілі
анық және нақты, мәнерлі, ашық және балаларға жағымды болуы тиіс.
Ал, тіл мәдениетіне келсек бұл педагогтің рухани байлығының маңызды көрсеткіші ғана болып қоймай, сонымен қатар жеке тұлғаның
қалыптасуындағы зор құрал болып табылады. Педагогтің тілі әрқашан баланың реакциясын ескеру керек. Егер педагог қарым-қатынастағы серіктестің реакциясын көңілге алмаса онда, оның тілі әсерлілігін жоғалтады. Логикалық екпін және тіл әуенділігі, пауза, ритм, темптің үйлесімі ойдың қозғалысын, дамуын, оның логикалық орталыққа талпынысын туғызады.
Егер атақты педагогтардың қарым-қатынасты ұйымдастыру бойынша тәжірибесін қорытатын болсам, балаға шын қызығушылық көрсету бұл ең маңызды қадам. Баламен әрекеттестікте өзіңізді үзілмес қатысушы ретінді сезініп, байқағыштықты дамыта білу керек. Екіншіден, баланы іштей түсіну, өзіңді баланың орнына қоя білу мен оны жеке тұлға ретінде қабылдау да қатар жүреді. Міне осы талаптар кәсіби шебер педагогтың қарым-қатынас техникасында міндетті.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мирза Н. В., Маженова Р.Б. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас: ЖОО-ның студенттеріне арналғаноқу құралы. Алматы: Эеро, 2014.-160б.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |